Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва


Етістіктерден болған дара баяндауыштар



бет5/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

1.2. Етістіктерден болған дара баяндауыштар
Етістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі - баяндауыш болу. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдері баяндауыштарының дені – етістікті баяндауыштар. Айттым, болды. Кестім, үзілді! Тараңдар!... Жүр! (Ғ. Мүсірепов) дегендегідей олар дара күйінде-ақ баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді немесе Тереңге мені сал, биікке мені жұмса (Ғ. Мүсірепов) дегендегідей, өзіне басқа сөйлем мүшелерін ілестіре көп құрамды сөйлемнің жетекшісі болып та кездесе береді. Бұл жағынан етістік баяндауыштарға қарағанда тиянақты предикат қана емес, сөйлемдегі басқа мүшелердің діңгекті орталығы да болып, субъектінің қимылын, күйін, іс процесін білдіреді.

Етістіктердің сөйлемдегі басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде жұмсалуынан олардың өздеріне тән мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері айқын көрінеді. Мысалы, салт, сабақты етістіктердің баяндауыш болу амалы бірдей, бірақ олар қатысқан сөйлемнің құрамы бірдей емес. Мысалы:

Кәрі Каспий қара көзін ашты, жылы жүзбен Терекке амандасты (Абай). Амантайдың жүрегі аттай тулады. Ол түтіннің исі жерге жоламайды (С. Мұқанов).

Осы мысалдардағыдай, салт етістік баяндауыш болған сөйлемде тура толықтауыш болмайды (мысалы: ...амандасты,... тулады), ал сабақты етістікті онымен байланысты тура толықтауыш болуға тиіс (мысалы: көзін ашты).

Етістіктің сабақты және салт болуы да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде жұмсалуында да ерекшелігі жоқ. Дегенмен солар арқылы болымды, болымсыз сөйлемдер жасалатындықтан, олардың баяндауыш болуын ерекше атау керек болады. Оның үстіне айтпаймын, жазбаймын деген сияқты, ашық райлы болымсыз етістікті баяндауыштың кейде айтпан, жазбан болып айтылуында стильдік айырмашылық болады. Мысалы: бір істі істеуден үзілді-кесілді бас тартқанда, айтылған хабарға өктемдік сипат беру керек болғанда, соңғы формалар қолданылады. Бұл, көбінесе, ауыз әдебиетінде жиі ұшырасады:

Тәуекелге келгенде, алдымда тау тұрса да, тайынбан (Ғ.Мұстафин). Өлеңім – оқ, ол алдымда. Мен де жаудан шегінбен (Жамбыл).

Алдыңа келіп тұрмын деп,

Ар-намысымды қашырман,

Бұлтқа жетпей шарт сынбан,

Айта келген сөзім бар,

Не қылсаң да жасырман

(Махамбет).

Етістістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да баяндауыш бола береді.

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай). Бізді ешкім таныстырмады, өзіміз танысайық (Ғ. Мұстафин). Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық (Ы. Алтынсарин)

Етістіктер етіс тұлғаларында да баяндауыш қызметінде жұмсалады:

Өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды (Ы. Алтынсарин). Қаптады қол, салынды жол, бұзылды тау, кесілді шөл (А. Тоқмағанбетов). Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып (Абай).

Көсемше тұлғалы етісіктер дара күйінде құрмалас сөйлемдердің бастауыштары болып келе береді. (Жаңбыр жауып, жер көгерді),бірақ кейбір өлеңде болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышы бола алмайды.

Есімшелердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: І, ІІ жақта баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, ІІІ жақта жіктік жалғау жалғанбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет