Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет2/14
Дата24.05.2017
өлшемі2,28 Mb.
#16759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Деканның орынбасары
       Лауазымдық міндеттері: Факультеттегі оқу-әдістемелік және басқа да құжаттарды әзірлеу, жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Ағымдағы оқу-тәрбие, ғылыми жұмыстарға, студенттердің өндірістік жұмыстары мен практикаларына жетекшілік жасайды. Оқу сабақтары мен сынақ, емтихан кестелерін жасауға бақылау жасайды. Студенттердің сабаққа қатысуы мен сабақ үлгерімдеріне бақылау жасайды. Инновациялық оқыту технологияларын, техникалық оқыту құралдарын қолдануды ұйымдастырып, бақылау жасайды. Факультеттің оқытушы-профессор құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемелерін орындауларын, дәрістік, зертханалық және практикалық сабақтар, семинарлар мен басқа да оқу сабақтары түрлерінің, өндірістік және оқу практикаларының өткізілуін бақылап отырады.
      Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және магистранттар мен PhD докторанттардың диссертацияларына жетекшілік жасайды.
      Алдағы уақыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады, факультетте жүргізілетін негізгі ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне басшылық жасайды. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік мәжілістер, семинарлар мен конференциялар өткізуді ұйымдастырады. Кафедраларда, ғылыми үйірмелер мен ғылыми қоғамдарда өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды. Факультет қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және ғылыми мақалаларын жариялауға ұсынады. Топтардың тәлімгерлерінің жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жасайды. Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі бойынша заңдар мен нормативті-құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайын жасайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"заңдарын және б асқа да жоғары оқу орны жүйесінің қызметі мен дамуын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді ; білім беру жүйесінің негізгі бағыттары мен даму болашағын; оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты отандық және шет елдік жетістіктерді; оқу жұмыстарын жетілдірудің әдістемесін; педагогика мен психология негіздерін, оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін; тиісті мамандықтар бойынша негізгі ғылыми мәселелерді; мамандарды қайта дайындауға және біліктіліктерін арттыруға байланысты қолданыстағы нормативтік құжаттарды; еңбек туралы заңдардың негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарын, экономика негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Кафедра меңгерушісі (Әскери кафедра бастығы)
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       Лауазымдық міндеттері: Кафедраның мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша даму стратегиясын жасайды, жұмыс берушілермен, білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады. Білім беру қызметінің және кафедраның мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтарының нарығын зерделейді.
      Мамандар дайындау сапасының кафедра ішілік жүйесін жасайды. Оқу үдерісін жоғары сапамен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық әдістер мен оқыту құралдарын айқындай алады. Оқытудың барлық түрлері бойынша барлық оқыту сабақтарының өткізілуін ұйымдастырады. Жоспарланған және ағымдағы қызметкерлердің оқу, ғылыми, әдістемелік мәселелерін талқылау бойынша кафедра отырысын өткізеді.
      Кафедра пәндері бойынша оқу бағдарламаларын бекітеді. Факультеттің, жоғары оқу орнының басқа кафедраларындағы оқу бағдарламалары бойынша қорытындылар дайындайды.
      Кафедра жұмысының жоспары мен кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді. Кафедра қызметкерлерінің арасында педагогикалық жүктеме мен лауазымдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады, олардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жасайды. Оқу сабақтарын өткізуде оқытудың қазіргі техникалық құралдарын таңдауды жүзеге асырып, оны пайдалану мүмкіндігін жасайды.
      Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және магистранттар мен PhD докторанттардың диссертацияларына жетекшілік жасайды.
      Студенттердің кәсіби практикаларын, курстық және диплом жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық жасайды.
      Жекелеген пәндер бойынша студенттерге курстық емтихандарды, сынақтарды, сондай-ақ аралық сынақтарды өткізуді қамтамасыз етеді. Олардың нәтижелеріне талдау жасап, кафедра мәжілістерінде баяндайды. Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастырады, факультет басшылығының тапсырмасымен кафедра қызметкерлері мен ізденушілері дайындаған диссертацияларды қарастырады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды. Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен олардың ғылыми нәтижелерін ғылымға енгізу мүмкіндіктерін талқылайды. Қол жеткізген ғылыми нәтижелерді баспада жариялауды қамтамасыз етеді.
      Оқулықтарға, оқу құралдарына, әдістемелік құралдарға қорытындылар дайындауды қамтамасыз етеді. Оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдардың дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі қатысады.
      Кафедрадағы оқытушылар мен басқа да қызметкерлердің жеке жұмыс жоспарларының сапасы мен орындалуына бақылау жасайды.
      Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Кафедра оқытушыларының тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады. Жұмысты жаңа бастаған оқытушыларға оқыту және әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетеді. Ғылыми педагог мамандарды дайындауға басшылық жасайды.
      Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды.
      Дайындық бағыттары бойынша және ЖООаралық деңгейде оқу-әдістемелік комиссияларының жұмысына қатысады.
      Ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарымен және басқа да ұйымдарымен байланыс орнатады.
      Кафедраның, факультеттің, жоғары оқу орнының халықаралық қызметіне қатысады және қамтамасыз етеді. Кафедраның барлық құжаттарының және есептерінің дайындалуын және сақталуын қамтамасыз етеді.
      Кафедра жұмысының қорытындысы бойынша есеп береді. Факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативті-құқықтық актілерін; мамандықтар мен мамандану пәндері бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: әскери кафедра бастығының жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе полковник әскери атағы, педагогикалық қызметкерлер лауазымдарында немесе әскери бөлім командирінің орынбасары және одан жоғары басшылық құрамда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Профессор
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Кәсіби білім мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады.
      Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және диссертацияларына жетекшілік жасайды. Кафедраның ғылыми жұмыс бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады және жетекшілік жасайды.
      Жетекшілік жасайтын пәндері бойынша оқу жұмыс жоспарларының жасалуына және дайындалуына басшылық етеді. Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның, факультеттің, ғылыми-әдістемелік кеңестің, жоғары оқу орнының ғылыми-әдістемелік жұмыстарына қатысады.
      Жетекшілік ететін пәндерінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін бақылайды.
      Оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдардың, дәріс конспектілерінің, жетекшілік жасайтын пәндері бойынша басқа да әдістемелік материалдардың дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі қатысады, оларды баспаға дайындайды. Кафедраның оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіруге байланысты ұсыныстар береді.
      Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде, халықаралық конференцияларға қатысады.
      Кафедрадағы студенттердің ғылыми қоғамдарында жүзеге асырылатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасайды.
      Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруға қатысады, оларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді.
      Кафедрадағы ғылыми педагог мамандарды дайындауға жетекшілік жасайды.
      Жетекшілік жасайтын пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және жоспарлайды.
      Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарына басшылық жасайды.
      Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады.
      Факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс.
Қауымдастырылған профессор (доцент)
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Жоғары білім мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады.
      Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Кафедраның ғылыми жұмыс бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады және жетекшілік жасайды.
      Жетекшілік жасайтын пәндердің сабақтарын кафедра оқытушыларының сапалы өткізілуіне бақылау жасайды.
      Жетекшілік жасайтын пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын дайындайды. Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның (факультеттің) ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмыстарына қатысады.
      Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде, кафедрадан жіберілген жағдайда халықаралық конференцияларға қатысады.
      Кафедрадағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады және басшылық жасайды, студенттердің ғылыми қоғамдарында жүзеге асырылатын студенттердің, магистранттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасайды.
      Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруға қатысады, жаңа жұмысқа қабылданған оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді.
      Студенттердің, магистранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және жоспарлайды.
      Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады және өзі қатысады. Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады.
      Кафедраның материалдық-техникалық базасын дамытуға қатысады.
      Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады.
      Кафедрадағы ғылыми-педагог мамандарды даярлауға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады.
      Студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңнамаларын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс.
Аға оқытушы
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді.
      Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.
      Барлық жұмыс түрлерін жүргізеді. Ассистенттер мен оқытушылар жүргізетін сабақтардың сапасына бақылау жасайды. Оқитын пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын жасайды. Оқитын пәндері және жекелеген оқу сабақтары, оқу жұмыстары бойынша әдістемелік қамтамасыз ету үшін еңбектер жинақтайды және әзірлейді.
      Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Оқитын пәндері немесе жекелеген оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына басшылық жасайды.
      Ассистенттер мен оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді.
      Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмыстарына қатысады.
      Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысады.
      Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады.
      Сабақтарды, зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады.
      Кафедрадағы оқулықтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, жұмыс бағдарламалары және басқа да оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлерін дайындауға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады.
      Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; өз мамандығы бойынша оқу-ғылыми пәндерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.  
Оқытушы (ассистент)
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді.
      Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.
      Профессордың, доценттің, аға оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін оқу сабақтары және басқа да оқу түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындайды және оған қатысады. Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасауға және ұйымдастыруға қатысады.
      Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысады.
      Оқу үдерісінің, оқу құрылымдық бөлімшелері құралдарының, зертханалардың материалдық-техникалық базасының нығаюына, дамуына, қамтамасыз етілуіне, жетілдірілуіне байланысты шараларды дайындауға және жүзеге асыруға белсенді қатысады.
      Сабақтарды, зерханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды.
      Профессордың, доценттің, аға оқытушының (пән кураторы) жетекшілігімен оқу сабақтарының әдістемелік және техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жоспарлайды. Студенттердің оқулықтармен, арнайы, ғылыми әдебиеттермен, оқу құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, өз бетінше эксперимент жүргізуге, алынған нәтижелерді жинақтауға үйретеді.
      Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде кафедрадан жіберілген жағдайда халықаралық конференцияларға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады.
      Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесі.
Оқу зертханасының меңгерушісі
       Лауазымдық міндеттері: Құрылымдық бөлімшенің жылдық жобаларын дайындап, басшылыққа ұсынады. Жоғары оқу орнының тақырыптық жоспарында бөлімше үшін қаралған жұмыстарды ұйымдастырып, бақылау жасап отырады, сәйкес білім салалары бойынша олардың даму мүмкіндігін айқындайды, зерттеу жүргізу әдістері мен құралдарын, бөлімше алдына қойылған ғылыми-техникалық міндеттерді шешу жолдарын таңдайды. Бөлімшенің перспективті және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлейді, оларды жоғары оқу орнының басшылығына ұсынады. Елдің әлеуметтік-экономикалық саласының тиісті ғылым және техника өрісін дамыту жөнінде техникалық тапсырмалар, әдістемелік және жұмыс бағдарламалары, техникалық-экономикалық негіздемелер, болжамдар мен ұсынымдар, басқа да жоспарлар мен әдістемелік материалдар әзірлеуге жетекшілік жасайды.
      Жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалуына, бөлімше мамандары мен қоса атқарушылар орындаған жұмыстар сапасына бақылау жасайды. Нормативтік талаптардың сақталуын, құжаттар ресімдеудің кешенділігі мен сапалылығын, оны бекітілген тәртіпте келісімді қамтамасыз етеді. Бөлімше орындаған жұмыстар туралы есептерді бекітіп, оны қарауға ұсынады. Олардың нәтижелерін іс жүзінде қолдануды қамтамасыз етеді. Бөлімшенің жұмыс жүргізуіне қажетті жабдықтарға, материалдар мен басқа да ресурстарға сұранысын айқындайды, олардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын жасайды.
      Ғылыми-техникалық жетістіктерді патенттеу және өнертабыстар мен жаңашылдық ұсыныстарды тіркеуді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.
      Бөлімше жұмысының тиімділігін арттыруды, мамандарды оңтайлы орналастыруды қамтамасыз етеді, мамандардың шығармашылық белсенділігін арттыру шараларын қабылдайды. Мамандардың біліктіліктерін жоғарылату жұмыстарын ұйымдастырады. Қызметкерлердің бөлімше жұмысының жалпы нәтижесіне қосқан жеке еңбек үлесін ескере отырып, еңбекақы төлеу жөнінде кафедра меңгерушісіне ұсыныстар береді. Оқу зертханасының қызмет бағытын анықтайды, оның жұмысын ұйымдастырады, бақылау жасайды, олардың жұмыстарын үйлестіреді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"заңдарын және білім сұрақтарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін; тиісті білім, ғылыми техника саласындағы мәселелерді; экономика даму бағыттарының түрлерін, осы мәселелерге қатысты отандық және шет елдік тәжірибелерді, ғылыми зерттеулер жүргізуді және енгізуді, ғылыми құрылғыларды, оның қолданылу ережелерін, ғылыми-техникалық құжаттарды ресімдеуді, құралдарға, материалдарға, басқа да ғылыми құрылғыларға тапсырма беруді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; экономика негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем болмауы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет