Педагог музыканттың Әдіснамалық МӘдениеті



бет6/6
Дата22.12.2016
өлшемі1,77 Mb.
#4273
1   2   3   4   5   6

Тілден артык үн барда

Домбыраның күші мол,

Көмейінде күй барда»

- деп дүлділ акын, күйші Іляс Жансүгіров айткан домбыра ұдіретінің философиясын әлі де аша түсу керек-ақ - Ж.Ж.Еңсепов., А.Ж.Еңсепов. (Экономика, право, культура в эпоху бщественных преобразований Материалы международной научно-практической конференции. - Алматы, 2006. -С. 152-158.)


«Музыкалық дүниетаным дидактикасының ғылыми – педагогикалық дамуы». Үлгі ретінде материал (Н. Дүкенбай. С. Торайғыров атындағы ПМУ доценті, Павлодар қ.)

Біз ұсынып отырған мақаланың тақырыбы - оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытудың басты шарты ұғынудың дәлдігі, жас ұрпақтың музыкалық дүниетанымы, музыка мұғалімінің өз мамандығын алған білімін оқушыларға жеткізе алатындай, оны ғылыми - педагогикалық тұрғыда дамытып, жасөспірімнің мәдениеті арқылы өмірге қадам басса, болашаққа жан дүниесі бай, рухани дамыған тұлға болуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Біздің тақырыбымызға ықпал еткен маңызды дәйектеменің бірі – болашақ музыкант - педагогтың, студенттердің музыкалық дүниетанымын дамытуға әсер ететін жоғарғы оқу орындарында 050106 «Музыкалық білім беру», 050402 «Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша оқытудың дидактикалық негізінде деген ғылыми - педагогикалық дамуы, оның Қазақстандағы музыкалық - педагогикалық білім беру тарихы, дамуы, жаңашылдығы, қоғамдағы болашақ жас өспірім, болашақ музыка маманының тәрбие, білім берудегі ролі.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Жұматаева өз еңбектерінде «дидактика – оқытудың пәні, нысанасы (оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар, т.б.). Ол оқыту – оқытуға қатысты әрекет» - дейді [6].

Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек ұрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі - халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім - түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп тұрады.

Музыканың күші, оның жан - жақты әсер ететіндігіне: ерік-жігерге, ақыл - ойға, ойлауға, «логикалық сезімге» байланысты. Ұлы ғұламалар әл-Фараби, Ибн-Сина т.б. жеке тұлғаның рухани дамуына өнер мен мәдениеттің әсері турасында мағлұматтар, оның ішінде музыка өнерінің теориялық және тәжірибелік негіздерін дамыту жайында тұжырымдар, маңызды зор ғылыми еңбектер қалдырған [4].

Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің «Гимнастика денені түзесе, музыка адам жанын түзейді» деген пікірі [2] бекер айтылмаса керек, музыка адамның рухани азығы, жан серігі және тілмен жеткізіп айта алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемділігімен және маңыздылығымен бала жанын баурап, ақыл-ой, сана сезімдерін кеңейтіп, жақсы мінез - қылықтарын біртіндеп қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Музыка өнерінің тағы бір ерекшелігі - адамның көңіл - күйін ортақтандырады. Музыка ағартушысы Б.В.Асафьев жеке тұлғаны қалыптастыруда халық әндерін музыка сабағында тиімді пайдалана білудің орны ерекше екендігін ескере отырып, ойын былайша тұжырымдайды: «Халық арасында музыканың кеңінен дамуы үшін халықтың өзі туғызған мәңгілік өлмес ән өнерінің орны бөлек» [3].

«Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулығы - ән, күй сазында» - дейді шығыс философы, музыка зерттеушісі, ғұлама - ғалым Әбунасыр әл-Фараби [4].

Музыка өнері – мәдени тағылым, асқақтаған ән-күймен дамыған ғасырлар үнінің жемісі. Музыкалық дүниетаным дидактикасының ғылыми-педагогикалық даму тарихы ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың аралығын қамтиды.

Сондықтан, мақала тақырыбын біздер бір жағынан, ел тарихының, адам тұлғасын тәрбиелеп қалыптастыру мәселелерінің көкейкестілігімен байланыстырсақ, екінші жағынан ХХ ғасырдағы өмірлік - әлеуметтік жағдай ерекшеліктерін қоғамның гумандық тәрбиесі міндеттерін сипаттауға орнадық.

Сондай-ақ халықтық тәрбие, музыкалық білім беру, салт-дәстүр мен халық өнерінің дидактикалық, ғылыми-педагогикалық дамуын зерттеуді мақсат еттік.

Қазіргі қоғамның даму тенденциялары тұлғаны жалпы адамзаттық рухани–адамгершілік құндылықтарына баулу барысында қалыптастыруға жаңа концептуалдық әдіс қажеттігін алға тартып отырмыз (алдымыздағы болатын біздің оқу құралдарымыз, оқулықтар жалпы оқу-әдістемелік кешені).

Демек, ұрпақ тәрбиесі мәселесін халықтық құндылықтар негізінде жетілдіру, қазіргі педагогика ғылымының алдына тұрған ауқымды істердің бірі. Жас ұрпақтың ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу арқылы әрбірінің жеке тұлғалық саналарын жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады. Қазіргі мектептерімізде музыкаға оқыту рухани құндылықтарға, көркем шығармашылық әрекетерге тартудың басым бағыт болады.

Музыкалық - эстетикалық білімінің жеке тұлғаның үйлесімді дамуы, музыкалық - эстетикалық тәрбиеге қатыстылық мәселелер С.А. Ұзақбаева, А. Нұғыманова, П.М. Момынов, М.Х. Балтабаев, Р.Р. Жәрдемәлиева, А. Райымбергенов, Т.А. Қышқашбаев, А.А. Қалыбекова, Ш.Б. Құлманова, Р.К. Дүйсембінова және басқа ғалымдар зерттеулерінде өзінің ғылыми - теориялық шешімін тауып, оларда ұлттық музыкамыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін оқу үрдісінде пайдалану жолдарын көрсетеді.

Қазақстан ғалымдары К.А. Дүйсенбаев, Б. Жарықбаев, К.Қ. Құнантаева, Б.И. Мұқанова, С. Қалиев, І.Р. Халитова т.б. ғылыми еңбектерінде халықтық педагогиканың дамуы, заңдылықтары, оның оқу-тәрбие үрдісінде алатын орны, этнопедагогикасының негіздері арқылы тәрбиелеу мәселелерін жан-жақты қарастырған.

ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап (Б. Ғизатовтың «Ән әліппесі» атты оқулығы ең алғашқы оқулық болып 1963 жылы шықты) мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие, музыкалық білім беру бағыты қойылып, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағын өнерсүйгіштікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге баули отырып, елді қорғау, ар-намыс үшін күресе білуге, өзінің дінін, салтын сақтауға, дәстүрлі ән өнері арқылы тәрбиелеу, музыкалық білімділігін арттыру, қалыптастыру - біздің бірінші кезектегі міндетіміз ретінде белгіленді.

Мемлекет тарапынан мектепке музыка пәнінен бағдарламалар, мемлекеттік стандарттар және ЖОО «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша мемлекеттік стандарттар (2004, 2006) жазылып, оқу құралдар, оқулықтар (мектеп, ЖОО) баспадан щығарып жатырмыз [5].

Қазақстан Республикасының музыка саласы «адам ұрпағымен мың жасайды» жалғастығымен ерекшеленеді. Адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді және ол әлі жалғаспақ, қысқасы «ат сабын өзгертіп, өрлеген саналы тірлік». Адамзат еншісіне ғана тиісті, сол тірлік дамуының бастамасы – білім беру, тәрбие беру. Ал, сол білім беру, тәрбиенің ішінде кең ұғымды қамтитыны, тұлғаның музыкалық дүниетанымы – музыкалық білім беру мен музыкалық тәрбие. Оның ішінде өнердің алар орны ерекше.



Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғаннан бері экономикалық, әлеуметтік, рухани-мәдениеттік және т.б. үлкен жаңаруларды жүзеге асыруда. Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев құндылықтар жүйесінің қоғам үшін маңыздылығы жайлы зиялы қауыммен кездесуінде: "Қандай қиын - кыстау жағдайда да адамдар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым - қуыт жылдарда өзіміздің басты құндылықтарымызды сақтап қала білгендігіміз біздің басты жетістігіміз болар" – деді [1].

Қорыта айта келе, музыкалық дүниетаным дидактикасының ғылыми – педагогикалық дамуы арнайы музыкалық оқу құралдар мен оқулықтар қажет етеді. Сондай-ақ оқушылар, жас ұрпақ, болашақ музыка мұғалімінің, алар білімі мен тәрбиесі, ойлау деңгейі мен ұлттық сана - сезімі, оны қоршаған қауымға жеткізе білуі және өзін жаңа қоғам, тәуелсіз қоғамға беймделуі музыкалық дүниетаным дидактикасының негізін құрайды деп білеміз.


Қолданылған әдебиет тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. // Егемен Қазақстан. – 2004. – 16 қазан.

2. Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека: (этика коммунистического воспитания). Педагогическое наследие. – М.: Педагогика, 1990.

3. Асафьев Б.В. Музыкальная форма как процесс. – Л., 1971.

4. Абу Насыр аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. – Алматы: Ғылым, 1993.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім бакалавриат. Мамандығы 050106 - Музыкалық білім беру. ҚР МЖМБС 3.08.273-2006. – Астана. – 09.01. – 2006.



6. Жұматаева Е. Жоғары мектеп дидактикасы дамуының ғылыми педагогикалық негіздері: Дисс. пед. ғыл. докт. – Алматы, 2003.

Тестілер тапсырмалары
1. «Педагог – музыканттың педагогтің әдіснамалық мәдениеті» кімге бағытталған?

А)*болашақ музыка мұғаліміне

В) студенттке

С) бастауыш сынып мұғаліміне

D) ғалымдарға

Е) тәрбиешіге

2. Әдіснамалық бағыт неде байқалады?

А)*өмірлік, кәсібилік тәжірибесінде

В) мінез-құлқында

С) қабілетінде

D) ғалымдарда

Е) дағдысында

3. Әдіснамалық жұмысы неде қалыптасады?

А)*пікірде, баяндамада, дипломдық жұмыста, басқадай ізденіс жұмыста

В) концерттік бағдарламада

С) балалармен қарым-қатынаста

D) тұлғаның шығармашылығында

Е) музыка сабағын жүргізгенде

4. Педагог – музыканттың негізгі жұмысы

А) ойнату

В) оқыту

С) ән айтқызу

D) тәрбиелеу

Е)*барлық жауаптар дұрыс

5. Педагог – музыкант өз жұмысында кәсіби жетілдіру деңгейінде неге үйрену керек?

А) өз-өзін ұстай білуі

В)*кәсіби іс-әрекет жұмысына

С) тұрақталуында

D) музыкалық-педагогикасында

Е) рецензия жазуда

6. Болашақ педагог – музыканттың әдіснамалық мәдениетінің мазмұны

А) ізденістің қалыптасуы

В) әдіснамалық білімнің кәсіби шығуда қалыптасуы

С) дипломдық жұмысын алған әдіснамалық дағдылары

D) жүйені қалыптастыру

Е)*музыкалық-педагогикалық ізденіс жұмысының түрлері

7. Педагог – музыканттың негізгі жұмысы

А) ойлау


В)*оқыту

С) тәрбиелеу

D) сабақты ұйымдастыру

Е) үйрену

8. Ғылыми әрекетінің нәтижесі мен процесі, қоғамдағы құндылық ретіндегі жаңа білімнің заңдылықтары, құрылысы, ұйымдастыру формасы мен әдістемесі, бұл не?

А) рецензия

В) ғылыми баяндама

С) педагогикалық ізденіс жұмысы

D)*әдіснамалық мәдениетінің мазмұны

Е) тәжірибе

9. Берілген шығармаға сын ретіндегі ой-пікірі

А) педагогикадағы ізденіс жұмысы

В)*рецензия

С) ғылыми баяндама

D) әдіснамалық мәдениетінің мазмұны

Е) тәжірибе

10. Музыкалық - педагогикалық мазмұнда берілген тақырыпты тыңдарман алдында баяндау

А) педагогикадағы ізденіс жұмысы

В)*ғылыми баяндама

С) рецензия

D) әдіснамалық мәдениетінің мазмұны

Е) тәжірибе

11. Гипотезаның ғылыми тұрғысы, бұл не?

А) педагогикадағы ізденіс жұмысы

В)*ғылыми баяндама

С) рецензия

D) әдіснамалық мәдениетінің мазмұны

Е) тәжірибе

12. Музыкалық білім беру педагогика әдіснамасында нені білу керек?

А)*құрастыру принциптерін, формаларын, тәсілдерін

В) жүйесін

С) баяндама жазуды

D) жоспарлауды

Е) орындауды

13. Шығарушы мамандырулық жұмысы (дипломдық жұмыс) кезектестік орны (дұрыс нұсқасы)

А) кіріспе, тәжірибелік-эксперимент жұмыс, 1-ші бөлімі, 2-ші бөлімі, қорытынды

В) кіріспе, 1-ші бөлімі, 2-ші бөліміі, тәжірибе-эксперименттік жұмыс, қорытынды

С) тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, кіріспе, 1-ші бөлімі, 2-ші бөлімі, қорытынды

D) 1-ші бөлімі, 2-ші бөлімі, кіріспе, тәжірибе-эксперименттік жұмыс, қорытынды

Е)*кіріспе, 1-ші бөлімі, 2-ші бөлімі, қорытынды, әдебиет тізімі, қосымша

14. Қысқаша түрінде тақырыптың актуалдығы, пән мен объект ізденісі, оның мақсаты мен талабы, гипотезасы, әдіснамалық негізі және ізденісінің әдісі

А) 1-ші теориялық бөлімі

В)*кіріспе

С) 2-ші бөлімі

D) тәжірибе-эксперименттік жұмыс

Е) қорытынды

15. Таңдаған тақырыптың ғылымилық негізі, негізгі түсініктерді қалыптастыру, мәселеге ғалымдардың түрлі көзқарастарын салыстыру

А)*1-ші теориялық бөлімі

В) 2-ші бөлімі

С) кіріспе

D) әдебиет тізімі

Е) қорытынды

16. Алғашқа ізденіс жұмысына студенттің

А)*бейімделуі

В) білімділігі

С) тәрбиелілігі

D) тәжірибе жұмысы

Е) дұрыс жауабы жоқ

17. Пікір (рецензия) – бұл …

А) концерттік бағдарлама жасау

В)*шығармаға сын ретіндегі ой-пікірі

С) тақырыптың өзектілігі

D) автордың ойы

Е) жұмыс бабына сәйкестігі

18. Пікір жазу – ол …

А)*ғылыми ізденіс, салыстыруы, тұжырымы, жаңашылдығы, маңыздылығы

В) салыстыруы, орындау, тыңдау, жаңашылдығы

С) тұжырымы, ізденісі, шығарманы жазуы, орындауы

D) ізденіс, қорытындылауы, орындаушылық, тұжырымы

Е) дұрыс жауабы жоқ

19. Автор «музыкалық ойлауы» категориясын қалай шешті

А) өзіндік пікірі арқылы

В)*белгілі ғалымдардың көзқарастарына сүйену, салыстыру

С) баланың жас ерекшелігіне сүйенеді

D) өзі шешеді

Е) студент-жолдастарына сүйенеді

20. Ғылыми баяндама ол …

А) салынған сурет

В) берілген бейне

С)*музыкалық-педагогикалық мазмұнда берілгін тақырып

D) өзінің көзқарасы

Е) дұрыс жауабы жоқ

21. Мәселенің маңыздылығы, керектігі, шешуі, ғылыми тұрғысы – ол …

А)*ғылыми баяндама

В) курстық жұмысы

С) дипломдық жұмысы

D) реферат

Е) дұрыс жауабы жоқ

22. Педагог – музыканттың негізгі жұмысы

А) ойлау


В)*оқыту

С) тәрбиелеу

D) сабақты ұйымдастыру

Е) үйрену

23. Баяндаманы «оқу» алдында не істеу керек?

А) студент тексеріп шығады

В)*оқытушы оқып шығады, талдайды, пікір жазады

С) әдемілеп компьютермен теру

D) жолдастарының алдында оқып шығу

Е) бәрі де дұрыс

24. Шығарушы мамандырулық жұмысы (дипломдық жұмысы) ол …

А) ғылыми баяндама

В)*қорытынды музыкалық-педагогикалық жұмысының оқу-ізденісі

С) оқу құралға студенттің сын-көзқарасы

D) ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу

Е) дұрыс жауабы жоқ

25. Дипломдық жұмысының тақырыбы ашылады

А) кіріспеде

В)*1-ші теориялық бөлімінде

С) 2-ші бөлімінде

D) қорытында

Е) жауабы жоқ

26. Дипломдық жұмыстың 1-ші бөлімін аяқтағанда

А) тақырыбын ашады

В)*жалпы сипаттамалы тұжырым жасайды

С) негізгі түсініктерді қалыптасады

D) проблемаға көзғарасын салыстырады

Е) жауабы жоқ

27. Диплодық жұмыстың 2-ші бөлімі ол

А) теориялық негізі

В)*тәжірибе-эксперименталды жұмысы

С) ғылыми баяндаманы келтіру

D) дағды мен икемділік

Е) салыстыру нәтижесі

28. Дипломдық жұмысының қорытындысы қалай жазылады

А) жалпы жұмыстың теориялық негізінде

В)*бостандық формада жазылады

С) ғалымдардың пікіріне сүйенеді

D) өзінің пікі

Е) ғылыми жетекшісі жазады

29. Дипломдық жұмысты қорғау үшін

А) қайта оқып шығу

В)*қысқа кіріспе сөзінен басталады (актуалдығы, әдіснамалық негізі т.б.)

С) ғалымдардың пікірі керек

D) ғылыми жетекшісінің пікірі керек

Е) дұрыс жауабы жоқ

30. Ізденістің мәселесі ол …

А) мақсаты

В)*толғаныс, пікір, қайшылық, анықтауы

С) міндеті

D) тақырыбы

Е) дұрыс жауабы жоқ

31. Мәселе мен тақырыптың айырмашылығы

А) ізденіс жұмысында

В) дипломдық жұмыстың мазмұнында

С)*жаңалығында

D) талдау сипаттамасында

Е) дұрыс жауабы жоқ

32. Ізденіс тақырыбы ол

А) категориясы

В)*өзектілігі

С) қызығушылығы

D) даму әдісі

Е) әйел бейнесі

33. Ізденістің объектісі ол …

А) ізденістің қатынасы

В) ізденістің ерекшелігі

С) ізденістің пәні

D)*оқушы, оның оқу-тірбиелік үдіріс», теория мен әдісі, мазмұны мен принциптері, оқушы мен мұғалімнің әрекет әдісі мен пәні

Е) музыкалық-педагогикалық іс-әрекеті

34. Ізденістің мақсаты мен талабы ол …

А) бағалау критерийіның нұсқауы

В)*атқарылған жұмыстың нәтижесі және мақсаттың ашылуы

С) нақтыландыруы

D) тәжірибелік жұмыстың ұштасуы

Е) әдебиеттерін талдауы, білуі

35. Мақсат қою ол …

А) субъектілі-танымалы сипаттама

В)*атқарылған жұмыстың нәтижесі

С) салыстыруы

D) музыкалық қабыдаудың дамуы

Е) дұрыс жауабы жоқ

36. Ізденіс жұмыстың талабы ол …

А) нақтыландыруы

В)*қойылған мақсатты ашуы

С) мақсаттың анықталуы

D) гипотеза-модель құруы

Е) қызығушылық категориясы

37. Гипотеза, ол …

А)*дәлелдеуі, жаңалығы, ізденісі, дәйектемесі

В) қызығушылығы

С) нақтылығы

D) ғылымилығы

Е) жұмыстың нәтижесі

38. Гипотезаны өзгертуге болады

А) 1-ші бөлімде

В) 2-ші бөлімде

С) қорытындыда

D)*кіріспесінде

Е) дұрыс жауабы жоқ

39. Ғылымилық, теориялық және тәжірибелк ізденістің жаңашылдығы ол …

А) ғылыми тұрғыда

В)*жұмыстың нәтижесі, қорытындысы

С) әдебиетті дұрыс қолдануда

D) мақсатты дұрыс қоюында

Е) дұрыс жауабы жоқ

40. Дипломдық жұмыс кіммен бірге жазылады

А) курстастарымен

В)*ғылыми жетекшісімен

С) ата-анамен

D) музыка мұғалімімен

Е) дұрыс жауабы жоқ

41. Дипломдық жұмыстың хаттауы …

А) А–4 формат

В) шрифт – 14

С) жолдардың интервалы – 1.0

D) сол жағы-3 см., оң жағы – 1,5 см., үсті-асты – 2 см.

Е)*барлық жауаптар дұрыс

42. Кіріспесі нешінші беттен басталады

А) 2-ші беттен

В)*3-ші беттен

С) 1-ші беттен

D) 5-ші беттен

Е) дұрыс жауабы жоқ

43. Мазмұны жазылады

А)*басында

В) аяғында

С) жазылмайды

D) 1-ші бөлімнен кейін

Е) жауабы жоқ

44. Библиографиялық аппарат, ол …

А) скрипка кілті

В) басты ғылыми кілті

С)*ізденіс жұмысында қолданатын көрініс кілті

D) ақпарат

Е) дұрыс жауабы жоқ

45. Библиографиялық тізімі, ол …

А) ізденіс жұмыстың басында жазылады

В)*қорытындысынан кейін жазылады

С) жазылмайды

D) тізімі 20-ға дейін жазылады

Е) дұрыс жауабы жоқ

46. «Педагогика – ғылым емес, ол өнер: ең көлемді, күрделі, жоғары деңгейдегі, керектігі, тәрбие өнері ғылымға сүйенеді ...» кім жазды

А) В.И.Теплов

В) Р.Р.Джәрдемәлиева

С)*К.Д.Ушинский

D) Д.Б.Кабалевский

Е) дұрыс жауабы жоқ

47. Педагог-музыкант өз әрекетінде

А) орындаушы

В)*практика жүзінде жұмысын жүзеге асырушы

С) кәсібилігі

D) музыка сабағын жүргізуші

Е) дұрыс жауабы жоқ

48. К.Д.Ушинский айтқан сөзін табыңыз

А) Педагог – ол музыкант ...

В)*педагогика – ғылым емес, ол өнер ...

С) мектеп өміріндегі өнердің рөлі үлкен ...

D) адам сұлулығын жүрекпен сезіну керек ...

Е) өмір – ол шексіз философия ...

49. Педагог-музыкант өз әрекетінде ...

А) мұғалім

В)*практик

С) профессор

D) ізденуші

Е) тәрбиеші

50. К.Д.Ушинский айтуы бойынша тәрбие өнері неге сүйенеді?

А) музыкаға

В)*ғылымға

С) адамға

D) техникаға

Е) өнерге

51. Музыкалық білім беру педагогикасы басқадай қандай ғылымдармен тығыз байланысты

А)*педагогика, фиософия

В) еңбекке баулу, бейнелеу өнері

С) математика, дене шынықтыру

D) психология, геометрия

Е) дене шынықтыру, астрономия

52. Философия мен педагогика қандай байланысты

А) тығыз


В)*көне

С) өзіндік

D) күшті

Е) рухани

53. Педагогика ол …

А) нақты психология

В)*нақты философия

С) нақты эстетика

D) нақты педагогика

Е) нақты музыка

54. Философия - эстетикалық категориялар теорияда қалыптасумен қатар ... қалыптасады

А) өнерде

В)*тәжірибеде

С) тұжұрымдамада

D) адам әлемінде

Е) көркем бейнеде

55. Философия - эстетикалық категориялар теорияда қалыптасады және дәлелі кімнің концепциясында бар?

А) К.Д.Ушинский

В) Д.Б.Кабалевский

С) *М.С.Коган

D) Мацарт

Е) Бах


56. Қазіргі философтар қандай педагогиканы қарастырады?

А) музыкалық

В)*өнер

С) тұлғалық



D) тәжірибелік

Е) кәсіби

57. Кім мектеп өміріндегі өнердің рөлі мен орны қандай екенін көрсетті?

А) Ушинский

В) М.С.Коган

С)*Кабалевский

D) И.Бах

Е) Моцарт

58. Педагог – музыканттың көзқарасы негізгі көркем-педагогикалық процестің байланысы неде?

А) музыка мен мұғаліммен

В)*музыка мен оқушымен

С) музыка мен студентпен

D) оқушы мен студентпен

Е) мұғалім мен оқушымен

59. Музыкалық білім беру педагогикасының ең басты әдіснамалық бағыты …

А) ол музыкатану

В)*ол философия категориясы - диалог

С) ол ғалымдардың ойлары

D) ол музыкатануды қарастыру

Е) ол табиғатты зерттеу

60. Диалог …

А) жан-жануарлардың тілдесуі

В)*бұл адам арасындағы ақиқат ізденісі

С) бұл баласының ойлауы

D) бұл жануарлардың арасындағы ақиқат ізденісі

Е) бұл құстардың тілдесуі

61.Музыкалық білім беру педагогикасының диалогы

А) жай құрал, әдіс

В)*жай құрал емес, ол әдіс

С) жай құрал емес, ол педагогика

D) жай құрал емес, ол өнер

Е) жай құрал емес, ол категория

62. Музыкалық педагогикада неменеге ерекше көңіл аударады?

А) есту стиліне

В)*стиль бағытына

С) мұғалімнің біліміне

D) оқушының біліміне

Е) музыканттың міндетіне

63. Есту атрибуция стилі – ол:

А) музыка арқылы интонацияның құрылысы, жүйесінің анықтауы

В)*музыкалық шығарманың есту арқылы айырмашылығын тану, ұқсастығын тану

С) музыка арқылы есеп шығару

D) музыкалық материалды сұрыптауы

Е) қазіргі ғалымдардың ойы

64. Психологияның музыкалық білім беру педагогикасымен байланысы

А) психологиялық негізінде қоршаған ортаның әсері

В)*ол адамның зерттеуі және оның музыкалық дамуындағы жалпы бағытының белгісі

С) адам мен музыканың байланысы

D) психологиялық ғылым

Е) жас ерекшелігін зерттеуі

65. Философия - эстетикалық категория неде қалыптасады?

А) теорияда

В) практикады

С)*теория мен тәжірибеде

D) мектеп өмірінде

Е) музыкамен шұғылданғанда

66. Педагог – музыканттың көзқарасы негізгі көркем -педагогикалық процестің байланысы неде?

А) музыкада

В) оқушыда

С)*музыка мен оқушыда

D) баланы музыкаға үйретуде

Е) музыкалық шығарманы қабылдағанда

67. Әдіснамалық бағыты неде?

А) педагогикалық категорияда

В)*философия категориясы диалогта

С) музыкалық шағарманы орындағанда

D) мұғалім-музыкант берген тапсырмада

Е) дұрыс жауабы жоқ

68. «Музыкалық интонация» - ол:

А) арнайы қасиет

В)*биіктігі, музыкалық тіл, музыкадағы өлшеу

С) музыкалық өлшем

D) музыкалық екпін

Е) іздену

69. Мәнерлеу құралдардың барлығы – ол:

А) суреттеу

В)*музыкалық интонация

С) адамның мінезі

D) батылдық

Е) музыканы тану

70. «Музыкалық жанр» - ол:

А)*музыкалық шығармалардың түрлері

В) шығармаларды орындау

С) музыка тыңдау

D) музыкалық материалдарды құру

Е) музыканы реттеу

71. Музыкалық жанр – ол:

А) «жеңіл» музыка

В) «ауыр» музыка

С) «салмақты» музыка

D)*ән, би, марш, күй

Е) барлық жауаптар дұрыс

72. «Музыкалық стиль» - ол:

А)*мәнерлеушілік құралдар жүйесі

В) әлемдегі рухани көрінісі

С) әуесқойдың шығармашылығы

D) музыкалық-тарихи процесс

Е) жалпы мен ерекше қатынасы

73. Музыкалық стиль кімде болады?

А) жазушыда

В) ақында

С)*композиторда

D) мұғалімде

Е) оқушыда

74. Музыкант - мұғаліміне қандай білім, іскерлік, дағды қажет

А)*шығармашылық және интергративтік жолмен сабақ беру әдістемесін меңгеру

В) музыкалық-педагогикалық дайындықты жақсы меңгеру

С) материалды практикалық түрде меңгеру

D) музыкадан баламалы бағдарламалар туралы жалпы түсінігі болу

Е) балалар аудиториясымен жұмыс негіздерін меңгеру

75. Музыкатанушылар музыкалық стильді қалай түсіндіреді?

А)*берілген идея-бейненің мазмұнын мәнерлеу құралдарының жүйесі арқылы

В) жаңашыл әдіс-тәселдерді кіргізу

С) жаңа инновациялық технологияны кіргізу

D) интонация - стиль музыкасын меңгеру әдісі

Е) стиль-есту, талдау әдісі

76. Сабақта музыкалық іс-әрекет түрлерін не біріктіреді

А) оқытудың әдіс-тәсілдері

В) оқушылардың ұжымдық жұмысы

С)*сабақтың тақырыбы

D) музыкалық материал

Е) оқытудың көрнекілік және техникалық құралдарын қолдану

77. Педагог – музыканттың алдына қойған міндет

А) музыка сабағын сапалы түрде өткізу

В)*музыкалық-интонациялық құралдарының жүйесін анықтау

С) музыка сабағын құру

D) бейнелеу формасын анықтау

Е) оқушыларға алған білімін үйретуі

78. Музыка мұғалімін дайындауда жалпы білім беретін циклдардың қандай пәндеріне сүйену керек

А) әлеуметтану, философия

В)*педагогика, психология, музыкалық білім беру әдістемесі

С) этика, логика

D) оқу-танымдылық әрекетін ұйымдастыру әдісі

Е) музыканы қабылдау ұйымдастыру әдісі

79. Психологияның музыкалық білім беру педагогикасымен байланысы – ол:

А) баланы музыкаға бейімдеу

В)*адамды зерттеу және оның музыкалық дамуындағы жалпы бағытының белгісі

С) музыкалық білім беру әдістемесі пәнін жетік білуі

D) музыка сабағында оқушылардың қызығушылығын көтеру

Е) дұрыс жауабы жоқ

80. Оқушыларға музыкалық білім берудегі басты әдістер

А) мадақтау және жазалау әдісі

В)*қорытындылау, алды шолу, өткенге оралу және музыкалық драматургия әдістері

С) оқушының оқытушымен ынтымақтастық әдісі

D) оқу-танымдылық әрекетін ұйымдастыру әдісі

Е) музыканы қабылдауды ұйымдастыру әдісі

81. Музыкалық білім беру педагогикасы және психологияның байланысы – ол:

А) педагогика пәнін меңгеру

В)*қоршаған ортаның әсері және педагогтың ұйымдастыру қабілеттілігі

С) психологияны меңгеру

D) баланың жас ерекшелігін білу

Е) баланың психологиялық қасиеттерін меңгеру

82. Музыка сабағындағы іс-әрекеттің басты түрлері

А) музыкалық ойындар

В) музыкалық-ырғақтық жаттығулар

С)*музыканы қабылдау, хормен ән айту

D) музыкалық сауаттылық

Е) балалар аспаптары

83. Педагогика мен психология арасындағы басқадай заңды байланыс-ол:

А)*оқушылардың музыкалық әрекеті нәтижесінің, тұлғаның дамуының арасындағы байланысы

В) бала мен мұғалім арасындағы қатынасы

С) оқытушының білімдік сапалығының деңгейі

D) музыкалық білім беру сапасының көтеруі

Е) дұрыс жауабы жоқ

84. Оқушылараға музыкалық білім берудің арнайы принциптері

А) көрнекілік принцип

В)*эмоциялық пен саналылықтың, көркемдік пен техникалықтың бірлігі

С) тақырыптық

D) тәрбиелеп оқыту

Е) ладтық, ырғақтық сезімнің бірлігі

85. Психология музыкалық білім беру саласында қандай қатынаста

А)*теория мен практикада және технологиялық әдісінде

В) дәріс оқыған кезінде

С) мектепке практикаға барғанда

D) оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасында

Е) дұрыс жауады жоқ

86. Психолог пен педагог өз жұмысында қандай түсініктерді қолданады

А) бала тұлғалығы

В)*музыкалық әрекет, музыкалық қабілет, музыкалық танымдық қабілет

С) музыкалық білім беру

D) музыканы қабылдау

Е) музыканы есте сақтау

87. Психология мен музыкалық білім беру арасындағы психологиялық байланыс не ашады

А) адам психикасын қалыптастыру

В)*адамның психикасы мен адамның тұлғалығының қалыптасуы

С) психологиялық механизмнің болуы

D) жалпы психологиялық принциптері

Е) дұрыс жауабы жоқ

88. Психологиялық пен педагогикалық принципке жатады

А)*музыкалық білім беру әдісінің барысы

В) сапалы білім беру

С) оқушының музыкалық қабілеті

D) музыка мұғалімнің ЖОО алған білімі

Е) практика

89. Сана мен әрекет бірлігі – ол:

А)*принцип

В) шығармашылық

С) қарым-қатынас

D) музыкалық қаблет

Е) музыкалық есте сақтау

90. Әдіснамалық талдау – ол

А)*ізденістің маңыздылығы және педагогикалық болмыстың шындығы

В) әдіс-тәсілі

С) ғылыми ізденісі

D) педагогикалық жұмысының шындығы

Е) дұрыс жауабы жоқ

91. Рефлексия – ол:

А) адамды зерттеу

В) оқушының музыкалық қаблетін байқау

С)*сана сезімінің өзіне жұмыс істеуі, тұлғаның кәсібилік сапалығы, іс-әрекетінің түрі, көзқарасы, қызығушылығы

D) тұлғаның кәсібилік сапалығы

Е) музыкалық іс-әрекетінің түрлері

92. Педагог – музыканттың кәсіби рефлексиясы – ол:

А) қарама-қайшылық

В)*жаңа білімдерді табу, іздеу, үйрену

С) орындаушылық деңгейі

D) тұлғалығы

Е) интелектуалдылығы

93. Студенттің рефлексия функциясы – ол …

А)*өз-өзіндік білімділігі, ізденіс қатынасы және мәселені шешуі

В) музыкалық білімді меңгеру

С) аспапта орындау шеберлігі

D) музыка арқылы тәрбиелеу

Е) педагог-музыкант болуы

94. Студентті оқыта оқытуды (учить учиться) қалай түсінесің

А)*рефлексиямен қаруландыру деген ұғым

В) өзбетімен оқу деген мағына

С) әдістемелік әдебиеттерді көбірек оқу деген мағына

D) студент студентпен қарым-қатынасы

Е) дұрыс жауабы жоқ

95. Рефлексия барысы (направление) – ол:

А)*өз-өзіндк талдау, даму жоспарын құру, жоспарды жүзеге асыру, өзіндік дамуы

В) өз-өзіндік жоспарын құру

С) өзінің жоспарын жүзеге асыру

D) өзіндік дамуы

Е) дұрыс жауабы жоқ

96. Алғашқы өзіндік талдау – ол …

А)*қайшылықты табу, сезіну, арнайы әдебиеттерді талдау, кәсіби қаблетінің деңгейін талдау, түрлі мақсаттарды шешу, оқушыларды музыкалық дамуында педагогтың басқаруы

В) оқушыларды музыкалық дамуында педагогтың басқаруы

С) түрлі мақсаттарды шешу

D) кәсіби қаблетінің деңгейін талдау

Е) дұрыс жауабы жоқ

97. Өз-өзіндік талдау – ол:

А)*өз ішкі сезімінің жұмыс істеуі, өз-өзімен диалог ретінде жұмыс істеуі

В) қайшылық туғызуды деген мәселені шешу

С) сандрақтап бетімен сөйлеу

D) қысқа да нұсқа сөйлеу

Е) дұрыс жауабы жоқ

98. Бірінші рефлексия әрекеті – ол:

А) мәселені шешу

В)*өз ішкі сезімінің жұмыс істеуі, өз-өзімен диалог ретінде жұмыс істеуі

С) ішкі сезімі

D) оқушыларды музыкалық дамуында педагогтың басқаруы

Е) оқушыларды музыкалық дамуында тәрбиелеу міндеті

99. Екінші рефлексия әрекеті – ол:

А)*талдаудың құрылым-логикалық кезеңі, жоспарды жүзеге асыру құрылымы, оқушының музыкалық дамуы, кәсіби-тұлғалық жетілуі

В) өзіндік жоспарды жүзеге асыру

С) оқушының музыкалық дамуын жүзеге асыру

D) талдаудың құрылым-логикалығы

Е) дұрыс жауабы жоқ

100.Үшінші рефлексия кезеңі – ол:

А) даму процесінің өзі

В) тұлғалық сапалығының дамуы

С) икемділігі мен қаблеттілігінің дамуы, қалыптасуы

D) музыкалық-педагогикалық болмыстың қалпы

Е)*барлық жауаптар дұрыс

101. Төртінші рефлексия қызметі – ол:

А) өзінді қорытынды талдауы

В) бірінші рефлексия талдауының нәтижесі

С) екінші рефлексия талдауының нәтижесі

D) практика жүзінде, кәсібилік әрекетіндегі рефлексия нәтижесінің қолдануы

Е)*барлық жауаптар дұрыс

102. Кәсіби әрекетінде қайшылықты жеңу, жою, өтеу – ол:

А)*рефлексия талдауының процестері, қиыншылықтың себебін біле тұра, жою болып табылады

В) рефлексия әрекетінің нәтижесі

С) рефлексия нәтижесінің қолдануы

D) бірінші, екінші рефлексия нәтижесі

Е) дұрыс жауабы жоқ

103. Музыкалық-педагогикалық ізденістің теориялық әдісі – ол:

А)*жалпылау мен мазмұнды абстракция мен жүйесі және ізденістің бүтіндей ашылуы

В) бүтіндей ашылуы

С) жанрлық жалпылығы

D) ізденістің бүтіндей ашылуы

Е) дұрыс жауабы жоқ

104. Жанр арқылы жалпынама – ол:

А)*берілген әдістің табиғаты, құрылымы, ерекшелігі

В) әдістің көптілігі

С) әдістің құрылымы

D) әдістің ерекшелігі

Е) әдістің практика жүзінде асуы

105. Жедел нақтыға көшу кезіндегі музыкалық - педагогикалық ізденістің неше жолы бар?

А) біреу


В) екеу

С)*үшеу


D) төртеу

Е) бесеу


106. Бірінші ізденістің жолы

А)*ізденіс гипотезаның құрылымы

В) жүйені құру

С) музыкалық өнерді меңгеру

D) меңгерудің механизмі

Е) дұрыс жауабы жоқ

107. Екінші ізденістің жолы

А) ғылыми тану теориясын табу

В) жанр-интонациялық қатынас

С) музыка мен өмірдің байланысы

D) негізгі жол

Е)*барлығы дұрыс

108. Үшінші ізденістің жолы

А)*теорияны оқу бағдармасында қолдану және практика жүзінде асыру

В) әдебиетті қолдану

С) оқытушымен ақылдасу

D) студент пен оқытушының қарым-қатынасы арқылы

Е) дұрыс жауабы жоқ

109. Талдау мен синтез – ол:

А)*бірде-бір теориялық актінің ойлауы

В) тұлғаның еріктігі

С) тұлғаның мінез-құлқы

D) музыкалық әрекеті

Е) дұрыс жауабы жоқ

110. Әдіснамалық талдау – ол:

А) педагог – музыканттың әрекеті, өз ғылым саласының білімділігі және басқадай ғылым салада (философия, ғылыми, көркемдік)

В) тұлғалық-шығармашылық қатынасының негізі

С) музыкалық-педагогикалық кәсіби-негізінің мәселесі

D) шешуі мен ғылыми дәйектемесі

Е)*жауаптардың бәрі дұрыс

111. Эмпириялық тану – ол:

А) тәжірибе жолымен тану мығынада

В) музыкалық білім беру практикасы

С) іс-әрекетінің нәтижесі

D) ізденістің нәтижесі

Е)*барлық жауаптар дұрыс

112. Педагогикалық бақылау – ол:

А) «табиғи» жағдайда

В) мектепте – музыка сабағында

С) ЖОО – дәріс пен семинарлық сабақтарда

D) колледжде орындаушылық кезінде

Е)*барлық жауаптар дұрыс

113. Оқушымен, педагогпен, ата-анамен сұхбаттасу – ол:

А) ізденушінің музыкалық-педагогикалық құбылысы мен процесіне кіруі, түсінуі

В) фактілерді белгілеу

С) дәлелдігін тексеру

D) қорытындысының нәтижесі

Е)*жауатрадың барлығы дұрыс

114. Музыкалық - педагогикалық тәжірибесін зерттеу – ол:

А) тәжірибенің жаңашылдығы

В) өз ісінің шеберлері

С) мәселелерді мұғалімнің өз жұмысында шешуі

D) тәжірибедегі шығармашылықты қолдану

Е)*барлық жауаптар дұрыс

115. Кәсіби әрекетінің ерекшелігі

А) объективтілік-субъектілік сипаты

В) тұлғалық диалектикалық қатынасы

С) ғылымилық, көркемдік саласы

D) ғылымилығы мен көркемділігінің бірлігі

Е)*барлық жауаптар дұрыс

116. Педагогика саласындағы музыкалық білім беру өте маңызды және оқушының музыкалық - эстетикалық дамуының құралы деп кім айтты?

А) Сухомлинский

В)*Кабалевский

С) Щацкая

D) Абай

Е) Абдуллин



117. «Өз жұмысына шығармашылықпен қарау ... кәсіби мамандығы мен шаруашылық-мамндықтың айырмашылығы» кім айтты?

А) Сухомлинский

В)*Кабалевский

С) Щацкая

D) Абай

Е) Абдуллин



118. Философиялық, жалпығылымилығы мен жеке ғылымилығының деңгейі

А) музыкалық - педагогикалық мәселелерін әдіснамалық талдау барысының бірізділігі, оның музыкалық білім беру ерекшелігі, педагог-музыкантты дайындау барысы

В) педагог-музыкантты дайындау барысы

С) музыкалық білім беру ерекшелігімен

D) әдіснамалық талдау барысының бірізділігі

Е)*барлық жауаптар дұрыс

119. «Жекешілік анықталса, онда жалпы да анықталады» кімдер айтты

А)*философтар

В) музыканттар

С) оқытушылар

D) ата-аналар

Е) дұрыс жауабы жоқ

120. Музыканы қабылдаудың тыңдаудан айырмашылығы

А) айырмашылығы жоқ

В)*шығарманың мазмұны мен сипатын талдауда пайдаланатын саналы үрдіс

С) көрнекілікпен байланыс

D) шығармашылық міндеттерді шешу

Е) тыңдаумен салыстырғанда аса күрделі



Қолданған және ұсынатын әдебиеттер

Неізгі

1. Апраксина О.А. О праве учителя – музыканта на эксперимент. Музыкальное воспитание в школе. – Вып. 13. – М., 1978. – С. 66-76.



  1. Асафьев Б.В. Интонация // Музыкальная форма как процесс. – Л., 1963. – С. 211 – 365.

  2. Гегель Г.Ф. Характер содержания в музыке //Альмонах музыкальной пстхологии. – М., 1994. – С. 91 – 131.

  3. Ильин И.А. «Моцарт и Сольери» Пушкина //Одинокий художник / Сост. Предисл. И примеч. В.И.Белова. – М., 1993. – С.85 – 103.

  4. Искусство, музыкознание, музыкальная психология и музыкальная педагогика: Хрестоматия / Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Целковников. – Вып. 1. – Ч. 2. – М., 1991.

  5. Коган Г.М. Как делается научная работа. Избранные статьи. Вып. 2. – М., 1972. – С. 87 – 127.

  6. Каган М.С. Музыка в мире искусства / Советская музыка. – 1987. - № 1. – С. 26 – 38.

  7. Медушевский В.В. Человек в зеркале интонационной формы // Советская музыкак. – 1980. - № 9. – С. 39 – 48.

  8. Михайлов М.К. О некоторых психологических механизмах музыкального мышления //Этюды о стиле в музыке: Статьи и фрагменты. – Л., 1990. – С. 117 – 123.

  9. Музыкальное образование в школе: Учебное пособие / Под ред. Л.В.Школяр. – М., 2001.

  10. Назайкинский Е.В. Память жанра // Стиль и жанр в музыке. – М., 2002. – С. 19-22; 51-58.

  11. Ручьевская Е.В. Интонационный кризис и проблема переинтонирования // Советская музыка. – 1975. - № 5. – С. 129-134.

  12. Соколов А.С. Триадичность как гносиологическая проблема в философии, науке, скусствозанании // Музыкальная композиция 20 века; Диалектика творчества. – М.: Музыка, 1992. – С. 3-25.

  13. Философия, социология, психология искусства и музыкальная педагогика: Хрестоматия / Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Целковников. – Вып. 1. – Ч. 1. – М., 1991.

  14. Целковников Б.М. Мировоззрение педагога – музыканта: В поисках смысла. Исследование. – М., 1999.


Қосымша

  1. Абдуллин Э.Б. Методологическая подготовка учителя музыки. М., 1991.

  2. Дипломные работы: Методическое пособие / Отв.ред. С.А.Козлова. – М., 1996.

  3. Методология музыкального образования: проблемы, направления, концепции / Отв.ред. Э.Б.Абдуллин. – М., 1999.

  4. Методология // Музыкальное образование в школе: Учебное пособие / Под ред. Л.В.Школяр. – М., 2001.

  5. Сысоева М.Е. Организация научно-исследовательской работы студентов. – М., 2000.

  6. Педагог – музыкант в пространстве Мысли и Духа: Хрестоматия / Сост. Б.М.Целковников. – М., 1998.

  7. Целковников Б.М. Педагог – музыкант в пространстве Мысли и Духа. Учебное пособие. – М., 1999.

  8. Бахтин М.М. К философии поступка // Философия и социология науки и техники: Ежегодник. 1984 – 1985. – М., 1986.

  9. Бердяев Н.А. Философия свободы: Смысл творчества. – М., 1989.

  10. Гессен С.И. Основы педагогики. Введение в прикладную философию. – М., 1995.

  11. Каган М.С. Мир общения: Прблемы мужсубъектных отношенийй. – М., 1988.

  12. Куренкова Р.А. Феноменология в практике жудожественного образования // Феноменология исследования: Российско-американский ежегогдник. – 1998. -№ 2.

  13. Альшванг А.А. Продлемы жанрового реализма: К 70-летию со дня смерти А.С.Даргомыжского // Избр.соч.: В 2 т.-Т.1.- М., 1964.

  14. Цуккерман В.А. Музыкальные жанры и основы музыкальных форм. – М., 1964.

  15. Конен В.Д. Третий пласт: Новые массовые жанры в музыке 20 века. – М., 1994.

  16. Скребкова-Филатова М.С. Некоторые проблемы жанрового анализа в музыке // Продлемы музыкальных жанров: Сб. Трудов ГМПИ им. Гнессиных. – Вып. 54. – М., 1981.

  17. Соколов О.В. К проблеме типологии музыкальных жанров // Прблемы музыки 20 века. – Горький, 1977.

  18. Сохор А.Н. Эстетическая природа жанра в музыке. – М., 1981.

  19. Сохор А.Н. Вопросы социологии и эстетики музыки. – Кн. ІІ. – Л., 1981.

  20. Бочкарев Л.Л. Психология музыкальной деятельности. – М., 1997.

  21. Петрушин В.И. Музыкальная психология. – М., 1994.

  22. Подуровский В.М., Суслова Н.В. Психологическая корреция музыкально-педагогической деятельности. – М., 2001.

  23. Старчеус М.С. Музыкальная одаренность // Психология одоренности детей и подростков / Под ред. Н.С.Лейтеса. – М., 1996.

  24. Цыпин Г.М. Психология музыкальной деятельности: проблемы, суждения, мнения. – М., 1995.

  25. Музыкант – педагог. Спецвыпуск журнала «Преподаватель». - № 4. – 1999. - № 6. – 2001.

  26. Н.Дүкенбай, Ә.Әміренов. «Музыкалық білім беру теориясы» Павлодар. С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2006.

  27. Н.Дүкенбай. Г.Дүкенбай. «Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы». Павлодар. С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2008.


Мазмұны


Кіріспе 3

І тарау. Музыкалық білім беру әдіснамасына кіріспе 4

1.1 Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы

және музыкант - педагогтің әдіснамалық мәдениеті 4

1.2 Музыкалық-педагогикалық әрекет ізденістерінің түрлері 5



ІІ тарау. Музыкалық - педагогикалық ізденісінің

әдіснамалық сиаттамасы 28

2.1 Музыкалық-педагогикалық ізденістің

әдіснамалық сипаттамасының негізі 28

2.1.1 Ізденістің мәселесі 28

2.1.2 Ізденістің тақырыбы 29

2.1.3 Ізденіс жұмысының объектісі және пәні 29

2.1.4 Ізденістің мақсаты мен (міндеттері) талабы 30

2.1.5 Ғылыми ізденістің гипотезасы 30

2.1.6 Ізденістің әдіснамалық негізі 31

2.1.7 Ізденістің ғылымилығы, теориялығы және

тәжірибелік - эксперименттік жаңашылдығы 32

2.2 Дипломдық жұмыстың рәсімдеуі 32

2.2.1 Библиографиялық хаттауы 36

2.2.2 Библиографиялық сілтеудің жазу ережесі 36

2.2.3 Негізгі мәтіннің тәсілі, әдебиет негізімен байланысы 36



ІІІ тарау. Музыкалық білім беру, педагогикасының

философия және басқадай ғылымдармен байланысы 38

3.1 Музыкалық білім беру педагогикасы және философия 38

3.2 Музыкатану және музыкалық білім беру педагогикасы 41

3.3 Музыкалық білім беру педагогикасы және психология 44

IV тарау. Музыкалық білім беру педагогика

мәселелерінің әдіснамалық талдауы 50

4.1 Музыкалық - педагогикалық мәселелерінің

әдіснамалық талдаудың маңыздылығы 50

4.1.1 Музыкалық - педагогикалық ізденістің теориялық

әдістері 51

4.1.2 Музыкалық - педагогикалық ізденістің эмпирикалық

әдістері 53

4.2 Музыкалық - педагогүикалық мәселелерінің

әдіснамалық талдау принциптері 55

4.2.1 Объективтік және (пен) субъективтік байланысы 55

4.2.2 Кәсібилік (ық) бағыты 57

4.2.3 Философиялық, жалпығылымилық және

жекеғылымилық деңгейінің әдіснамалық талдауының

бірлігі 58

4.2.4 Студенттің педагогикалық ізденісінің жалпы

логикасы және құрылымы 60

4.2.5 Студенттің ғылыми ізденісіндегі дайындық кезеңі 61

Қосымша (Түсініктеме, айтқан сөздер, сөздік, глоссарий

және т.б.). 63

Тестілер тапсырмасы 94

Қолданылған және ұсынатын әдебиеттер 114



Назымбек Дүкенбай

Гүлжаннат Дүкенбай



МУЗЫКАНТ-ПЕДАГОГТІҢ

ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ


Оқу құралы
Техникалық редактор Д.Н. Айтжанова

Жауапты хатшы Г.Н. Мусина

Редакторы Қоспакова З.А.

Басуға 31.08.2010 ж.

Әріп түрі Timas.

Пішімі 29,7+421/4 Офсеттік қағаз

Шартты баспа табағы 5,56 Таралымы 50 дана

Тапсырыс № 1428


«КЕРЕКУ» Баспасы

С.Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университеті

140008, Павлодар қ., Ломов к-сі, 64







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет