Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны



бет3/19
Дата17.06.2018
өлшемі2,33 Mb.
#43161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
2.1.1.2 Өнеркәсіп

Өнеркәсіп Павлодар облысы экономикасының негізін құрайды.

Мұнда облыстың жұмыс істейтін халқының 35%-ы қамтылған және об-лыс ЖӨӨ-нің 35,4%-ы жасалады.

Аумақты дамыту бағдарламасының бірінші кезеңін (2011-2014 жылдар) іске асыру кезеңінде республиканың өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі өңірдің үлесі өзгерген жоқ және 6,0%-ды құрады.

Тұтас алғанда өнеркәсіп құрылымы шикізат салаларының, яғни аралық өнімдер (көмір, жер балшық, ферроқорытпалар) шығаратын кәсіпорындардың басымдығымен сипатталады. Олардың үлесі орташа алғанда 50%-ды құрайды. Электр энергетикасының үлесі жоғары (25,0%), оның өнімі шикізат пен тұты-нушылық тауар арасында аралық орында.
Павлодар облысы өнеркәсібінің құрылымы

пайызбен

Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жылғы қаңтар-тамыз

1

2

3

4

5

6

1

Өнеркәсіп, барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0




соның ішінде:













2

тау-кен өнеркәсібі

8,4

7,8

10,2

9,7

3

өңдеу өнеркәсібі

68,3

71,9

63,8

64,0

4

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

21,5

19,2

25,0

25,0

5

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, суды жинау мен үлестіруді бақылау

1,8

1,1

1,0

1,3


2012-2014 жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісінің салалық құрылымында электр энергетика үлесі (21,5%-дан 25,0%-ға дейін) және тау-кен өндіру сала-сының үлесі (8,4%-дан 10,2%-ға дейін) ұлғайды.

Өңдеу саласының үлесі керісінше 4,5 пайыздық тармаққа азайды және 63,8%-ды құрады.

Облыстың жүйе құраушы 15 кәсіпорнының өнеркәсібінде: «Богатырь Көмір» ЖШС (бұдан әрі – «БК» ЖШС») (көмір өндіру), «Майкөбе-Вест» ЖШС (көмір және лигнит өндіру), «Еуразиат энергетикалық корпорациясы» АҚ (бұ-дан әрі – «ЕЭК» АҚ) (көмір, электр, жылу энергиясын өндіру), «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты (бұдан әрі – «Қазхром» ТҰК» АҚ АФЗ) (ферроқорытпа өндіру), «Қазақстан алюминийі» АҚ (бұдан әрі – «ҚА» АҚ) (жер балшық, электр энергиясын шығару), «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (бұдан әрі – «ҚЭЗ» АҚ) (өңделмеген алюминий өндіру), «Майқайыңалтын» АҚ (түсті металлдар кенін өндіру және өңдеу), «KSP Steel» ЖШС (жіксіз құбырлар және болат өндіру), «Кастинг» ЖШС Павлодар фи-лиалы (болат шығару), «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ (бұдан әрі – «ПМЖЗ» АҚ) (крандар және металл конструкциялар өндіру), «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (бұдан әрі – «ПМХЗ» ЖШС) (мұнай өнімдерін өндіру, бумен және сумен қамтамасыз ету), «Қазэнергокәбіл» АҚ (сым өнімін шығару), «Павлодарэнерго» АҚ (электр, жылу энергиясын өндіру), «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ (бұдан әрі – «ЕГРЭС-2 стансасы» АҚ) (электр, жылу энергиясын өндіру), «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС (бұдан әрі – «ЕГРЭС-1» ЖШС) (электр энергиясын өндіру) өнеркәсіп өндірісінің барлық көлемінің 70%-дан астамын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы осы кәсіпорын-дардың басымдығы өңір экспортының ресурстық-шикізаттық бағытына негіз-делген.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өнімінің
нақты көлем индексі

өткен жылға қарағанда %-бен

Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жылғы қаңтар-тамыз

1

2

3

4

5

6

1

Өнеркәсіп, барлығы

103,0

99,2

96,1

98,1




соның ішінде:













2

тау-кен өнеркәсібі

101,6

101,5

94,4

92,6

3

өңдеу өнеркәсібі

105,2

99,8

96,6

101,8

4

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

105,7

100,4

97,2

88,6

5

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, суды жинау мен үлестіруді бақылау

81,4

49,6

54,3

89,9


2012 жылы өңірдің өнеркәсіптік секторы едәуір тұрақты дамыды, нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) – 103,0%.

2013-2014 жылдары күрделі сыртқы экономикалық жағдайлардан
елдегі экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты өндіріс көлем-дерінің қысқаруы байқалуда. 2014 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1 110,6 млрд. теңге сомаға тауарлы өнім өндірді, бұл 2013 жылғы деңгейден 3,9%-ға төмен және өңірлер арасында 7 орынға сай келеді; республика бойын-ша ұқсас көрсеткіш – 100,3%.

Павлодар облысының өнеркәсіп құрылымында едәуір үлес салмағы өң-деу өнеркәсібіне тиесілі – 2014 жылы 63,8%.

Өңдеу өнеркәсібінің жетекші салалары: металлургиялық (38,5%), мұнай өңдеу (37,4%), машина жасау (12,5%).

Салада 1 000 аса кәсіпорын жұмылдырылған. Өндірістің негізгі көлемі облыстың қалаларында жүзеге асырылады: Павлодар – 50,8%, Екібастұз – 32,6%, Ақсу – 13,4%, ауылдық аудандарда – 3,3%.

Ел бойынша Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан кейінгі алып отырған үшінші орынға қарамастан (республика бойынша саланың НКИ – 101,1%), 2014 жылдың қорытындысы бойынша саланың жоспарлы көрсеткіш-теріне қол жеткізілмеді: өңдеу өнеркәсібінің НКИ – 96,6%, көлемі – 708,1 млрд. теңге.

Көрсеткішке қол жеткізбеу ресей рублі бағамының түсуі нәтижесінде, сондай-ақ әлемдік металл нарықтарында түсті металлдарға сұраныстың төмен-деуімен бағалық бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне негізделген.

2015 жылғы қаңтар-тамыз ішінде өңдеу өнеркәсібінде 404,4 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді (өткен жылғы кезеңге қарағанда 101,8%). Өндіріс көле-мінің ұлғаюы мынадай салаларда байқалуда: металлургия (101,5%), соның ішінде түсті (106,5%), дайын металл бұйымдарын өндіру (147,9%), мұнай өңдеу (113,7%), химиялық өнеркәсіп (114,6%), жиһаз өндірісі (100,7%), өзге дайын бұйымдар өндірісі (698,9%), жеңіл өнеркәсіп (210,4%), баспа және жазылған материалдарды көшіру (100,8%).

Осы кезеңде өнеркәсіптің базалық салаларындағы өндірістің өсімі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, қолданыстағы өндірісті жаңғырту және қайта жарақтандыру, жаңа өнім түрлерін шығаруды ұйымдастыру есебінен қамтамасыз етілді. 2015 жылғы 8 ай ішінде облыста Индустрияландыру карта-сының 3 жобасы іске қосылды, оның ішінен 2 жоба өңдеу өнеркәсібінде және энергетиканың бір жобасы.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің шамамен жартысын өндіретін облыс-тың металлургиялық кешені облыс экономикасында басым болып табылады, өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі үлес салмағы – 37,9%.

Сала қара және түсті металлургияның ірі кәсіпорындарымен берілген: «Қазхром» ТҰК» АҚ АФЗ, «Кастинг» ЖШС ПФ, «KSP Steel» ЖШС, «ҚА» АҚ, «ҚЭЗ» АҚ, «Майқайыңалтын» АҚ.

2012-2014 жылдар ішінде 51,6 млрд. теңге инвестициялар көлемімен тау-кен металлургиялық кешеннің 9 жобасы іске қосылды, оның ішінен аса ірілері: «Күйдірілген анодтар өндірісі» «ҚЭЗ» АҚ, «KSP Steel» ЖШС-да «Қуат-тылығын жылына 270,0 мың тонна құбырға дейін арттыра отырып, құбырды илектеу өндірісін дамыту», «KSP Steel» ЖШС-да диаметрі 40-100 мм шарлар шығару бойынша шар илемдеу өндірісін құру.
Металлургия өнеркәсібінің өнім өндірісі

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

млрд.

теңге

НКИ

%

млрд.

теңге

НКИ

%

млрд.

теңге

НКИ

%

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Металлургия өнер-кәсібі, соның ішінде:

400,5

93,9

369,4

96,6

421,4

97,2

1.1

қара металлургия

263,2

93,1

233,0

93,5

268,6

102,1

1.2

негізгі асыл және түсті металлдардың өндірісі

136,7

95,8

135,3

103,4

151,9

87,3


Металлургиялық өнеркәсіптің НКИ төмендеуі 2013 және 2014 жылдар ішінде әлемдік нарықта алюминий бағасының түсуімен байланысты болды.

2015 жылғы қаңтар-тамыз ішінде металлургиялық өнеркәсіпте 2014 жы-лы саланы қолдау бойынша қабылданған шаралар (салық заңнамасын оңтай-ландыру, ҚҚС бойынша бюджеттің берешегін қайтару, «ҚА» АҚ үшін темір-жол тарифтеріне және электр энергиясын беру бойынша қызметтерге уақытша төмендету коэффициенттерін қолдану) нәтижесінде өндірілген өнім көлемінің өсуі байқалуда – 261,1 млрд. теңге (өткен жылғы кезеңге қарағанда 101,5%).

Сонымен бірге қара металлургияда өндіріс көлемдері төмендеді – 99,2% (148,8 млрд. теңге).

Төмендеуге болат – 83,0%-ға, әр түрлі диаметрлі және жіксіз құбырлар шығарудың – 89,8%-ға, ферроқорытпа шығарудың – 98,4%-ға, «Қазхром» ТҰК» АҚ АФЗ екі пешінің тұтынушылық сұраныстың төмендеуінен ферро-силиций, алюминий сымы (катанкасы) өндірісіне ауысуына байланысты – 92,3%-ға азаюы себеп болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет