6-параграф. Басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары
246. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін, оның ресурстық қамтамасыз етілуін, оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды іске асыруды ұйымдастырады.
Оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады.
Оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланысты орнатады.
Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады.
Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог және басқару кадрларын оқытуды ұйымдастырады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.
Оқу-материалдық базаларды сақтауды қамтамасыз ету және толықтыру, қызмет көрсету, жөндеу және оның есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады. Санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақтауды қамтамасыз етеді.
Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытында жасауды қамтамасыз етеді.
Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
247. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
педагогика және психология негіздерін,
қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;
басқарудың инновациялық әдістерін;
құқық негіздерін, еңбек туралы заңнаманы,
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.
248. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл немесе кәсіптік педагогикалық қайта даярлаудың болуымен білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін кәсіпорындарда (ұйымдарда) кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
"басшы" (санаты жоқ), "үшінші санатты басшы", "екінші санатты басшы", "бірінші санатты басшы" біліктілік санатының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |