Сен шақырғанда, ол келер ме еді?
Сен келіп, мен қуанып қалдым.
ә) Мен көрген кісі.., сен жіберген хат; біз жоқ
Сен бар, мен бар, ептеп бір амалын табайық.
І жақтық жіктік жалғаулар арқылы бастауышпен қиысатын баяндауыштар тек жақтық мағынаны ғана білдірмей, даралық, көптік мағынаны да білдіреді. Мен келемін дегенде –мін бірінші жақ, жекеше; Біз келеміз дегенде – мі+з, Біз көрдік дегенде – ді+к әрі бірінші жақық, әрі көпше мағына білдіреді.
ІІ жақтық бастауыштармен қиысатын баяндауыштардың жіктік жалғаулары І жақтағыдай емес, жақтық та, даралық та, сыпайылық та және көптік те мағынада жұмсалады: Сен келесің дегенде, - сің ІІ жақ, жекеше; Сіз келесіз дегенде, -сіз ІІ жақ, сыпайы. Сендер келесіңдер, Сіздер келесіздер дегенде, жоғарғы мағыналарының үстіне көптік қосылып қиылысады.
І-ІІ жақтық етістік баяндауыштардың бастауышпен қиысу үлгісі былай болады:
Достарыңызбен бөлісу: |