Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны



бет1/19
Дата17.06.2018
өлшемі2,33 Mb.
#43161
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




Павлодар облыстық мәслихатының

(V сайланған ХLVІ сессиясы)

2015 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 398/46 шешімімен бекітілген




Павлодар облысының аумағын

дамытудың 2016-2020 жылдарға

арналған бағдарламасы
Мазмұны


1.

Паспорт

3-10

2.

Ағымдағы ахуалды талдау

11-113

2.1

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

12-109

2.2

Орта мерзімді перспективада Павлодар облысының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелі басымдықтары мен мүмкіндіктерінің, тежейтін факторлардың, негізгі проблемалар-дың, тәуекелдердің кешенді сипаттамасы

109-113

3.

Негізгі бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары және оларға қол жеткізу жолдары

114-160




1-бағыт: Экономика

114-126




2-бағыт: Әлеуметтік сала

127-144




3-бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

145-146




4-бағыт: Инфрақұрылым

147-153




5-бағыт: Экология және жер ресурстары

154-159




6-бағыт: Мемлекеттік қызметтер

159-160

4.

Қажетті ресурстар

161



1. Паспорт


Атауы

Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы


Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемле-кеттік жоспарлау жүйесі туралы» № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
4 наурыздағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жос-парлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» № 931 Жарлығы


Өңірдің негізгі сипаттамасы

Павлодар облысы 1938 жылы қаңтарда құрылды. Аумағы – 124,8 мың шаршы шақырым. Облыс республиканың солтүстік-шығысында орналасқан және Шығыс Қазақстан мен Қарағанды (оңтүстігінде), Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен (батысында), сондай-ақ Ресей Федерациясының үш экономикалық дамыған өңірлерімен: Омбы (солтүстігінде), Новосібір (солтүстік-шығысында) облыстарымен және Алтай өлкесімен (шығысында) шек-теседі

Облыстың халқы – 755,8 мың адам, қала халқының саны 70,1%-ды, ауылдық – 29,9%-ды құрайды

Облыс орталығы – Павлодар қаласы

Облыста 10 ауылдық аудан, 3 қала, 3 кент, 148 ауылдық округ бар

Облыста республиканың барлық өнеркәсіптік өндірісінің 6,0%-ға жуығы шоғырланған. Облысқа өндірілетін тас кө-мірдің 59,2%-ы, өңделетін электр энергиясының 43,2%-ы, ферроқорытпа өндірісінің 77,1%-ы, мұнай өңдеу өнімдері-нің 10,7%-ы, жер балшығының республикалық өндірісінің барлық көлемі тиесілі

Облыс Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешенінде жетекші орындардың біріне ие. Мұнда елдегі көмірдің теңгерімдік қорының 35,7%-ы, никельдің 16%-ы, алтын-ның 5,2%-ы, мыстың 3,7%-ы шоғырландырылған. Пайдалы қазбалардың бекітілген қорымен барлығы 139 кен орны бар

Бағыттары

Экономика

Әлеуметтік сала

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп Инфрақұрылым

Экология және жер ресурстары




Мемлекеттік қызметтер

Мақсаттары

Өңірдің серпінді өсуін қамтамасыз ету, халықтың жақсы тұрмысын жақсарту үшін облыстың салықтық әлеуетін арттыру

Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөне-ркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Бизнестің экономикалық белсенділігі өсуі үшін қолайлы орта құру

Өңіраралық кооперацияларды дамыту үшін жағдайлар жасау

Өңір экономикасына инвестицияларды тартуды ынталан-дыру және өңірдің инновациялық дамуын жандандыру

Білім берудің сапасын және қолжетімділігін жақсарту

Жастардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің іске асырылуын қамтамасыз ету

Облыс халқының денсаулығын жақсарту

Облыс халқын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қа-лыптастыру

Облыс кәсіпорындарында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету

Халықтың мәдениет саласы қызметтеріне деген қажеттілік дәрежесін ұлғайту

Бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту

Облыс туристік брендінің танымалдығын арттыру және ішкі туризмді дамыту

Облыста мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыруды арттыру

Қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардан болатын залалдарды азайту

Ақпараттық қоғамға көшу үшін ақпараттық коммуникация-лық технологияларды дамыту

Тұрғын ұй құрылысын дамыту

Мүгедектер мен халықтың басқа аз ұтымды топтарының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау

Көлік коммуникациялық кешенді дамыту

Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қызмет етуінің сенімділігін қамтамасыз ету

Қоғамның тұрмыс-тіршілігі үшін қолайлы қоршаған ортаның сапасын арттыру

Жер телімдерін ауыл шаруашылығы айналымына тарту және ауыспалы егіс үлесін арттыру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру


Нысаналы индикаторлар

2020 жылғы нысаналы индикаторлар:

жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі – 103,6%;

халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 2 600,1 мың теңге/адам;

жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес төлемдердің өсу қарқыны – 107,0%;

өңдеу өнеркәсібінің өнімін шығарудың нақты көлем ин-дексі – 101,5%;

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі – 37,0 мың АҚШ доллары/адам;

өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауар-лар көлемінің экспорт үлесі – 86,0%;

металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі – 100,3%;

металлургиялық саладағы еңбек өнімділігінің 2012 жылғы деңгейге қарағанда ұлғаюы – 122,8%;

металлургиялық өнім экспортының ұлғаюы – 103,0%;

металл кендерін өндірудің нақты көлем индексі – 100,0%;

машина жасау саласының нақты көлем индексі – 100,3%;

машина жасау саласындағы еңбек өнімділігінің 2012 жыл-ғы деңгейге қарағанда ұлғаюы – 100,2%;

өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінің нақты кө-лем индексі – 103,0%;

өзге металл емес минералды өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігінің 2012 жылғы деңгейге қарағанда ұлғаюы – 120,0%;

құрылыс материалдары экспортының өсімі, 2012 жылға қарағанда %-бен – 120,0%;

химиялық өнеркәсіптің нақты көлем индексі – 100,5%;

химия саласындағы еңбек өнімділігінің 2012 жылғы дең-гейге қарағанда ұлғаюы – 110,0%;

химиялық өнеркәсіп өнімі экспортының өсуі – 100,0%;

мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі – 100,0%;

негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі – 105,0%;

жеңіл өнеркәсіптің нақты көлем индексі – 103,0%;

жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 2012 жылғы дең-гейге қарағанда ұлғаюы – 104,0%;

электр энергиясы өндірісінің көлемі – 43,1 млрд. кВт/сағ;

электр энергиясы өндірісінің көлемін ұлғайту – 95,4%;

ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынатын ин-вестициялардың нақты көлем индексі – 110,0%;

тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынатын инвестициялардың нақты көлем индексі – 105,0%;

ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мал басының үле-сі: ірі қара мал – 45,0% және ұсақ қара мал – 38,0%;

тұқымды өзгеруге қатысушылардың үлесі: ірі қара мал – 27,0% және ұсақ қара мал – 3,5%;

мерзімін бұзумен берілген субсидиялар үлесін төмендету – 0%;

тіркелгендердің жалпы көлеміндегі шағын және орта кәсіп-керліктің қолданыстағы субъектілер үлесі – 93%;

бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 107,2%;

сауда алаңы 2 000 шаршы метрден кем емес сауда объекті-лерінің санын ұлғайту (қызмет түрі «Бөлшек сауда») – 2 бірлік;

басқа өңірлерге жіберілген өндірілген өнім көлемі (50-ден аса адам саны бар өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша) – 312,6 млрд.теңге;

басқа облыстың резиденттерінен және резидент еместерден сатып алынған тауарлардың жалпы көлеміне қарағанда басқа өңірлерден сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (50-ден аса адам саны бар көтерме сауда кәсіпорындары бойынша) – 70,0%;

халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салы-натын инвестициялардың өсу қарқыны – 105,6%;

негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы кө-леміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі – 35,0%;

2015 жылға қарай шикізат емес секторының негізгі капита-лына салынатын инвестициялардың өсуі (мемлекеттік бюд-жеттен берілетін инвестицияларды қоспағанда) – 115,0%;

инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі – жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан 20,0%-ға дейін;

жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту – 6,7%;

әзірленген құжаттама бойынша оң қорытынды алған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының санын ұлғайту және олар бойынша конкурс жариялау – 5;

қолданыстағы апаттық және үш ауысымдық мектептердің саны – 0 бірлік;

мектеп түлектері арасында жаратылыстану-математика пәні бойынша оқу бағдарламасын үздік (өте жақсы/жақсы) меңгер-ген оқушылардың үлесі – 61,0%;

мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан балалар-ды инклюзивті білім берумен қамту – 46,2%;

балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту (3-6 жас) – 100,0%; соның ішінде мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдардың желісін дамыту есебінен – 100%;

мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының және оқуды бітірген-нен кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі – 68,0%;

белгілі бір жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіби білім берумен қамту үлесі – 17,6%;

жалпы орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік желі нормативіне сәйкес қызмет етуін қамтамасыз ету – 99,7%;

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET (NEET – ағылшын. Not in Education, Employment or Training) үлесі – 4,9%;

14-тен 29 жасқа дейінгі жастағы халықтың мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуымен қанағаттану деңгейі – 87,0%;

100 мың тірі туылғандарға шаққанда ана өлім-жітімін төмендету – 12,6%;

1 000 тірі туылғандарға шаққанда сәби өлім-жітімін төмен-дету – 6,7%;

100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісік өскіндерінен бола-тын өлім-жітімді төмендету – 138,7%;

15-49 жас аралығындағы адамның иммун тапшылығы ви-русының таралуы, 0,2-0,6% шегінде – 1,3%;

жұмыссыздық деңгейі – 4,8%;

әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – 5,3%;

жастар жұмыссыздығының деңгейі – 4,1%;

жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген адам-дардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі – 71,0%;

жүгінген нысаналы топтардың қатарынан тұрақты жұмыс-қа орналастырылған адамдардың үлесі – 60,3%;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке қа-білетті жастағы жұмысқа орналасқан мүгедектер саны – 220 адам;

заңды тұлғалар тартатын шетел жұмыс күшінің құрамын-дағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетел жұмыс күшін тартуға квота бойынша) – 45%;

тірек ауылдық елді мекендердегі халық санының өсуі – 47,0 мың адам;

шекара маңындағы аумақтарда орналасқан тірек ауылдық елді мекендердегі халық санының өсуі – 8,5 мың адам;

атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарынан еңбекке қабілеттілердің саны – 25,0%;

табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі – 1,8%;

арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлға-лардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан) – 100,0%;

жеке сектор субъектілері (соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қам-тылған адамдардың үлесі – 13,9%;

өндірістік жарақаттану деңгейі (1 000 адамға шаққанда жа-затайым жағдайлардың жиілік коэффициенті) – 0,5;

анықталған бұзушылықтардың жалпы санына қарағанда еңбек заңнамасының жойылған бұзушылықтарының үлес салмағы – 97,5%;

1 000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына келушілер-дің (келудің) орташа саны: кітапхана – 580,0, театр – 81,0, концерттік ұйымдар – 70,4, мұражай – 309,0;

дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі шұғылданатын азаматтарды қамту – 30,7%;

балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, дене дайындығының спорт клубтарында дене тәрбиесі және спортпен шұғылда-натын 7-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту – 25,5%;

өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм (резиденттер) бойынша орналастыру орындары қызмет көрсеткен келу-шілер санын ұлғайту – 103,0%;

өткен жылмен салыстырғанда шығу туризмі (резидент еместер) бойынша орналастыру орындары қызмет көрсет-кен келушілер санын ұлғайту – 104,0%;

өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-орындары-ның санын ұлғайту – 104,0%;

мемлекеттік тілді меңгерген ересек халықтың үлесі – 95,0%;

ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі – 20,0%;

үш тілді меңгерген ересек халықтың үлесі (мемлекеттік, орыс және ағылшын) – 15,0%;

азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарды оң бағалайтын халықтың үлес салмағы – 86%;

этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат-ты оң бағалайтын халықтың үлесі – 95,6%;

көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы – 17,0%;

жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санын төмендету (100 зардап шеккенге шаққанда) – 5,7 бірлік;

кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы – 3,6%;

бұрын қылмыс жасағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы – 29,0%;

төтенше жағдайларға қарсы инфрақұрылымның қамтама-сыз етушілік деңгейі – 90,0%;

100 тұрғынға шаққанда телефон байланысының тіркелген желілерінің тығыздығы – 34,9 бірлік;

Интернетті пайдаланушылар үлесі – 70,8%;

халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі – 80,0%;

құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 101,7%;

пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы – 163,4 мың ш.м.;

әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетім-ділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі – 100,0%;

жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 81,0%;

жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің үлесі – 0%;

күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету – 23%;

қалалардағы қолжетімділік: орталықтандырылған сумен жабдықтауға – 100%, су бұруға – 86%;

ауылдық елді мекендердің қолжетімділігі: орталықтан-дырылған сумен жабдықтауға – 69%, су бұруға – 19,6%;

жаңғыртылған желілердің ұзындығы: жылумен жабдықтау – 8,9 шақырым, электрмен жабдықтау – 70 шақырым;

жалпы ұзындығынан жаңғыртылған желілердің үлесі: жы-лумен жабдықтау – 1,0%, электрмен жабдықтау – 1,5%;

олардың қалыптасуына қарағанда қатты тұрмыстық қал-дықтарды кәдеге жарату үлесі – 0%;

облыс халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтермен қамту – 80%;

экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орнының жалпы санынан) – 2%;

нормативтік ластайтын заттардың көлемі: атмосфералық ауаға шығарындылар – 0,971 млн. тонна, су объектілеріне тастаулар – 0,085 млн. тонна;

жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемле-кеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап-тар ауданы – 90,15 мың га;

жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемле-кеттік орман қоры аумағында бір орман өртінің орташа ауданы – 0,01 мың га;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауда-нынан ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жер-лердің үлесін ұлғайту – 10,1%;

жыртылған жерлер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (егіс-тік ауыспалы егіс) – 6,0%;

табиғи жайылым жерлер құрамындағы жайылымның үлесі (азықты ауыспалы егіс) – 10,0%;

жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру – 99,3%.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет