Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинет (орталық) секторының меңгерушісі)



бет62/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

4-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинет (орталық) секторының меңгерушісі)

      225. Лауазымдық міндеттері: Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинет (орталық) секторының қызметін басқарады, қызмет бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, әдіскерлердің жұмысын үйлестіреді.

      Әдіскерлерге, педагогтарға инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, әдістемелерді меңгеруге және әзірлеуге көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Білім беру процесін жетілдіру және әдістемелік жұмысты басқару бойынша ұсыныстар енгізеді.

      Педагогтарды беру (растау) рәсімін дайындауға және өткізуге қатысады.

      Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.

      226. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика және психология негіздерін,

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

      педагогиканы, психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, қаржы-шаруашылық

      227. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:

      тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 5 жыл.

      қалалар/аудандар деңгейінде:

      тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 3 жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет