Пба-мен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейлері үшін жабдыққа қандай талаптар қойылады?



бет6/12
Дата27.11.2022
өлшемі241,78 Kb.
#160020
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
рк2 биоқауіпсіздік

Патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – патогенді биологиялық агенттерді зерттеу, жою және (немесе) иммундық-биологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (табуға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), олардың айналымына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға, тасымалдауға) тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процестері (сатылары).
Зертханаларда:
1) инфекциялық материалмен зерттеу жүргізілетін үй-жайда тірі вакцинамен жұмыс істеуге;
2) микробиологиялық зертханада зерттелетін микроорганизмдер сезімтал болатын дәрілік препараттар болмаған кезде вирулентті антибиотикке төзімді микроорганизмдермен тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге;
3) жағылған оттықтарды және басқа да қыздыратын аспаптарды бақылаусыз қалдыруға, шүмектері жарамсыз оттықтармен жұмыс істеуге, олардың жанында тез тұтанатын заттарды ұстауға;
4) жанып тұрған оттықтар және қосылып тұрған электрлі қыздырғыш аспаптардың жанында кездейсоқ төгілген өртке қауіпті сұйықтықтарды жинауға;
5) жұмыс уақытында бокстың есігін ашуға жол берілмейді.
Зертханалардағы сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға және желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

  • Зертханаларда орталықтандырылған шаруашылық ауыз судың, ыстық сумен жабдықтаудың, суды бұрудың, жылытумен жабдықтаудың жарамды жағдайы көзделеді.

  • Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда ішкі су құбыры және суды бұру құрылғысы бар ауызсу мақсатындағы жергілікті көздердің суын пайдалануға жол беріледі.

  • Барлық бокстарда бокс кіреберісі болады, онда қол жууға арналған раковина (қол жуғыштар) орналастырылады, ол болмаған жағдайда тері антисептиктерін, айна және дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі.

  • Зертханада персоналдың қолын жууға арналған раковина және араластырғыш арқылы ыстық және салқын су келтірілген ыдыстар мен мүліктерді жууға арналған раковиналар немесе ванналар жабдықталады.

  • Зертханаларды кәрізденбеген және ішінара кәрізденген жерлерде орналастыру кезінде жергілікті кәріз құрылғысы (шұңқырлар, септиктер) көзделеді. Ағынды суларды қабылдау уақытылы тазаланылатын нысанның шаурашылық аймағында орналасқан қақпақтармен, гидравликалық бекітпелермен (сифондармен) жабдықталған ортақ немесе бөлек жерасты су өткізбейтін сиымдылық арқылы жүзеге асырылады.

  • Жылу берудің орталықтандырылған көзі болмаған жағдайда сұйық, қатты, газ тәрізді отындармен жұмыс істейтін дербес қазандық көзделеді.

  • Зертхана жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа тарату желдеткішімен және сыртқа шығару шкафтарынан ауаны соруға арналған бөлек (дербес) желдету құрылғыларымен жабдықталады, зертхананың жұқпалы аймағының үй-жайлары жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен шығаберісте жұқа тазарту сүзгілерімен жабдықталады, аудандық деңгейдегі зертханалар үшін механикалық іске қосылатын желдеткішке жол беріледі.

  • Зиянды және жанғыш булар мен газдар бөлетін заттармен жұмыстар жүргізілетін сыртқа шығару шкафтары жоғарғы және төменгі сорғыштармен және сұйықтықтың еденге ағып кетуін болдырмайтын ернеулермен жабдықталады.

  • Сыртқа тарату құрылғылары ашық тұрған шкафтардың қайырма жақтауларында ауаны сорғыш жылдамдығын қамтамасыз етеді.

  • Сыртқа шығару шкафтарының және БҚБ желдетуінің ажыратқыштары оларға жақын орналасады, сыртқа шығару шкафтарында және БҚБ-да орнатылған аспаптарды қосатын розеткалар сыртқы панелінде; газ шүмектері алдыңғы ернеуінде; штепсельдік розеткалары сыртқа шығару шкафынан немесе БҚБ-дан тыс жұмыс үстелінің бүйірінде орналасады.

  • Сыртқа шығару шкафтарының жақтаулары (есіктері) жұмыс кезінде төменгі жағында кішігірім саңылаумен жабылады. Көтеріңкі жақтаулары олардың құлап кетуін болдырмайтындай құрылғылармен мықтап бекітіледі.

18. ПБА-мен жұмыс істеу кезінде зертхананың техникалық сипаттамаларын сипаттаңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет