Биологиялық қауіпсіздіктің 3 деңгейіндегі оқшауланған зертханаға (ДДҰ классификациясы) қандай талаптар қойылады? -
ші биологиялық қауіпсіздік деңгейі
Жұмыс ережесі қауіпсіздік техникасына сәйкес зертхананың жабдығы мен үй-жайы ауа-тамшы жолымен берілетін және өліммен аяқталуы мүмкін ауыр ауруларды тудыратын жергілікті және экзотикалық микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін қолданылады. Персоналды қорғауға (бастапқы және қайталама тосқауылдарға), сондай-ақ қоғам мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударылуға тиіс.
Жалпы бұл деңгейге 2 патогенді топтағы микроорганизмдер жатады.
Микроорганизмдердің сипаттамасы: Жұқтынған организмнен сау организмге инфекция тез таралатын микроорганизмдер. Олар инфекцияны аэрогендік жолмен таратып, нәтижесінде өлімге әкелетін аурулар тудыруы мүмкін.
Әкелетін аурулардың мысалдары: энцефалит, коксиеллез (Ку безгегі) және қызба аурулары, т.б
Биологиялық қауіпсіздік ережелері:
-
Дезинфекциялау кезінде тығыздықты сақтау;
-
Өндіріске бөгде адамдардың кіреуін шектеу және оны бақылау;
-
Өздігінен жабылатын қосарланған есіктің болуы;
-
Қалдықтар мен зертханалық киімдерді деконтаминациялау яғни стерилизациялау;
-
Төтенше жағдайлар туралы алдын ала болжау;
-
Ауа өткізбейтін жолдардың болуы;
-
Арнайы душ және қол жуатын раковинаның болуы;
-
Арнай физикалық тежегіш құралының боу керек;
-
Ауаны тазарту үшін респиратор болу қажет;
-
Арнайы зертханалық стенд (Зертханалық стенд-бұл объектілердің физикалық құбылыстары мен техникалық параметрлерін эксперименттік жолмен зерттеуге арналған жабдықтар жиынтығы.)
-
Автоклав (жоғары қысым мен жоғары температурада көптеген процестерді жүргізуге мүмкіндік беретін құрылғы.)
-
Ағынды суларды дезинфекциялау жүйесі;
-
НЕРА сору сүзгісі (бұл жоғары тиімді сүзгілер, олар ұсақдисперсті бөлшектерді, тиісінше 2,5 және 10 мкм – ден аз бөлшектерді жояды.)
Достарыңызбен бөлісу: |