4.1 Жақтық қиысу
Баяндауыштың тиісті жіктік жалғауда тұрып бастауышпен байланысу ережелерін айтудан бұрын бастауыш болатын сөздердің жақтық мағынасын айқындап алу керек сияқты.
Баяндауыштың белгілі жақтық мағынада, жақтық тұлғада айтылуы еркін бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздердің жақтық мағынасы билейді. Бастауыш болатын негізгі сөздер – зат есімдер мен жіктеу есімдіктері. Олардан басқа сөздер де субстантивтеніп, бастауышық қызметте жұмсала береді. Сол сөздердің тек төртеуі – бірінші және екінші жақтық жіктеу есімдіктері (мен, біз, сен, сіз) І,ІІ жақтық бастауыш болады да, олардан басқа сөз атаулының бәрі (тәуелдік жалғаулардың І,ІІ жағында не басқа тұлғада тұрса да) бастауыш қызметінде тек ІІІ жақтық мағынада айтылады. Сондықтан Жұмабай айтты деген сөйлемнің де, Жолдасым айтты, Жолдасың айтты, деген сөйлемнің де, Жолдасым айтты, Жолдасың айтты деген сөйлемдердің де баяндауыштары ІІІ жақтық бастауышпен қиысып, сол ІІ жаққа тұрады. Жоғарғыдай бастауыш қызметінде тұрған сөздердің тәуелдік жалғаулардың жақтық мағыналары бастауыштық жақтық мағына болмайды, сол жалғауларды керек етіп, ілік жалғауда айтылатын сол жақтағы есімдердің меншіктелуші жағы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |