Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет88/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

25-параграф. Әлеуметтік педагог

      319. Лауазымдық міндеттері: жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, білім алушылардың мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

      Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

      Білім алушылар және ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.

      Білім беру ұйымдарында және жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

      Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды.

      Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.

      Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

      Мұғалімдермен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.

      Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

      320. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді;

      әлеуметтік саясат негіздері;

      жалпы және әлеуметтік педагог;

      Педагогика және психология, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелер;

      әлеуметтік-педагогикалық жұмыс;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері; санитарлық ережелер мен нормалар.

      321. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі мамандығы бойынша: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

      322. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      әлеуметтік педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      алдыңғы қатарлы тәжірибесі;

      оны тәжірибеде қолдану;

      оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;

      білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу.

      2) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеру;

      шығармашылық семинарларды басқара білу;

      озық тәжірибені енгізу.

      3) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеру;

      жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларды, педагогикалық технологияларды әзірлеу;

      оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу;

      Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық жасау.

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеру;

      жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларды, педагогикалық технологияларды әзірлеу;

      оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу;



      Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық жасау.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет