3-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинеттің (орталық) бөлім басшысы
222. Лауазымдық міндеттері: Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинет (орталық) бөлімінің қызметін басқарады, қызмет бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, әдіскерлердің жұмысын үйлестіреді.
Әдіскерлерді, педагогтарды оқытуды қамтамасыз етеді, инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, әдістемелерді игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді.
Білім беру процесін жетілдіру және әдістемелік жұмысты басқару бойынша ұсыныстар енгізеді.
Педагогтарды беру (растау) рәсімін дайындауға және өткізуге қатысады. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді орындайды.
223. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика және психология негіздерін,
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
224. Біліктілікке қойылатын талаптар:
облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:
жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 7 жыл.
қалалар/аудандар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 3 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |