Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Оқу бөлімінің меңгерушісі



бет75/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

12-параграф. Оқу бөлімінің меңгерушісі

      267. Лауазымдық міндеттері: Педагогтік ұжым қызметінің ағымдағы және болашақтағы жоспарлауын ұйымдастырады.

      Оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагог жұмыскерлердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөнінде жұмысын.

      Білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының сабақ кестесін жасау үшін материалдардың дайындалуын және олардың орындалуының бақылауын жүзеге асырады.

      Оқыту процесінің сапасын бақылауды және білім алушылардың білім алу даярлығының нәтижесін бағалаудың ақиқаттығын жүзеге асырады.

      Педагог жұмыскерлерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды зерделеу және әзірлеуге көмек көрсетеді.

      Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.

      Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады.

      Оқу-материалдық базаларды нығайту бойынша, оқу кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтау бойынша шаралар қолданады.

      Шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады.

      Жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді.

      268. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

      дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,

      басқарудың инновациялық әдістерін,

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін,

      оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

      269. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім тиісті бейіні бойынша білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі талап етілмейді.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 1 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 3 жыл. педагог-шебер үшін - 4 жыл.

      270. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатыса білуі,

      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

      кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі,

      сандық білім беру ресурстарын;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа:

      оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

      білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс.;

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген, тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды: білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін,

      аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

      аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

      4) "педагог - зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

      облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

      облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      5) "педагог - шебер":

      "педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың,

      оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды,

      республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет