(бағасы 1500 теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
ҮЛГІЛІК ОҚУ бағдарламасына
Әдістемелік нұсқаулық
Методическое руководство
к Типовой учебной программе
дошкольного воспитания и обучения
(бағасы 1500 теңге)
БАЛАБАҚША КҮН ТӘРТІБІНДЕ
ТӘРБИЕ ШАРАЛАРЫН ЖОСПАРЛАП
ЖҮРГІЗУ ЖУРНАЛЫ
(әр бір данасы 1500тенге)
Таңертеңнен балаларды балабақшаға қабылдаудан бастап, кешке шығарып салғанға дейін ұйымдастырылған оқу қызметтерден тыс уақытта, балаға өз бетінше ойнауға, жан - жағына зер салып, бақылауына, емін – еркін демалуына арналған жағдайлар жасалынып, күн бойында ұйымдастырылатын тәрбие шаралары – арнайы журналда жоспарланады.
Күн тәртібіндегі арнайы тәрбие шараларын жүргізу журналында білім берудің «Денсаулық», «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет» салары бір - бірімен байланыстырыла кіріктіру әдісімен жазылады. Яғни балалардың таңдауы мен қалауы ескеріле аптаның әр бір күнінде бір білім саласын негізге алып, басқа білім беру салаларын кіріктіре тәрбие шаралары ұйымдастыру сапалы нәтиже береді.
Журналда балаларға арналған күн режимі «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығының негізінде берілген ( 10-қосымша 3 кесте). Сонымен қатар балалармен ұйымдастырылатын әр айға арналған таңертеңгі жаттығулар кешені, қимылды ойындар мазмұны мен серуенде ұйымдастырылатын бақылаулар, еңбек дағдыларын қалыптастыруға арналған шаралардың тақырыптары ұсынылған.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері журналды дұрыс жүргізуін қамтамасыз ету мақсатымен журналда қыркүйек айының бірінші аптасы үлгі ретінде толық жазылып берілген . Сонымен қатар журналда тәрбиеші өз бетінше тәрбие шараларынын шығармашылығымен толықтырып, түрлендіріп, тереңдете қосып жазуға орын қалдырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |