Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны



бет8/19
Дата17.06.2018
өлшемі2,33 Mb.
#43161
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
2.1.1.6 Инновациялар және инвестициялар

Инновациялар. 2012 жылдан бастап облыста инновацияларды дамыту және енгізу бойынша ғылыми-техникалық кеңес жұмыс істейді. 2013 жылғы қарашада өңірлік инновациялық жүйені құру және дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Аталған құрылымдардың негізгі міндеті – жұмыс істеуін талдау және жүйені жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу, инновациялық қызмет-ті дамыту.

Өңірлік инновациялық жүйенің негізгі элементтері жұмыс істейді: «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мем-лекеттік университетінің (бұдан әрі – ПМУ) Өңірлік инновациялар және техно-логиялар трансферті орталығы, Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі, Инновациялық Еуразиялық университеттің Инновациялық технологиялар орта-лығы және Венчурлік қоры, «Ауыл шаруашылығының Павлодар ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғылыми-техникалық бөлімшесі, облыс өнеркәсіптік кәсіпорындарының ғылыми бөлімшелері («Қазхром» ТҰК» АҚ-ның АФЗ, «ҚА» АҚ, «Ромат» ФК» ЖШС, «Павлодар» АЭА, «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ).
Өңірдің инновациялық қызметін дамыту

пайызбен

Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

1

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны-нан инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі

5,5

6,4

6,9

2

ЖӨӨ жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесінің ұлғаюы

6,4

4,7

4,7


2014 жылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың санынан облыстың инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі 6,9%-ды (республика бойынша – 8,1%), инновациялық өнім көлемі – 83 070,6 млн. теңгені құрады.

2014 жылы жүргізілген Павлодар облысының өңірлік ғылыми-техноло-гиялық форсайты қорытындысы бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңге өңірде инновацияларды дамытудың негізгі тәуекелдері анықталды:

қаржыландыруға мұқтаж нағыз инновациялық жобалар тапшылығының туындауы;

екінші деңгейлі банктердің инновациялық жобалармен, әсіресе кепіл беру жағдайында емес стартаптар және қызмет көрсету саласының компаниялары-мен байланысты тәуекелдерді көтеруге дайын еместігі.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар. 2012-2014 жылдар ішін-де облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,3 есе өсті.

2014 жыл ішінде облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция-лар 353,1 млрд. теңгені немесе 2013 жылға қарағанда 121,2%, соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне – 127,8 млрд. теңгені (125,7%) құрады. Инвестициялар салу жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамытуға және жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік туғызды.

Облысқа негізгі капиталға салынатын инвестициялардың республикалық көлемінің 5,4%-ы тиесілі.
Инвестициялық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

1

Негізгі капиталға салынатын инвести-циялар, млн. теңге

263 513,4

276 245,9

353 111,7




өткен жылға қарағанда, %

120,7

100,1

121,2

2

ЖӨӨ-дегі негізгі капиталға салынатын инвестициялардың үлесі, %

17,2

15,6

20,1

3

Халықтың жан басына шаққандағы не-гізгі капиталға салынатын инвестиция-лардың өсу қарқыны, %-бен

126,5

104,3

127,3

4

Негізгі капиталға салынатын сыртқы инвестициялар, млн. теңге

92 347,0

97 109,1

120 433,6

5

Негізгі капиталға салынатын инвести-циялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға салынатын сыртқы инвести-циялардың үлесі, %

35,0

35,2

34,1


2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда ЖӨӨ-дегі негізгі капиталға салынатын инвестициялардың үлесі 2,9 пайыздық тармаққа өсті және 20,1%-ды құрады. Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы көлеміндегі не-гізгі капиталға салынатын сыртқы инвестициялардың үлесі 0,9 пайыздық тар-маққа төмендеді және 34,1%-ды құрады. Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсу қарқыны оң серпінмен сипатталады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында бұрынғыдай кәсіпорындардың меншікті қаражаты басым. Бұл ретте, 2012-2014 жылдар ішінде кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың меншікті қаражатының жал-пы жұмсалымдар көлеміндегі үлесі 62,7-дан 50,1%-ға дейін, қарыз капиталы 13,4-дан 8,8%-ға дейін азайды. Бюджеттік инвестициялардың үлесі 11,3-дан 17,3%-ға дейін, шетелдік капиталдың үлесі 12,6-дан 23,8%-ға дейін өсті.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың салалық құрылымында ең үлкен үлес салмақ өңдеу өнеркәсібіне – 36,2% (2012 жылы – 30,0 %), электр энергетикаға – 29,0% (2012 жылы – 35,5%), тау-кен өндіру өнеркәсібіне – 7,9% (2012 жылы – 8,4%), көлік және қоймалауға – 12,0% (2012 жылы – 5,4%) тие-сілі.

Жалпы күрделі қаржы жұмсалымының құрылымында үлестің төмен-деуіне қарамастан, сыртқы инвестициялардың көлемі 2012 жылы 92,3 млрд. теңгеден 2014 жылы 120,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

Бұған мынадай жобаларды іске асыру ықпал етті:

«Бозшакөл ТКБК-ны салу», «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС. Инвести-циялар көлемі – 406,0 млрд. теңге. Пайдалануға енгізу 2015 жылғы желтоқсанға жоспарланды;

«ЕГРЭС-2» ЖШС-ны кеңейту және қайта жаңарту», «ЕГРЭС-2 стансасы» АҚ. Инвестициялар көлемі – 227,3 млрд. теңге. 2017 жылы пайдалануға енгізі-леді.

Соңғы 3 жыл ішінде өңдеу, тау-кен өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына, электрмен жабдықтауға салынатын инвестициялардың көлемі тұрақты өсуде.

2015 жылғы 8 ай ішінде негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға салынатын сыртқы инвестициялардың үлесі 42,0%-ды құрады.

Сыртқы инвестицияларды ұлғайту мақсатында қытай инвесторларымен жұмыс жүргізілуде. Мысалы, қазақстан-қытай ынтымақтастығы шеңберінде инвестициялардың жалпы сомасы 3 887,0 млн. АҚШ доллары болатын «Еура-зиаттық топ» ЖШС компаниясының екі инвестициялық жобасын іске асыру бойынша уағдаластық бар.

Оның ішінен жетекші орынды Екібастұз қаласы, одан кейін Павлодар және Ақсу қалалары, одан ары Баянауыл және Павлодар аудандары алады.

2015-2019 жылдары Павлодар облысында Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ) шеңберінде инвес-тициялар көлемі 1,2 трлн. теңге болатын 24 жобаны іске асыру жоспарлануда, соның ішінде: республикалық маңызы бар 4 жоба, өңірлік маңызы бар 20 жоба. Бұл ретте 5,8 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Өңірдің инвестицияларды тарту бойынша одан арғы қызметі экономика-ның басымды секторларында ірі инвесторлар үшін саралап жіктеу әдісін көздейтін шетел және ішкі инвесторлар үшін жаңа ынталарды ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.

Күшті жақтары:

өңірлік инновациялық жүйенің қолданыстағы элементтері болуы: ЖОО, ҒЗИ, инжинирингтік компаниялар;

технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің болуы;

техниканы және технологияларды дамыту бойынша бөлімшелері бар ірі кәсіпорындардың болуы;

инвестициялардың оң серпіні;

инвестицияларды тарту жөніндегі агенттіктің болуы.

Осал жақтары:

ғылым мен өнеркәсіп арасындағы осал байланыс;

бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

бірыңғай оператордың болмауы: ғылым, өнеркәсіп және университеттер арасындағы жеткіліксіз өзара іс-қимыл;

қаржы қаражатының жетіспеушілігі және кәсіпорындардың төмен техни-калық дайындығы;

қолданыстағы заңнама шеңберінде Инвесторларға қызмет көрсету орта-лығының шектеулі мүмкіндіктері;

бизнесте және жергілікті органдарда мемлекеттік-жеке меншік серіктес-тік (бұдан әрі – МЖС) жобаларын әзірлеу, іске асыру және басқару бойынша тәжірибенің аздығы.

Мүмкіндіктер:

орталық мемлекеттік органдармен: Инвестициялар және даму министр-лігімен, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік – инновацияларды да-мыту мәселелерінде, Қазақстандық индустрияны дамыту институты – өнер-кәсіпті дамыту мәселелерінде, KAZNEX INVEST – экспортты дамыту мәсе-лелерінде өзара іс-қимылды кеңейту;

«100 нақты қадам» Ұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде өнеркәсіпті, инвестицияларды және инновацияларды дамытудың стратегиялық бағдарлары;

инвестициялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізу шеңберінде инвести-цияларды дамыту үшін жаңа ынталандырулар мен институттарды іске қосу;

ЕАЭО, ДСҰ кіруге байланысты сыртқы инвесторларды тарту.

Қатерлер:

қаржыландыруға мұқтаж нағыз инновациялық жобалар тапшылығының туындауы;

екінші деңгейлі банктердің инновациялық жобалармен, әсіресе кепіл беру жағдайында емес стартаптар және қызмет көрсету саласының компаниялары-мен байланысты тәуекелдерді көтеруге дайын еместігі;

сыртқы экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты инновация-ларды дамытуға бюджеттік шығыстардың қысқаруы;

әлемдік экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты сыртқы инвесторлардың ерекше ықыласының өзгеруі;

ескірген сауда форматтарының төмен бәсекеге қабілеттілігін тоқтату;

шетел инвесторлары үшін мемлекеттік қолдау шараларының шектеулігі;

сыртқы жағдайлардың өзгеруіне (қаржы-экономикалық тұрақсыздық, сая-си және әлеуметтік өзгерістер) және жобаны пысықтаудың төмен сапасына орай жеке серіктестердің өз міндеттемелерін орындамауы.

Өңірде инновацияларды дамыту проблемалары:

қаржы қаражатының жетіспеушілігі және кәсіпорындардың төмен техни-калық дайындығы, инновациялық технологиялар және инновациялық өнімге сұраныс туралы ақпараттың болмауы, инновацияларға жоғары шығындар.

бірыңғай оператордың болмауы. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құры-лымдаушы әзірлеулер мен инновациялық жобаларды іске асырудағы ғылым, өнеркәсіп және университеттер арасындағы жеткіліксіз өзара іс-қимыл, өңірлік инновациялық жүйенің элементтері арасында осал үйлестіру.

Инвестициялар бойынша проблемалық мәселелер: жеткілікті дамымаған инфрақұрылым, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде инженерлік-техникалық қызметкерлер мен шағын мамандықтар қызметкерлерінің төмен біліктілігі, МЖС жобаларын басқарудағы тәжірибенің жоқтығы.
2.1.2. Әлеуметтік сала

2.1.2.1 Білім беру

Павлодар облысының білім беру жүйесі әлеуметтік сектордың базалық салаларының бірі болып табылады.

Облыстың білім беру саласы 407 жалпы білім беретін мектеппен
(405 мемлекеттік, бір жеке, химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зият-керлік мектебі»), 50 колледжбен, 160 балабақшамен және 270 шағын орталық-пен берілген.
Білім беру саласының негізгі көрсеткіштері

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға қарағанда (ауытқу)

1

2

3

4

5

6

1

Мектепке дейінгі тұрақты ұйымдар саны

415

429

430

15

2

Олардағы балалар, мың адам

36,6

37,9

38,3

1,67

3

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер саны

411

406

405

-6

4

Олардағы оқушылар саны, мың адам

88,1

87,3

89,7

1,5

5

Колледждер саны

52

50

50

-2

6

Олардағы оқушылар саны, мың адам

28,1

25,9

23,9

-4,18


2012-2014 жылдар кезеңі ішінде 18 балабақша ашылды. Нәтижесінде орташа республикалық көрсеткіш 73% болған кезде 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамту 100%-ға жетті.

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы саны
2014 жылдың соңында 405 бірлікке қысқарды. Негізгі себептері – халықтың ауылдық жерден қалаға көші-қоны, халықтың туу деңгейінің төмендеуі.

Облыста 400 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді. Бұл ретте 49 АЕМ-де мектеп жоқ, онда мектеп жасындағы балалардың құрамы 5 және одан көп баланы құрайды, оқушыларды сапалы білім берумен қамтамасыз ету мақсатында мектеп-интернаттарда тұру орнын және мектепке әкелуді ұйымдастыру көзделген. Мектепке әкелу үшін техниканың 82 бірлігі пайдаланылады. Орта білім берумен қамту 100%-ды құрайды.

Облыс қалаларындағы мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны
2012 жылмен салыстырғанда 4,8%-ға ұлғайды және 2014 жылы 22 мектепті құрады. Балаларды қамту қалалық мектеп оқушыларының (58 239) барлық санынан 29,5%-ды құрады, 2012 жылы – 27,9%.

Облыста білім беру сапасын жақсарту мақсатында мектептерді заманауи компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және кең жолақты Интернетке қол жеткізуі бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл 2012 жылдан бастап бір компьютерге оқушылар санын 9-дан 6-ға дейін, ауылдық жерде – 8,8-ден 4,9-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Облыста 1,6 млн. теңге сомаға 139 білім беру объектісі, соның ішінде «ЖҚ2020ЖК» шеңберінде 815,9 мың теңге сомаға 64 объекті (2012 жылы – 1,5 млн. теңгеге 110 объект, 2013 жылы – 1,3 млн. теңгеге 140 объект) жөнделді.

Облыста Ертіс ауданының Қызылағаш ауылында бір апаттық мектеп болды. Облыстық бюджеттен апаттық мектептің орнына 100 орынға арналған мектеп салуға 364,5 млн. теңге бөлінді. Пайдалануға енгізу 2015 жылғы қыр-күйекте жүзеге асырылды.

Облыс мектептерінде 11 248 педагог жұмыс істейді, ауылдық жерде – 6 555, бұл 2012 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 271 және 350 адамға аз. Жоғары педагогикалық білімі бар оқытушылардың үлесі – 86,8% (2012 жыл – 85,1%), ауылдық жерде – 83,1% (2012 жыл – 81,1%).

Соңғы жылдарда білім беру ұйымдары жұмыстарының сапалы көрсет-кіштері жақсарды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі – ҰБТ) 2014 жылы 4 440 түлектің (72,3%) 3 211-і қатысты. Павлодар облысы орташа балл бойын-ша 6 рейтингтік орынды алады – 79,9 балл, бұл өткен жылдардың деңгейінен жоғары (2012 жыл – 74,93%, 2013 жыл – 76,6%).

2014 жылы жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдар-ламаларын ойдағыдай меңгерген түлектердің үлес салмағы 65,2% құрады
(2012 жылы – 63,6%), қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша – 67,6%
(2012 жылы – 65,8%).

2014 жылы облыстың олимпиадалық қозғалыс қатысушылары «Үздік олимпиадалық команда» құрмет атағына ие болды. Команданың есебінде
251 медаль бар (2012 жылы – 173, 2013 жылы – 202), соның ішінде халықара-лық жарыстардың жүлдегерлері – 73 оқушы (2012 жылы – 56, 2013 жылы – 60).

Облыста 0-ден 18 жасқа дейінгі 168,8 мың бала тұрып жатыр, оның іші-нен дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балалар – 6 342 (балалардың жалпы саны-нан 3,7%), соның ішінде мүгедек балалар – 1 748 (мүмкіндігі шектеулі балалар-дың жалпы санынан 27,6%).

8 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттарда және мектептерде 1 095 бала оқиды (мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 26,4%). Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіби білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ) 233 ұйымы кедергісіз орта жағдайына ие.

ТжКБ оқу орындарында 23,9 мың адам оқуда (2012 жылы – 28,1 мың адам, 2013 жылы – 25,9 мың адам), соның ішінде мемлекеттік білім беру тапсы-рысы бойынша – 12,4 мың адам (немесе 63,5%) (2012 жылы – 14,2 мың адам, 2013 жылы – 13,1 мың адам). Кадрларды даярлау 86 мамандық (137 біліктілік) бойынша жүзеге асырылады. Техникалық, технологиялық және ауыл шаруа-шылық мамандықтар бойынша 13,7 мың адам (немесе жалпы құрамнан 57,2%) оқуда.

2014 жылы белгілі бір жастағы жастарды ТжКБ-мен қамту үлесі 19,4% құрады (2012 жылы – 20,9%, 2013 жылы – 19,4%), бұл жоспарланған индика-торларға сәйкес келеді.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

балабақшалар желісін ұлғайту және шағын орталықтар ашу;

балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтудың өсуі;

ҰБТ көрсеткішінің жыл сайынғы өсуі;

ТжКБ ұйымдарының желісі сақталды;

ТжКБ оқу орындарының жұмысқа орналастырылған түлектері үлесінің ұлғаюы;

инклюзивті білім беру дамуда.

Осал жақтары:

бөбекжай топтары бойынша балалар мектепке дейінгі ұйымдарына кезек-тілікті сақтау;

білім беру ұйымдарының жеткіліксіз материалдық-техникалық жарақтан-дырылуы, соның ішінде жаңа түрлендіру кабинеттерімен, арнайы техникамен және құрал-жабдықпен; заманауи компьютерлік техникамен.

Мүмкіндіктер:

мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орын тапшылығының азаюы;

білім беру ұйымдарының жарақтандырылуы, соның ішінде Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа түрлендіру кабинет-терімен, бюджет есебінен жаңа балабақшалар мен мектептер салу;

ТжКБ жүйесін жаңғырту;

инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.

Қатерлер:

саланы жеткіліксіз қаржыландыру білім беру ұйымдарының материалдық және техникалық базасының едәуір тозуына әкеледі.

Проблемалар:

балалардың қысқа мерзімді келу шағын орталығының толық күндізгі келу шағын орталықтарына өзгерту қажеттілігі;

мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жеткілікті жағдайлардың болмауы;

14-24 жастағы жастарды орта кәсіби білім берумен қамту үлесінің төмендеуі.

Жастар саясаты

Павлодар облысында 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастағы 173 515 адам тұрады (облыстың барлық халқынан 23%).

Облыста қоғамдық құрылымдар жұмыс істейді: Облыс әкімінің жанын-дағы жастар саясаты және патриоттық тәрбиелеу жөніндегі, жұмыс істейтін жастардың, жас ғалымдардың, жас мемлекеттік қызметшілердің кеңестері. Ұқсас кеңестер қалалар мен аудандарда жұмыс істейді.

Жастарға қызмет көрсету орталығы жас адамдарға жеті бағыт бойынша сервистік көмек көрсетеді. 2012-2014 жылдар ішінде жастар ресурстық орталы-ғы әртүрлі сервистік бағыттар бойынша 20 мыңнан аса әлеуметтік қызметтер, 2015 жылғы I жартыжылдық ішінде – жастар үшін 3,6 мың әлеуметтік консуль-тациялар көрсетті. Жастарға қызмет көрсету орталығында жастар еңбек биржа-сы жұмыс істейді, ол жүйелі негізде тұрақты және уақытша (сағаттап, ішінара) жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді. 2012 жылы жастар жұмыс-сыздығы 5,2%-ды, 2013 жылы – 6%-ды, 2014 жылы – 2,7%-ды, 2015 жылғы
1 жартыжылдықта – 2,3%-ды құрады.

2012-2014 жылдары 58,0 мың адамды жалпы қамтумен 182 жастар әлеу-меттік маңызы бар жоба іске асырылды, 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 70 мың адам үшін 77 жоба жоспарланды.

Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде жастарды әртүрлі жастар қозға-лысымен қамту 1,5 есе ұлғайды. Егер 2012-2014 жылдар кезеңінде жастар қоз-ғалысы 184 іс-шара өткізген болса, онда 2015 жылы 200 іс-шарадан аса іске асыру жоспарланды.

Өңірде қазақстандық жастарды әлеуметтендіру мәселелерінде сыртқы және ішкі тәуекелдер бар, оның айналасына барлық жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам институттарының күші шоғырлануы тиіс.

Күшті жақтары:

облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталы-ғы құрылды;

облыс қалалары мен аудандарының барлық ауылдарында және ауылдық округтарында жастармен жұмыс істеу бойынша мамандар анықталды;

жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырыл-ған жастардың саны ұлғаюда;

іс-шарамен қамтылған жастардың саны ұлғаюда;

аяқталған суицид фактілері санының төмендеуі.

Осал жақтары:

тұрғын үйге мұқтаж жастар мен жас отбасылардың жалпы саны;

жас отбасылар арасындағы ажырасудың жоғары пайызы;

денсаулығы бойынша тәуекел аймағында тұрған жастардың көп саны;

жергілікті телеарналарда жастар телехабарларының, әлеуметтік бейне-роликтердің болмауы.

Мүмкіндіктер:

ресурстық орталық инспекторлары және ауылдық әкімдіктердің әдіскер-лері үшін топтық семинарлар өткізу;

жауынгерлерді жұмысқа орналастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінетін квоталардың ұлғаюы;

кешенді іс-шаралар санын ұлғайту;

суицидтік көріністер тақырыптарына семинарлармен, дәрістермен қам-тылған жастар санының ұлғаюы;

жастар тұрғын үй кешендерін дамыту, аз қабатты тұрғын үй құрылысын дамыту, жер телімдерін мақсатты бөлу үшін жағдайлар жасау;

электрондық және баспалық БАҚ-та жастар бағдарламаларының, хабар-ларының, әлеуметтік бейнероликтерінің ұлғаюы.

Қатерлер:

табиғи өсім және ішкі көші-қон есебінен халық санының жыл сайынғы артуы, сонымен бірге тұрғын үйге қажеттілік те артуда (кезекке тұрғандар тізімінде жас отбасылар, жас мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйым-дардың қызметкерлері бар – адам саны екі санат бойынша 5 мыңнан аса);

тек қана 2015 жылғы 1-жартыжылдық ішінде жас отбасылар арасында 1 144 ажырасу тіркелді (некелердің жалпы санынан 46%);

2015 жылғы 1-жартыжылдық ішінде 6 316 жас отбасы денсаулығы бойынша тәуекел аймағында тұр (жастардың жалпы санынан 4%).

Жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, шешуді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер бар: жастарды мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жас адамдарға тұрғын үйді сатып алуға немесе ұзақ мерзімді жалға алуға қолдау көрсету; жастарға арналған мемлекеттік бағ-дарламалар мен жобаларды түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыстың төмен деңгейі.

Сонымен бірге жастарды әлеуметтендіру барысы, оны қоғамдық-саяси өмірге тарту патриотизмнің құндылықтарына негізделетін болады.
2.1.2.2 Денсаулық сақтау

2015 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша Павлодар облысының аума-ғында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ми-нистрлігі жүйесінің 370 медициналық объектісі, соның ішінде 48 заңды тұлға, 23 аурухана ұйымы, 5 диспансер, 13 амбулаториялық-емханалық ұйым және
7 өзге де медициналық ұйым жұмыс істейді. Бұдан басқа орталық аудандық ауруханалар мен емханалардың құрамына мынадай бөлімшелер кіреді: ауыл-дық аурухана – 1, дәрігерлік амбулатория – 67, фельдшерлік-акушерлік пункт-тер – 24 және медициналық пункттер – 230.

2015 жылдан бастап паллиативтік көмек ауруханасы ашылды.

2015 жылғы маусымнан бастап кардиохирургиялық орталық пен № 2 қа-лалық аурухананы біріктіру арқылы облыстық кардиологиялық орталық құрыл-ды.

Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы «Жекешелен-дірудің кейбір мәселелері туралы» № 190/6 қаулысына сәйкес облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жеке секторға берілді.
Облыс халқы денсаулығының негізгі әлеуметтік маңызды көрсеткіштері

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

1

Ана өлім-жітімі, 100 мың тірі туылған балаға шаққандағы оқиғалар

15,5

15,4

15,5

2

Сәби өлім-жітімі, 1 000 тірі туылған балаға шаққандағы оқиғалар

9,25

8,74

8,34

3

Қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітім, 100 мың тұрғынға шаққанда

158,02

145,29

142,65

4

АИТВ таралуы (15-49 жас тобындағы жұқпалар) 0,2%-0,6% шегінде

0,4

0,33

0,346


Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші. Соңғы 3 жыл ішінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткішін 2,8%-ға ұлғайтуға қол жеткізілді. 2012 жылы күтілетін өмір сүру көрсеткіші 68,84 жасты құрады, 2013 жылы осы көрсеткіш 70,19 жасты, 2014 жылы көрсеткіш 70,76 жасты құрады.

Павлодар облысы күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші бойынша республикада он екінші орында. Республика бойынша ұқсас көрсеткіш
2012 жылы – 69,61, 2013 жылы – 70,45, 2014 жылы – 71,62 құрады.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші барлық өмірі ішінде әрбір жас санатындағы өлім-жітім деңгейіне тәуелді.

Соңғы 3 жыл ішінде облыста жалпы өлім-жітім көрсеткіші 8,7%-ға төмендеді және 2014 жылы 1 000 тұрғынға шаққанда 9,87 құрады (2012 жыл – 10,81). Республика бойынша осы көрсеткіш 11%-ға төмендеді және 2014 жылы 1 000 тұрғынға шаққанда 7,57 құрады (2012 жыл – 8,51).

Сәби өлім-жітімінің көрсеткіші 9,8%-ға төмендеді және 2014 жылы
1 000 тірі туылғандарға шаққанда 8,34 құрады (2012 жыл – 9,25). 2014 жылы республикада сәби өлім-жітімінің көрсеткіші 9,72 құрады, бұл Павлодар облы-сы бойынша көрсеткіштен 16,6%-ға жоғары.

Сонымен бірге, өңірде қан айналымы жүйесі ауруынан болған өлім-жітім көрсеткіші жоғары болып қалуда – 100 мың тұрғынға шаққанда 240,63 (респуб-ликада – 168,98), қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім жітім – 142,65 (респуб-ликада – 91,36).

Соңғы үш жыл ішінде облыста 60 жас және одан жоғары жастағы халық үлесінің ұлғаюы үрдісі бақылануда. Мысалы, 2012 жылы осы жас санаты 13,25%-ды, 2013 жылы – 13,44%-ды, 2014 жылы – 13,73%-ды құрады, бұл ха-лықтың өлім-жітімі бойынша тәуекел факторларына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет