Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының педагог-психологы



бет79/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

16-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының педагог-психологы

      283. Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады.

      Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді.

      Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды.

      Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады.

      Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді.

      Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық).

      Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді.

      Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

      Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.

      Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.

      284. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

      дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,

      басқарудың инновациялық әдістерін,

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін,

      оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

      285. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Психология" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі және бейіні бойынша жоғары білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер-5 жыл.

      286. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатыса білуі,

      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

      кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі,

      сандық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа:

      оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады,

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

      білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс.;

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды:

      білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

      аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

      4) "педагог - зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,

      білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

      облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

      облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      5) "педагог - шебер":

      "педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың,

      оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды.,

      республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет