Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны



бет2/19
Дата17.06.2018
өлшемі2,33 Mb.
#43161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты.

Қаржыландыру көлемдері (алдын ала есептеулер):

2016 жыл – 247 524,9 млн. теңге;

2017 жыл – 201 473,8 млн. теңге;

2018 жыл – 33 290,8 млн. теңге;

2019 жыл – 32 181,2 млн. теңге;

2020 жыл – 30 237,7 млн. теңге.

Барлығы – 544 708,4 млн. теңге.

Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергі-лікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.


2. Ағымдағы ахуалды талдау
Облыстың жалпы сипаттамасы

Павлодар облысы – Қазақстан Республикасының солтүстік-шығыс бөлігіндегі индустриялық және экономикалық жағынан дамыған өңір. Облыс географиялық жағынан тиімді, өйткені өңір ТМД-ның ең ірі нарығы Ресей Федерациясы жанында орналасқан. Павлодар облысының халқы Қазақстан Республикасы халқының 4,3%-ын құрайды.

Облыстың ауданы – 124,8 мың шаршы шақырым (республика ауданының 4,6%). Павлодар облысы солтүстігінде Ресей Федерациясының Омбы облы-сымен, солтүстік-шығысында Новосібір облысымен, шығысында – Алтай өл-кесімен, оңтүстігіндеҚазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батысында Ақмола және Солтүстік Қазақстан об-лыстарымен шектесіп жатыр.

Павлодар облысында 755,8 мың адам тұрады (2015 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша), халықтың тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 6 адам.

Қала халқы үштен екі бөлігінен астамын құрайды.

Халықтың ұлттық құрылымы: қазақтар (50,3%), орыстар (36,9%), украиндар (4,3%), немістер (2,8%), татарлар (1,9%) және басқа ұлттардың өкілдері (3,4%).

Облыста 3 қала, 10 ауылдық аудан, 3 кент, 148 ауылдық округ,
405 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ).

Ең ірі қала: Павлодар – облыс орталығы, мұнда 356,1 мың адам тұрады.

Павлодар облысы – республиканың дамыған тау-кен өндіруші өңірлерінің бірі. Пайдалы қазбалардың басым қоры жалпы республикалық маңызға ие.

Облыс Қазақстан Республикасының минералды-шикізаттық кешенінде жетекші орынға ие. Мұнда: ел көмірінің теңгерімді қорларының 35,7%-ы (рес-публикада бірінші орын), никельдің 16%-ы (екінші орын), алтынның 5,2%-ы (төртінші орын), мыстың 3,7%-ы (бесінші орын), молибденнің 2,3%-ы, мырыш-тың 0,9%-ы, қорғасынның 0,3%-ы, бориттің 1,7%-ы, флюсті әктастың 30%-ы шоғырландырылған.

Барлық пайдалы қазбалардың бекітілген қорларының 142 кен орны бар, олардың ішінде: металл пайдалы қазбалары мен көмірдің 35 кен орны, жалпы таралған пайдалы қазбалардың 107 кен орны (кірпіштік және керамикалық шикізат, құрылыс тасы, құм, әктас, қалыптау материалдары, ас тұзы, сәндік-қаптаушы тас және т.б.).

Облыстың жер қоры – 12 475,5 мың га, соның ішінде ауыл шаруашылық алқаптар – 11 167,8 мың га, оның ішінде егістік – 1 609,6 мың га.

Облыстың орман қорының жалпы ауданы – 478,7 мың га, оның ішінде орман жабындысы – 250,5 мың га.

Облыста жерүсті және жерасты суларының аса елеулі қоры бар. Облыс-тың шегінде ұзындығы 720 шақырым Ертіс өзенінің кеме жүретін телімі негізгі су магистралі болып табылады. Ұзындығы 300 шақырымға жуық «Ертіс-Қарағанды» арнасының маңызы зор.

Павлодар облысы экономиканың үдемелі және әртараптандырылған құ-рылымымен сипатталады. Мұнда елдің барлық өнеркәсіптік өндірісінің 6,0%-ы, ауыл шаруашылығы өнімі жалпы өндірісінің 4,2%-ы шоғырланған.

Павлодар облысы республикалық көлемде көмір өндірісінің (59,2%), фер-роқорытпаның (77,1%), өңделмеген алюминийдің (100%), алюминий оксидінің (100%) негізгі үлесін, электр энергиясын өндірудің шамамен жарты (43,2%), мұнай өнімдері өндірісінің (10,7%) үлесін алады.

Облыс Қазақстанның энергиямен барынша жабдықталған аумақтарының қатарына жатады. Облыстың электр станциялары шаруашылық кешен мен облыс халқының қажеттілігін электр энергиясымен қамтамасыз етеді, электр энергия-сының бір бөлігі республиканың басқа өңірлеріне беріледі. Меншікті өңірлік тұтыну өндіріс көлемінен шамамен 45%-ын құрайды.

Сонымен бірге кері жақтары бар: облыстың экспорт құрылымында шикізат өнімінің және қайта өңдеудің дәрежесі жоғары емес өнімінің басым болуы, шағын кәсіпкерлікті дамытудың жеткіліксіз деңгейі, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы, өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу бойынша қоқыс өңдейтін зауыттың болмауы, коммуналдық желілер тозуының жоғары дәрежесі, қоршаған орта ластануының жоғары деңгейі, халықтың қатерлі ісік өскіндерімен сырқаттануының жоғары деңгейі.
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын тал-дау

2.1.1 Экономика

2.1.1.1 Өңірлік макроэкономика

Павлодар облысы Қазақстанның анағұрлым дамыған индустриялық және мәдени өңірлерінің бірі болып табыла отыра, еңбектің ішкіреспубликалық бөлінісінде маңызды орынға ие бола отыра, елдің экономикасына елеулі үлесін қосуда. Облыс Қазақстан Республикасы жұмыспен қамтудың 4,9%-ын, жалпы өнімнің 4,5%-ын және өнеркәсіптік шығарудың 6,0%-ын қамтамасыз етеді.
2012-2014 жылдар ішіндегі жалпы өңірлік өнім көлемі

Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

1

Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ), млрд. теңге










1.1

Павлодар облысы

1 528,4

1 766,0

1 751,9

1.2

Қазақстан Республикасы

30 347,0

35 275,2

39 040,9

2

өткен жылға қарағанда, %










2.1

Павлодар облысы

108,1

100,2

101,2

2.2

Қазақстан Республикасы

105,0

106,0

104,4

3

Республикалық көлемде облыс ЖӨӨ-нің үлес салмағы, %

5,0

5,0

4,5

4

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге










4.1

Павлодар облысы

2 043,2

2 351,9

2 322,5

4.2

Қазақстан Республикасы

1 807,3

2 070,7

2 258,1

5

Халықтың жан басына шаққан ЖӨӨ өндірісі бойынша Қазақстан Респуб-ликасының өңірлері арасында алатын орны

7

6

6


Соңғы үш жыл ішінде ЖӨӨ-нің өсу қарқыны байқалуда – заттай алғанда көлемі 2012 жылғы 1 528,4 млрд. теңгеден 2014 жылғы 1 751,9 млрд. теңгеге дейін артты.

Облыстың өндірілген ЖӨӨ көлемі 2014 жылы 2013 жылмен салыстыр-ғанда нақты өзгеруінде 1,2%-ға ұлғайды.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі орташа қазақстандық деңгейден шамалы жоғары.
Павлодар облысы ЖӨӨ-нің салалық құрылымы

пайызбен

Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

1

Павлодар облысы ЖӨӨ, барлығы

100,0

100,0

100,0




соның ішінде:










2

ауыл шаруашылығы

3,6

4,4

4,0

3

өнеркәсіп

41,5

40,2

35,4

4

құрылыс

3,8

4,3

5,1

5

сауда

15,0

12,6

14,2

6

көлік

11,9

12,5

15,9

7

байланыс

0,9

0,8

0,9

8

басқа да қызметтер

23,3

25,2

24,5


Павлодар облысының ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп басымдырақ (35,4%), өз кезегінде, өнеркәсіпте 63,0%-ы өңдеу өнеркәсібіне, 26,8%-ы – электрмен жабдықтауға, 8,6%-ы – тау-кен өндіру өндірісіне және 1,6%-ы – сумен жабдықтауға тиесілі.

Салықтық және салықтық емес түсімдер

2012-2013 жылдары салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны сәйкесінше 114,4%-ды және 111,5%-ды құрады.

2014 жылғы түсімдердің өсуіне (116,4%) 2,5 млрд. теңге сомасында бір-жолғы сипаттағы түсімдер және тексеру актілері бойынша 1,7 млрд. теңге сома әсер етті. Осылайша, салықтық және салықтық емес түсімдердің нақты өсу қарқыны – 110,0%.

Ағымдағы жылғы 10 ай қорытындысы бойынша салықтық және салық-тық емес түсімдердің өсу қарқыны – 100,4%. Бағалау бойынша 2015 жыл ішін-де өсу қарқыны 97,6%-ды құрайды.


Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл бағалау

1

2

3

4

5

6

1

Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер (млн. теңге), соның ішінде:

59 241,3

66 041,3

76 900,4

75 055,7

1.1

біржолғы түсімдер, тексеру актілері (млн. теңге)







4 260,0




2

Кірістердің нақты өсу

қарқыны %

114,4

111,5

110,0

97,6




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет