Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары



бет67/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ
М-31 Сабитбекова Камшат әдебиеттік оқу 3-сынып 23.02.21, Исаева Зарина10 апта, 1 ИА ОШ -Алгебра 9-класс каз-—-копия-—-копия (1)
4-параграф. Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

      240. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарлар мен іс-шаралардың әзірленуін, кәсіби бағдар беру жұмыстарының ағымдағы және стратегиялық жоспарлануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасайды.

      Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, дене тәрбиесі сауықтыру және көркемдік эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметтерін үйлестіреді.

      Тәрбие жұмысына талдау жасайды.

      Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбиелік іс-шараларды дайындау мен өткізу бойынша әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; тәрбие процесінің сапасына, үйірмелер, секциялар жұмыстарына және тәрбие жұмысының басқа да түрлеріне, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жеке тәрбие жұмысына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.

      Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді.

      Білім алушыларға салауатты өмір салтын енгізу бойынша дене тәрбие процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыстарды дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

      Білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмысты жүзеге асырады.

      Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

      Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Оқу-материалдық базаны нығайту жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      Жұртшылық және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының кызметтері мен құрылымдарының, әкімшілік өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді.

      Білім беру ұйымындағы моральды-психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді.

      Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.

      Тәрбие қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.

      241. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

      педагогика және психология негіздерін,

      қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;

      басқарудың инновациялық әдістерін;

      экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін;

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

      242. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес;

      "басшы" (санаты жоқ), "үшінші санатты басшы", "екінші санатты басшы", "бірінші санатты басшы" біліктілік санатының болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет