2-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинет (орталық) басшысының орынбасары
219. Лауазымдық міндеттері: Оқу, ғылыми, әдістемелік қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды.
Өткізілетін іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми сүйемелдеуді дайындауға басшылық пен бақылауды жүзеге асырады.
Баспа қызметіне басшылық жасайды.
Құрылымдық бөлімшелер үшін кадрлар іріктеуді жүзеге асырады және оларды басшыға ұсынады.
Өңірлік құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес беруді, олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Әдіскерлерді иеленуге (растауға) дайындықты ұйымдастырады.
Кабинетті (орталықты) әдістемелік қамтамасыз ету тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді, ақпараттық материалдар жасайды, білім алушылармен жұмыс бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер, тәжірибелік-эксперименттік, иинновациялық алаңдар қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.
Қажетті есептемелерді дайындап және ұсынуды қамтамасыз етеді.
220. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді даму бағыттары мен перспективасын белгілейтін басқа да нормативттік құқықтық актілерді,
педагогика және психология негіздерін,
білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын,
педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін,
қаржылық-шаруашылық қызмет,
еңбек заңнамалар негізін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
221. Біліктілікке қойылатын талаптар:
облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:
жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау педагогикалық курстарынан өткен, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 7 жыл.
қалалар/аудандар деңгейінде:
жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 3 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |