Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері



бет72/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

9-параграф. Оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері

      255. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы оқу-әдістемелік бірлестігінің оқу-әдістемелік жұмыстарын жүзеге асырады және талдайды.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жөнінде конференциялар, семинарлар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізеді. Озық педагогикалық тәжірибелерді айқындайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізеді, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі.

      Жастар мен жұмыспен қамтылмаған халықтың арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде нұсқаулықтар әзірлейді.

      Оқу-әдістемелік әдебиетпен, оқытудың педагогикалық құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқытудың қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтылуын бағалау жағдайы туралы аналитикалық материалдарды әзірлеуге қатысады.

      Оқыту бағдарламалар мәліметтерінің ақпараттық банкін құруын, мамандарды даярлау сапасының мониторингісін ұйымдастырады.

      Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

      256. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

      дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,

      басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін,

      баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

      257. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл.

      Және (немесе) жоғары біліктігі болған жағдайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл. педагог-шебер үшін-5 жыл.

      258. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар

      1) "педагог":

      оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

      кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі,

      сандық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс,

      бұдан басқа оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады,

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

      білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс;

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды:

      білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін,

      аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

      аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

      4) "педагог - зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

      облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

      облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      5) "педагог - шебер":

      "педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады,

      ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет