«Әуенді кесте» технологиясы
Сауат ашуды оқытудың жаңа «Әуенді кесте» технологиясы интеллектуалды интерактивті оқыту бағытында мектепке дейінгі ұйымның ересек және мектепалды дайындық топ, жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды дайындық сыныптарының балаларына арналған.
«Әуенді кесте» технологиясы 2 дана кестеден (оқып үйренеміз), сөйлейтін қаламша, әдістемелік нұсқаулықтан және текшелерден тұрады. Электронды кестемен қаламшаның арнайы халықаралық қауіпсіздік сертификаты бар.
«Оқып үйренеміз» кестелері электронды сөйлейтін «Аққонжық» есімді қаламшамен оқылады. Электронды сөйлейтін қаламның үнін тыңдаған бала дыбыстарды, әріптерді, буындарды тыңдаумен жаттап алады. Кестелерден әріптердің баспа нұсқасын көріп естерінде сақтайды. Ал текшелер арқылы әріптермен буындарды қолымен ұстап, сөздер құрастыру арқылы қабылдау, ойлау қабілеттері артады. Осы кестені, қаламшаны және текшелерді пайдалану,баланың білімді барлық сезім мүшелері арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді. Балалар бұл оқу құралын қолданғанда аса қызығушылық танытып, өз бетінше оқуға ұмтылады.
2014жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінде сараптамадан өтті (№02-2/2362-вн.).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу әдебиеттерінің тізбесіне енді.
Мектепке дейінгі ұйымда дәстүрлі болып қалыптасқан сауат ашуды оқу әдістемелермен салыстырғанда «Әуенді кесте» технологиясы ең заманауи оқыту құралы. Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда бұрын соңды болмаған жаңа отандық қазақ тіліндегі оқыту құралы.
№
|
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
саны
|
бағасы
|
1
|
Кестелер
|
дана
|
2
|
30 000 теңге
|
2
|
Қаламша
|
дана
|
1
|
3
|
Текшелер жинағы
|
жинақ
|
1
|
4
|
Әдістемелік нұсқаулығы
|
дана
|
1
|
Барлығы
|
|
ДРАМА
(әдістемелік құрал)
«Коммуникация» білім беру саласындағы драмма оқу қызметінің мазмұны мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (30 мамыр 2016ж) және Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы «12» тамыз № 499 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сəйкес əзірленді.
Драмма оқу қызметінде балаға вербалды емес құралдармен образдарды жасай алауына жағдай жасаумен қатар саусақты, үстел үсті, көлеңкелі театр құралдарын қолданумен ертегі кейіпкерлерінің дауыс күшін өзгертіп, түрлі интонацияда дыбыстауы, сезім ырғағы, қозғалыс үйлесімін серіктесімен сəйкестендіре орындауды қалыптастыру қарастырылады.
Драмма оқу қызметінде балаларға таныстырылатын ертегілер, аңыз әңгімелер образдарының бойындағы адамгершілік нормалары мен достық қарым-қатынас , өзара көмек көрсетуге ынтық және отансүйгіштік қабылеттерін балаға үйрету бағытында реттелген
Драмма оқу қызметін ұйымдастыруда бала жасына лайық кейіпкерлердің көстюмдері, маскалар, бойы биік құршақтарды қолдану міндетті шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |