22-параграф. Сурдоаудармашы (аудармашы-дактилолог)
307. Лауазымдық міндеттері: Ымдау тілі арқылы ауызша сөйлеуді (оқу сабақтарын, телефон арқылы сөйлесулерді, радиотелевизиялық хабарларды, кеңестерді, жиналыстарды, әңгімелесулерді.) тікелей аударуды және ымдау тілі маманының көмегіне мұқтаж адамдар үшін ауызша сөйлеуді кері аударуды жүзеге асырады.
Оқушылардың әлеуметтенуіне, олардың білім беру бағдарламаларын меңгеруіне ықпал етеді.
Басқа ұйымдарға барған кезде ымдау тілі маманының көмегіне мұқтаж балалардың мүдделерін қамтамасыз етеді және сүйемелдейді.
Оқытудың әртүрлі түрлерін, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады.
Ымдау тілі маманының көмегіне мұқтаж балалар арасында тәрбие, мәдени-демалыс және әлеуметтік-оңалту жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) байланысты жүзеге асырады, балаларға көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде оларға кеңес береді.
Ымдау тілі маманының көмегіне мұқтаж балалардың қарым-қатынасының арнайы құралдарын меңгеру техникасын жетілдіреді.
Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін арттырады.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына, ымдау тілі маманының көмегіне мұқтаж оқушылар топтарына әлеуметтік зерттеулер жүргізуге қатысады.
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
308. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Бала құқықтары туралы конвенция", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "Тілдер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
арнайы педагогиканы, арнайы психологияны, жас ерекшелік физиологиясын және, тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқушылықтың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдері, мектеп гигиенасы,
Оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері, бағдарламалар мен оқулықтар,
оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері,
білім беру мен педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары,
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
309. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі мамандығы бойынша: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. педагог-шебер үшін-5 жыл.
310. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, бұдан басқа:
ымдау тілі маманының көмегіне мұқтаж балалардың зияткерлік деңгейін зерттеу және талдау;
алдыңғы қатарлы тәжірибесі;
оны тәжірибеде қолдану;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу.
2) "педагог-модератор":
педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:
ымдау тілі маманының көмегіне мұқтаж балалардың зияткерлік деңгейін зерттеу және талдау;
алдыңғы қатарлы тәжірибесі;
оны тәжірибеде қолдану;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу.
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:
даму мүмкіндігі шектеулі балалармен оқу-түзету жұмыстарын талдау әдістерін меңгеру;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;
арнайы білім беру мәселелері бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы тиіс.
4) "педагог - зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:
дактильді-ымдау тілінің грамматикалық және эстетикалық дамуы, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі мәселелерімен жұмыс жасау;
оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу;
ғылыми-зерттеу, эксперименталды жұмыс әдістерін меңгеру;
жаңа оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды әзірлеу;
арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарды басқару;
арнайы білім беру мәселелері бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы тиіс.
5) "педагог - шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:
дактильдік-қимыл тілін грамматикалық және эстетикалық дамыту, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі мәселелерімен жұмыс істеу, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу;
ғылыми-зерттеу, эксперименталды жұмыс әдістерін меңгеру;
жаңа оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды әзірлеу;
арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарды басқару;
арнайы білім беру мәселелері бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |