5-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) Аға оқытушы
210. Лауазымдық міндеттері: Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.
Барлық оқу жұмысының түрлерін жүргізеді.
Оқытылатын пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, оқу-тақырыптық жоспарларын әзірлейді.
Оқитын пәндерді немесе жекелеген оқу сабақтары, оқу жұмыстары бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жинақтайды және әзірлейді.
Тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады.
Оқитын пәндерді немесе жекелеген оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмысына басшылық жасайды.
Біліктілікті арттыруды әдістемелік қамтамасыз етеді.
Кафедраның, институттың ғылыми-әдістемелік жұмыстарына қатысады.
Сабақтарды, зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтарды өткізуде тыңдаушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды.
Кафедрадағы оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, әзірлемелерді, жұмыс бағдарламаларын және басқа да оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлерін дайындауға қатысады.
Жеке жоспардың орындалуы туралы есепті дайындайды және ұсынады.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін орындайды.
211. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістерін,
оқу жоспарларын жасау тәртібін,
оқу жұмысы бойынша құжаттама жүргізу ережесін,
педагогиканы, физиологияны, психологияны, андрогогиканы, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи түрлері мен әдістері, экономика негіздері,
Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс.
212. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен тұлғалар және ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |