Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинеттің (орталықтың) әдіскері



бет63/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ
М-31 Сабитбекова Камшат әдебиеттік оқу 3-сынып 23.02.21, Исаева Зарина10 апта, 1 ИА ОШ -Алгебра 9-класс каз-—-копия-—-копия (1)
5-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинеттің (орталықтың) әдіскері

      228. Лауазымдық міндеттері: Аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді.

      Білім беру ұйымдарын жетекшілік ететін мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды.

      Педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.

      Педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытады.

      Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.

      Педагогтерге көмек ретінде библиографиялық анықтамалар, әзірлемелер, тестік және басқа да материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттерге, аудан (қала) педагогтарының назарына жеткізеді.

      Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады.

      Мониторинг жүргізеді және педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесін таратады.

      Педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

      ілім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді.

      Қажетті есептіліктерді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.

      229. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      білім берудің мемлекеттік стандарттарын,

      педагогика және жас ерекшелік психологиясы негіздерін,

      дидактика принциптерін, жалпы және жеке оқыту әдістерін,

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принципін, еңбекті қорғау,

      қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормалар.

      230. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау педагогикалық курстарынан өткен, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 5 жыл.

      қалалар/аудандар деңгейінде:

      тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 3 жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет