23-параграф. Арнайы педагог (дефектолог)
311. Лауазымдық міндеттері: мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету жұмыстарын жүзеге асырады.
Білім алушылардың психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын диагностикалайды, олардың құрылымы мен айқындылық дәрежесін анықтайды.
Оқытушылармен және басқа да мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі Білім алушыларды түзету, бұзылған функцияларды қалпына келтіру және әлеуметтендіру бойынша топтық және жеке қызметті жүзеге асырады.
Педагог қызметкерлерге, білім алушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқулары бар балаларға көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша кеңес береді.
Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтендіруге, кәсіби бағдарламаларды саналы таңдауға және игеруге ықпал етеді.
Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Білім алушылардың психикалық-дене жағдайына сәйкес дамуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында олардың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, мүдделері мен бейімділігін, танымдық уәждемесінің өсуін және оқу дербестігінің қалыптасуын, оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын, ақпараттық, сондай-ақ сандық білім беру ресурстарын қоса алғанда, қазіргі заманғы білім беру технологияларын, білім алушылардың дайындық деңгейін қамтамасыз ете отырып, құзыреттілікті қалыптастыруды зерделейді., техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келетін білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін арттырады.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына қатысады.
Қажетті құжаттаманы жүргізеді.
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдарға толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағартушылық қызметті жүргізеді.
Білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтайды.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
312. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Бала құқықтары туралы конвенция", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Арнаулы әлеуметтік стандарттар туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін,
балаларға арналған арнаулы әлеуметтік, және арнайы педагогика мен психологияны,
дефектологияның анатомо-физиологиялық және клиникалық негіздерін,
тәрбиеленушілердің дамуында ауытқушылықтардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін, кәсіби және практикалық қызмет мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды,
дамуында ауытқушылықтары бар тәрбиеленушілермен жұмыс істеу бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиетті,
дефектологиялық ғылымның ең жаңа жетістіктерін,
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелерді.
313. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі мамандығы бойынша: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші және педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл және ғылыми немесе академиялық дәрежесі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
313. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
"педагог" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
оқытудың жаңа әдістемелерін сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуі,
озық тәжірибені зерделеуі, оны практикада қолдануы,
тәрбиеленушілердің жалпы мәдениетін қалыптастыру, оларды әлеуметтендіру, мониторинг және талдау дағдысының болуы.
2) "педагог-модератор":
санаты жоқ педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
оқытудың жаңа әдістемелерін сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуі,
озық тәжірибені зерделеуі,
оны практикада қолдануы,
тәрбиеленушілердің жалпы мәдениетін қалыптастыру, оларды әлеуметтендіру, мониторинг және талдау дағдысының болуы,
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды оқытуды талдау әдістерін меңгеруі,
шығармашылық семинарларды басқара білуі,
озық педагогикалық тәжірибені енгізе білуі,
дефектологияның қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі,
оларды пайдалану құқығына сертификаттары болуы,
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы,
өзінің кәсіби құзыреттілігі саласында тиісті теориялық және практикалық білімі болуы тиіс.
4) "педагог - зерттеуші":
"педагог-сарапшы" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеруі,
жаңа бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстар жүргізуі,
арнайы педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік етуі,
өзінің кәсіби құзыреттілігі саласында тиісті теориялық және практикалық білімі болуы тиіс.
5) "педагог - шебер":
"педагог-зерттеуші" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеруі,
жаңа бағдарламалар әзірлеуі,
оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстар жүргізуі,
арнайы педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік етуі,
өзінің кәсіби құзыреттілігі саласында тиісті теориялық және практикалық білімі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |