Педагог музыканттың Әдіснамалық МӘдениеті



бет1/6
Дата22.12.2016
өлшемі1,77 Mb.
#4273
  1   2   3   4   5   6
Н.С. Дүкенбай

Г.Н. Дүкенбай



ПЕДАГОГ - МУЗЫКАНТТЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Н. Дүкенбай

Г. Дүкенбай

ПЕДАГОГ - МУЗЫКАНТТЫҢ

ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
05В010600 «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша студенттер мен оқытушыларға арналған оқу құралы

Білім мен ғылым саласында, мәдени мұра шеңберінде,

Қазақстан Республикасы экономика дамуына,

кәсіби мамандар дайындау және Кереку-Баян өңірінің

мәдениет саласына еңбегі зор С.Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекттік университетінің 50-жылдық

мерейтойына арналады

Павлодар


Кереку

2010


ӘОЖ 371.13 (075.8)

ҚБЖ 74.204 Я73

Д 87

С.Торайғыров атындағы ПМУ Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынды
Пікірсарапшылар:

Кокумбаева Б.Д – философия ғылымдарының докторы, өнертану ғылымдарының кандидаты, ПМПИ профессоры.

Жұматаева Е.Ө. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ПМУ.
Н. Дүкенбай, Г. Дүкенбай

Д 87 Педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті: 0В010600 «Музыкалық білім беру» мамандағы бойынша студенттер мен оқытушыларға арналған оқу құралы /

Н. Дүкенбай, ф.ғ.к., Г. Дүкенбай. – Павлодар: Кереку, 2010. – 122 б.
ISBN 9965-573-94-8
Оқу құралы болашақ педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуына арналады. Оқу құралында музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалық негізі, музыкалық – педагогикалық ізденістің әдіснамалық сипатының негізі қаралады, музыкалық білім беру педагогикасының басқа ғылымдармен байланысы, музыкалық – педагогикалық мәселелерін талдау технологиясы мен принциптері берілген. Қосымшада музыкант – педагогтің әдіснамалық мәдениет мәселесі, педагогика әдіснамасы және музыкалық білім беру практикасына арналған атақты ғалымдардың еңбектері, пікірлері берілген.

Оқу құралы Мемлекеттік стандартқа сәйкес 0В010600 (бакалавриат) «Музыкалық білім беру» мамандығы және 6N0106 (магистратура) бойынша жазылған. Оқу құралын оқытушыларға, магистранттарға, аспиранттарға, жоғары және орта арнайы кәсіби оқу мекемелерінің студенттеріне, жалпы білім беру мекемелерінің мамандарына және де балаларға, жастарға музыкалық білім беру, музыкалық тербие беру процесімен байланысты мамандарға ұсынамыз.



ISBN 9965-573-94-8

ӘОЖ 371.13 (075.8)

ҚБЖ 74.204 Я73

© Н. Дүкенбай, Г. Дүкенбай, 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010

Кіріспе

Кейінгі уақытта Қазақстан Республикасында әдіснамаға қатысты ғалымдардың көзқарасы мүлде өзгерді, мәселең қарапайым абстракциядан күрделі кең мағынадағы жүйеге қарай және жай ғана фолософтардың қызығушылығы ғана емес тәжирибеде де көзқарас қалыптасты.

Жалпы «педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті» болашақ музыка мұғаліміне бағытталған. Бұл студенттік ізденіс жұмысынан бастап, дәлелдеу және көрсету болып табылады, кәсібилік бағытының әдіснамалық мәдениеті қалыптасуда және де бұл бағыт қызықты да, керекті де және ақиқат.

Біріншіден, әдіснамалық бағыт қалай да болсын педагог - музыканттың өз әрекетінен байқалады. Әр оқушының мінез - құлқын, оның қабілетін, икемділігі мен дағдысын, қызығушылығын музыка мұғалімі қайдан біледі дейміз? Мұны олар өмірлік, кәсібилік тәжірибесінен алады деуге болады.

Екіншіден, оқу құралы қарапайым пікір, кішкене баяндама, басқадай студенттік ғылыми жұмыстарды жазу (курстық, дипломдық) барысында қалыптасады және жай ғана жазып қоймай, мысал арқылы дәлелдеп, қалай жазу керек екенін көрсетеді.

Үшіншіден, оқу пәні оқу құралында берілген қосымшаға назар аударуға, студенттің өзін-өзі тануына, семинарлық сабақтарға дайындалуға көп көмек береді.

Және де болашақ музыка мұғалімі музыкалық білім беру педагогикасының басқадай ғылыммен, фолософиямен байланыста болғанын меңгеріп, қадағалайды және ЖОО білім алу процесіндегі қорытынды нәтиже барысындағы шығарушы мамандандыру (дипломыдық) жұмысын жазуына бағытталады.

Педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті – ойлау, түрлі көзқарастарды салыстыру, өзінің позициясын ғылыми тұрғыда дәлелдеу қабілеттерінің көрінісі болып табылады.

Ең негізі, ол әдіснамалық мәдениетінің музыкалық білім беру педагогикасының тәжірибелік мәнін ашу, білім мен икемділігін қабылдауы мен қалыптасуы.


1 Тарау

Музыкалық білім беру педагогикалық әдіснамаисына кіріспе
1.1 Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті

«Музыканы оқыту процесінде сіздер ғылыми - ізденіс әрекетімен шұғылданасыздар ма?» - деген сұраққа музыка мұғалімі жауап бере алмайды. «Біз оқытамыз, тәрбиелейміз, ал ізденіс жұмысымен ғалымдар шұғылдансын» - дейді.

Әрине, педагог - музыканттың негізгі жұмысы – оқыту. Бірақ тәжірибелі музыкант өз жұмыс - әрекетін, оқушылардың іс-әрекетін, өз нәтижесін қалай талдамайды? Тәжірибелі педагогтан сұрасақ - қандай нәтиже, қандай мүмкіншілік, неге үйрету, неге тәрбиелеу, қандай қызығушылығы, балалардың түрлі әрекеттегі көрінісі, олардың музыкалық дамуына, икемділік пен дағдыларының қалыптасуына қай жерде, әлі де неге көңіл бөлу керек? - деген сұрақ туады.

Әрбір педагог - музыканттың өз жұмысында кәсіби жетілдіру деңгейінде неге үйрену керек: өздік жұмысының ізденуін, кәсіби әрекетінің талдауын, оқыту әдісінің нәтижелілігін, музыкалық білім беру мазмұнының нәтижесін қадағалау және өз ізденісінде принциптер мен бағыттылығын қалыптастыруы керек. Осындай іс-әрекет мазмұны әдіснамалық сипаты деп аталады.

Сонда да музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалығы деген не?

Оны ғылым ретінде қарастырайық:


  • музыкалық – педагогикалық іс-әрекетіндегі ғылыми – ізденісін құрастыру принциптерін, формаларын және тәсілдерін білу;

  • білім алу жолын және тиімділігін ғылыми тұрғыда қарастыру, іс-әрекет жүйесін құрастыру;

  • музыкалық - педагогикалық ізденісінің әдіснамалық сипатының маңыздылығын меңгеру;

  • музыкалық - педагогикалық мәселені және теориялық маңызындағы ой-түйінін әдіснамалық талдау арқылы шешу;

  • рецензия, баяндама жазуды ғылыми тұрғыда үйрену;

  • музыкалық - педагогикалық саласында тәжірибе - эксперимент жасауын меңгеру, жоспарлауын үйрену;

  • музыкалық - педагогикалық ізденіс нәтижесінің алғашқы қадамының тұрақталуы;

  • дипломдық жұмысын жазу барысында алған әдіснамалық дағдылары мен икемділігі арқылы орындау.

Болашақ педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениетінің мазмұны:

  • музыкалық білім беру әдіснамасына қызығушылықпен қарау, оны тәжірибелік әрекетінде және мұғалімдік тұлға ретінде құндылығын түсіну;

  • әдіснамалық білімінің кәсіби деңгейде қалыптасуы;

  • ізденіс жұмысындағы әдіс - тәсілдерін меңгеру барысында тәжірибеде қолдана білуі және қолданған әдебиетті әдіснамалық тұрғыда талдай білуі.


1.2 Музыкалық-педагогикалық әрекет ізденістерінің түрлері

Педагогикадағы ізденіс жұмысы – бұл ғылыми әрекетінің нәтижесі мен процесі, қоғамдағы құндылық ретіндегі жаңа білімнің заңдылықтары, құрылысы, оқу-тәрбие механизмі, педагогика тарихы мен теориясы, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдісі, оның мазмұны, принципі, ұйымдастыру формасы және әдістемесі.

Сондықтан қандай ізденіс жұмыстарының түрлері болады? Алғашқы қадам - ол студенттің осы саласындағы бейімделуі.


Талдау негізінің қайнар көзі

Мақсаты: әдебиет қайнар көздері әдісімен танысу және педагогикалық практикадан жинақтау фактілерінің әдісі:



1. Ізденіс жұмысын тиімді, өнімді және мамандандыру мақсатында жұмыс жасау, басылымдағы ізденіс жұмыстарын зерттеуін үйрену. Бұл жұмыстың аты «зерттеу - сұрақты талдау қалпы». Сондықтан ізденушінің кітапханаларда, орталықтарда сақталатын ақпараттарға бет бұруы қажет. Онда ғылыми білімінің жетістіктері жазылған, адамзаттың осы бағыттағы жолы көрсетілген.

Ізденушінің ақпараттарды дұрыс қолдануы және қайнар көздерді дұрыс таңдауы – бұл ізденушінің кәсіби мамандандануы.

Кітап - ондағы бірізділік бойынша авторлардың ғылыми негізде көрсеткен жұмыстары бар, «бір қолдан» жазылған монография болып саналады. Басылым көлемі - кемінде 100 бет.

Монографияда ғылыми-зерттеу нәтижесі өте анық және толық мазмұндалады. Монография авторлары көбінесе үлкен ғалымдар болып келеді, себебі олардың ғылыми тәжірибесі мол. Монография тақырыбының негізінде көптеген атаулы әдебиеттердің тізімімен толықтырылады. Әдебиеттер тізімі бір жағынан авторға өз ойының дұрыстығына көзін жеткізуге көмектессе, ал екінші жағынан бұл тізімдер автор көзқарасының әрі қарай дамуына үлкен жол ашады.

Мақалалар - бұл арнайы шағын көлемді басылымдар (10-20 басылым парағы), мұнда әр автордың нақты бір сұрақтарды талқылау барысындағы көзқарастары және шектелген зерттеу жұмыстарының нәтижелері мазмұндалады. Мақалалар педагогика мен психологияға арналған ғылыми журналдарда басылады, жарыққа шығады.

Журнал бетіне жарияланатын мақалалар – бұл ғылымның қозғалысын, көкейтесті мәселелерін қадағалайтын ақпарат жүйесі, сондықтан күнделікті зерттеу, оқу үрдісінде ақпарат арқылы ғылымның қазіргі кездегі жағдайының қандай дәрежеде екенін білуге мүмкіндік береді.

Студент зерттеушілерге арналған ақпарат қайнар көзінің бірі - әртүрлі ғылыми жинақтар болып келеді. Ғылыми жинақтар көбінесе ғылыми журналдарға ұқсас, бірақ олар ғылыми журналдар сияқты басылымға жиі шықпайды.

Басқадай ақпарат қайнар көзі, диссертация, қолжазба, есептер сияқты сақтаулы болады.

Диссертация – ол да монография сияқты ғылыми жұмыс, бірақ қолжазба ретінде баспадан шықпаған. Кандидаттық диссертацияны қорғаған соң, ғылым кандидаты атағы беріледі. Дәл солай докторлық диссертацияны қорғайды. Әрбір диссертацияға автореферат жазылады, онда қысқаша мазмұны келтіріп, баспадан басылып шығарылады.

2. Әдебиет көздерін зерттеп ізденуші көп ақпараттық мағлұматтармен танысады, бірақ бір адам да кең көлемдегі ақпаратты есіне сақтай алмайды. Сондықтан әрбір ізденуші көптеген әдістерді меңгеруі қажет, қажет кезінде оны тез табуы (цитата ретінде), не өзінің цитататасын белгілеу кезінде, оның мәтінін тырнақшамен белгілеуі, ал сілтеуде басылымның атын көрсетуі, одан үзіндіні келтіру үшін және қандай бетте, қай жерде ол басылым шыққанын көрсете алуы қажет.

Мысалы: Жоғарыда айтылған жағдайларда зерттеу көздерінің мазмұнын оқудың бастауының орындалатыны сол, не басқа сөздер әдісімен пайдаланады. Сол тапсырманы басқа жолмен шешуге болады, логикалық - құрылысының, заттың негізгі ұғымын көрсету, тапсырманы графикалық схема (ноталар) арқылы көрсетуге болады.
(схема) Зерттелгелі тұрған сұрақтың талдауы
Ғылыми–педагогикалық ақпараттың қайнар көзі:

Байқау


Жинақтағы мақалалар.

Монография.

Диссертация.

Журнал бетіне жарияланған мақалалар.

Зерттеу өнімі (нәтижесі): өнімнің талдауы, өнімді тәжірибеден өткізу
Оқудың бекіту (тұрақтату) тәсілі:

Аннотация Тезистер Реферат

Конспектілер

Цитаталар

Логикалық құрылысы
Ақпаратты тәжірибеден жинау әдісі: Анкета

Әңгіме


Интервью

Тест
Зерттелетін дерекнаманың логикалық құрылысы – жалпы оқығанның схемасын тұрақтатуға ыңғайлы аспап. Осы схемаға сүйеніп ұмытылған нәрсені есте сақтауға болады.

3. Шынайы педагогикалық тәжірибе – бұл мектептік өмір. Ғылыми жұмысының жүрісі, заңдылықтары мен тұтастығы келесі әдістерге байланысты: байқау, анкета, әңгіме, интервью және тест.

Байқау – алдын-ала фактілерінің көрінісі айнымайтынын қарастыруы мен ізденуі. Байқау – қандай да болсын педагогикалық құбылысты айнымайтынын қарастыру, іздеу процесінде ізденуші нақты материалдарды табады. Осы кезде байқаудың хаттамасы жүргізіледі.

Әдебиет негізін зерттеудің ең жеңіл әдісі – бұл карточкаларда (библиографиялық) әдебиеттердің аттары, оған аннотация жазу. Карточкалар кішігірім қағаздан жасалады. Әдебиет жөнінде мағлұматтарды карточкаларға жазған жөн.

Мысалы: Бабанский Ю.К., Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. М., 1999. Сборник - название /Под ред....... М.,1999. статья – автор. Название // Педагогика. №5. 2001. С.25-30.

Зерттелген материал, мақалалар мен кітаптарды қысқаша мазмұндаудың көптеген тәсілдері бар. Негізгілері: аннотациялау, тезистеу, реферация, конспектілеу, цитата, логикалық құрылысы.

Аннотациялау – аннотация құрастыру. Аннотация деген жалпы және қысқа да нұсқа жұмыстың негізгі ойын жазу деген сөз. Аннотацияның көлемі әрқашан бір беттен аспайды. Аннотация өзіміздің ізденіс саласына керек пе, оны қолдануға бола ма, басқадай жағдайда керектігі бола ма?

Дерекнамасын оқыған кезде, мазмұны туралы мағлұмат алу кезде қысқаша жазып отырған жөн (айқын сөздер, айтылған сөздер, қорытындылар және өз сөзімен жеткізген).

Осындай қысқаша жазуды тезистеу дейді, ал жеке жазбаларды тезис дейді. Әрбір тезистің көлемі бірнеше жолдар, жалпы барлық тезистер қайнар көзге байланысты.

Ал тезистер ой-түйінімен байланыста болса, онда реферат болады. Бұл реферат жазу процесі, зерттеу жұмысының негізгі мазмұнының қысқаша жазуы. Автордың көзқарасы, пікірі, ойы, қатынасы байқалады.

Конспектілеу, оқыған қайнар көздің негізгі мазмұнын сақтай отыра жазу тәсілі. Бірақ та белсенді шығармашылық меңгеруі анық емес. Ал конспектілеу тәсілінің бірі – цитата. Дерекнаманың мәтінін дәлдеп жазуы.

Анкета дегеніміз, ол сұрақ жазылған парақ, сынаушы сол сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сұрақтар әр түрлі болады, оған сынаушы өз жауабын береді.

Әңгіме – ауызша сөйлесу, қарапайым түрде бір немесе бірнеше адамдармен. Егер әңгіме бір мақсатпен болса, онда сынаушы өз сұрақтарын алдын ала дайындап қоюы керек.

Интервью – ол да әңгіме, бірақ бір ғана адаммен болатын әңгіме, сұрақты зерттеуші ғана қояды, ал екінші адам тек қана жауап береді, содан ол жауаптарды зерттейді.

Тест – бір арнайы тапсырманы орындауға арналған. Әр тест тапсырмалары орындалып содан соң бір кітапшаға жинақталады. Тест сұрақтары 5 жауаптан тұрады, соның біреуі дұрыс.

Сонымен, біз әртүрлі әдістермен негізгі жолдарын қарастырдық. Сонымен қатар ғылыми сұрақтарға жауап іздеу және фактілерді қолданып болашақта ғылыми танымын әрі қарай жалғастыру.

Әрқашан ескеретін бір мәселе нақты орнықты фактілері бойынша зерттеумен ғана алға қадам баса алады.

Ал нақты фактілерсіз зерттелген шешімдер, жай ғана ой болып қалады, сонымен қатар табиғаттың құқылары жазылады, түсінігі жағынан бола алмайды.
Пікір (рецензия) – бұл берілген шығармаға сын ретіндегі ой-пікір. Пікірді жазғанда келесі кезеңдерді қадағалау қажет: алынған тақырыптың өзектілігі; автор сол тақырыпты аша алды ма; жазған еңбегі жұмыс барысына сәйкес келе ме (әдістемелік нұсқау емес, ол мәселенің ізденісі; оқу құрал болса диссертация формада болмасын т.с.); терминологиялық аппаратты қолдана алды ма; қойылған мәселеде жаңашылдығы байқала ма; дәлелдеу тезистерінің деңгейі; материал мазмұнының түсініктілігі мен сауаттылығы.

Ал келесі кезеңдермен келіспеушілік болса, сол кезеңдерді жазып көрсету және дәлелдеу. Жұмыстағы жаңашылдық жаңа болмаса, онда нақты жұмыстарға сүйену.

Пікір қорытындысының мазмұны жұмыстың түріне байланысты болады: баспаға ұсыну; диссертацияға пікір; кандидаттық зерттеу жұмысы.

Пікір жазу - ғылыми ізденістің бір түрі, талдауды салыстыруы, тұжырымы және де жұмыстың жаңашылдығын көрсете білуі мен маңыздылығы.

«Жасөспірім оқушының музыкалық ойлауының даму жолдары» атты мақалаға байланысты кішкене пікір сұрақтарын шешейік: автор «музыкалық ойлауы» категориясын қалай шешті (белгілі ғалымдардың көзқарастарына сүйену, салыстыру), өзінің пікірін ұсына ма, баланың жас ерекшелігін ескерді ме және автор «музыкалық ойлауы» туралы қандай әдістер тапты, ұсынды?

Үлгі ретінде орысшадан аударып, талдау: студенттер өздері аударуы керек, бұл да ізденіс жұмысының алғашқы беті.

Появление любого, глубокого исследования, посвященного проблеме мировоззрения, трудно переоценить. Автор рассматривает поднятую им проблему не как узкопрофессиональную, а как значимую для всех областей педагогики и в особой мере для педагогики искусства. При этом доминанта методологической направленности выбрана ясно и определенно: это прежде всего философская и художественная мысль (что, впрочем, вовсе не исключает как обращение автора к трудам зарубежных мыслителей, так и изучению трудов обшенаучного (музыковедческого, теории музыкального исполнительства) и, разумеется, педагогического характера).

Не покидает ощущение, что автор пытается докозать одну мысль: великие философы, писатели, композиторы, педагоги, гений, который признан во всем мире, несмотря на различие взглядов и подходов, едины в понимании и видении обозначенной в названии книги проблемы, которые так волнует сегодня наше обшество. Но это «единство» надо было суметь разглядеть, пережить, осознать и постараться обобщить применительно к деятельности педагога - музыканата.

Вся сложность, очевидно, состоит в том, чтобы суметь погрузиться в Мысли, ощутить Дух великих мыслителей с той степенью глубины, когда происходит необходимый разряд, то «зажигание», когда человек оказывается способным умом и сердцем пережить и принять идею Другого, заразиться ею и следовать ей в своей профессиональной жизни (и жизни вообше) - в своих целях, деяниях, поступках. Кем-то метко замечено, что каждый человек, знакомясь с великим прозведением искусства, может понять его настолько, насколько глубок его собственный «лот». Знакомясь с работой Б.М.Целковникова, убеждаещься, насколько восприимчив, остр и глубок может «лот» педагога – музыканта – исследователя.

... Опираясь на концепцию М.М.Бахтина, автор исследования показывает, какое огромное значение в формировании личности педагога - музыканта имеет способность к внутреннему диалогу – это необходимая ступень в становлении его мировоззренческих убеждений ... Этот диалог в деятельности педагога – музыканта – прежде всего Ребенка и Музыки.

Обращение к ребенку и музыке должно быть освящено Любовью, Верой и Совестью – этими тремя слагаемыми, составляющими основу всех отношении, ориентации, убеждений педагога – музыканта.

... Интересной и оригинальной представляется точка зрения автора при определении сути мировоззренческих убеждений учителя – музыканта. Их смысловым ядром является душа учителя как своеобразный синтез активного и гармоничного взоимодействия многообразных творческих составляющих его личности ...

Б.М.Целковников сумел в своей работе с навых позиций докозать значение методологии для теории и практики музыкального образования. Я уверен, что мастерство методологического анализа – основы любого музыкально – педагогического исследования – проявленного автором в исследовании, послужит образцом для молодых ученых – педагогов – музыкантов.

Разумеется сказанное, хочется отметить, что данная работа представляет собой принципиально новое направление в педагогике высшей школы, призванное определить стратегию и тактику подготовки учителя искусства, основываясь на лучших гуманистических, духовных традициях филосовской и художественоой мысли. (қос-ша, Б 63)

(Э.Б.Абдуллин)
Осы жұмысты (пікірді) аудару арқылы студенттің тіл байлығы, әдеби тілі, ғылыми тілі қалыптасады және де сөздікпен жұмыс істей алатын болып табылады...

Жақсы жазылған пікірлер семинар сабағында оқып талданса, ұжымда ғылыми дискуссиясы қалыптасады.


Ғылыми баяндама – музыкалық - педагогикалық оқу үрдісінде берілген тақырыптың мазмұнын тыңдарман алдында баяндау. Мұнда таңдаған тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігі; негізгі ғылыми тұрғыдағы қалпы мен жүйелілігі; шешілген сұрақтарын белгілеуі, болашақта шешетін сұрақтардың маңыздылығы қамтылады. Әсіресе түрлі ғалымдардың еңбегін салыстыру әдісі қолданса жақсы болады және де өзінің көзқарасын келтіру қажет.

Негізгі баяндама үш ұстанымға сүйенеді:

а) көтеретін мәселенің маңыздылығы мен керектігі;

ә) мәселені шешудің жаңа жолдары;

б) гипотезаның ғылыми орны.

Үлгі ретінде студенттің ғылыми баяндамасынан үзінді келтірейік:

... Орыстың кәсіби музыкалық дәстүрінің түп тамыры бізге көрсеткендей славян мифологиясына кіреді, кәсіби негізгі түпнұсқасы жүйе (немесе шығармашылық модель) өмірлік нышанының мазмұны жолымен бірлестірілетін біртұтас болып табылады. Славян мифологиясы осындай бір жүйе іспетті. Славяндар гуслидің (аспап) тігінен орналасқан шегін жер мен көктің - әлемінің «үлестік» және әлемнің «кернейлік» ара қатынасын білдіретіндігін анық көрді. Бұл музыканың ұқсастығының асыл мәнін толтырады, музыкалық дәстүрдің тууы туралы бұдан әрі жетілдіруінің сабақтастығынын көрсетеді.

Музыканың кәсіби құрылу дамуының негізгі кезеңі Византиядан алынған дәстүрді игеру құдайға құлшылық ету, орыс топырағында тамырын жайған «құпия бекітілген», білімге айналған мифологиядан қабылданған және музыка арқылы тұрмыс құпиялылығының тәжірибесі, осы тәжірибені алмасу тәсілін игерген.

Кәсібишілікке өзінше құштарланды және халық мәдениеті өзіне тән көркемдік қалыптарды сақтады және шамасына қарай бекітті. Өзін - өзі және өзінің көркемдік тапсырмасын «нысандандырған», әлемнің «карнавалдық» сипатында өзінің шығармашылығының мәнін жете түсінуге сайқымазақ (скоморохи) кәсіби музыка дәстүрінің дамуына шектеулі жағдай жасады, бірақ музыка әлі де оның тұтас синкретикалық толық шығармашылығының ішінде болады.

Өз кезінде халықтық мәдениет ежелгі орыс эпостары, шіркеулік ережелер, сайқымазақтардың карнавалдың ойын-сауықтары сияқты кәсіби жанрларды «халықтандырып» алды. Кейін құдайға қызмет ету ән дәстүрлері, мысалы, кант жанрында іске асып, айтарлықтай тар «цехтік» щеңберден тыс шықты.

18 ғасыр өзіне тән емес батыс дәстүрлерін бойына сіңірген орыс мәдениеті үшін әр түрлі музыкалық бағыттардың елге әйгіленген уақыты болды. Петр кезеңі еуропалықтардың әсеріне және сезімдердің толқынына (патриоттық, діни, эстетикалық) шектеулі ашық болғандықтан, көптеген тыңдаушыларға музыка өзінің қасиетті мәнін жоғалтып, еуропалық өмірдің әсем ерекшелігіне айналды. Ең алдымен өзінің таңғажайыбын концертке таратқан және сәндік байлығы «құпыя бекітілген» шырқалымның қатаң байсалдығына тікелей қарама – қарсы болған зайырлы жанрлар дамиды. Нәтижесі бірнеше аспаптарда қатарымен ойнаған, әнші, дирижер және композиторды бір тұлғада біріктірген музыканттардың пайда болуына әсерін тигізді. Бұл тыңдаушыларға «тегін» кетпеген, ашық дайындықтардың жүргізілуі тең мақсатқа сәйкестенген сияқты болды.

Бірақ осы азғантай ішкі өзара байланыс түрі қайтадан рухани мазмұнда шығармашылық жүйенің өзінің дамуына ықпал жасап өз жаратылысына тән (имманенттік) қисыны және өздерінің мәдени – тарихи тамырын алған жаңа түрінде кәсіби шеберлене, қайта жаңғыра толыға түсті. Еуропалық музыка дәстүрі 19 ғасырда нағыз орыс мазмұнымен байыды, тұрақты кезеңде кәсібилік және халақтық дәстүрі өнімді байланыс мақсатқа жетті ...

Тағы бір үлгі ретінде Қ.М. Балажанованың (С. Торайғыров атындағы ПМУ) тезис ретінде «Этнопедагогикаға жалпы түсінік» атты ғылыми баяндамасынан үзінді келтірейік.

... Халықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, «нақты өмірдің мәнін, оның даму заңдылықтарын танып білуге бағытталған өзіндік Адам қызметі ретіндегі ғылым болмаған, дәлірек айтқанда, жаңа пайда болған кезде қарқындап дамыды, бірақ педагогика оны арнаулы сала ретінде ғылыми білімнен бөліп алған жоқ». Ол қазіргі кезеңнің өзінде педагогика ғылымының басты проблемаларының бірі болып табылады.

Тарихи педагогика мәселелерін тарихнамалық зерттеу өткендегі тәрбие, оның ішінде эстетикалық тәрбие тәжірибесіне зерттеу тарихи дамудың барлық кезендерінде жүріп жатқаның дәлелдейді.

Түрлі кезеңдегі педагогтар мен ойшылдар ауызекі халық шығармашылығын және халықтық педагогикадан алынатын үлгі - өнегені халық даналығының көрінісі ретінде пайдалану жөнінде құнды идеяларды аз айтқан жоқ. Чехтың ұлы педагогы Я.Л. Каменский: «Бұрын әлдекім жасаған жалпыға ортақ және арнаулы ескі және жаңа толығуларды пайдалану қажет» - деген болатын.

Оның пікірінше, адамзаттың ұзақ уақыт қалыптасқан өткен уақыт тәжірибесі “адамзат баласы бірлесіп иеленетін жалпыға бірдей даналық қазынасы” болып табылады. Халықтың проблемаға орыс педагогикасының таңдаулы өкілдері қатты ден қойды. Олардың бұл сенімі қоғамдық дамудың үздіксіз процесі туралы ұғымға ғана емес, сонымен бірге халық өмірін жетік білуге, халыққа деген ыстық сүйспеншілікке негізделген еді.

В.Г. Белинский тәрбиешілер мен балалар жазушыларына үн тастай отырып, оларды балаларға жалпы адамзаттық, әлемдік құбылыстарды мүмкіндігінше көбірек беруге, тек оларды өзіндік және ұлттық құбылыстар арқылы таныстырып отыруға шақырды.

Сөйтіп, балалардың сезіміне неғұрлым күштірек әсер етуге тырысу керектігін, оларды әсемдікті сезіне білуге, халық әндерімен таныс болуға ерте жастан баулудың маңыздылығын атап көрсетті. Халық шығармашылығы Адам мораліне, мінез-құлқына, оның дүниетанымдылығына әсер етеді.

В.И. Водовозов, А. Духнович және т.б. ғалымдар және педагогтар теория мен практикада туған халық даналықтарына ерекше мән береді. Олар халық шығармашылығының тәрбиелік маңызын ашып көрсетуге тырысты, аңыз-әңгімелер жинап, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесіндегі орыс халқының балалар музыкалық ойындарының рөлін мұқият тандап, сипаттап береді.

Әрбір халықтың, оның ішінде қазақ халқының да өз тарихи даму жағдайлары бар. Бұны халықтың болмыс бітімінен көруге болады. Мұның астарында бүкіл адамзаттың озық тәжірибесі, халықтың барлық жақсы ой – пікірлері мен арман – тілегі жатады. Әрбір халықтың өз «жыршы – термешісі», өзбектерде «мұқамчи», қырғыздарда «масанчилары» болған.

Ауызекі халық шығармашылығы күні бүгін де ұлттық көңіл күйдің көрінісі болып табылады, мысалы, эпос - әлемдік тарихта дәуірді қайта құрайтын өзінің классикалық формасында … бізге көркемдік ләззат беріп келеді және белгілі бір дәрежеде норма және қол жетпейтін үлгі болып қалып отыр.

Оқу – тәрбие процесіне халықтанушылық тұрғыдан келудің арқасында В.А. Сухомлинский ол туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімге толы аса маңызды қайнар көздері оқушылардың терең танып білуіне қол жеткізді. Ол қайнар көздер бұндай ата-ана махаббаты, бесік жыры мен ана тілі, туып өскен жер табиғаты, туған халықтың тарихы, басқа халықтардың тарихи тағдыры және т.б. болатынын атап көрсетті.

Ауызекі халық шығармашылығы қай жақта болмасын әрдайым, белгілі бір дәуір Адамы мен қоғамының өзіндік мәнді белгілерімен ерекшеленіп көрінеді. Халық әрқашан фактілерді, өмірдің сипаттамаларын өз тарихының қайсы бір кезеңінде сабақтастырып отырған. Мұндай материалды қабылдау мен ой елегінен өткізу процесінде балаларды нақты – тарихи ойлау ойдағыдай қалыптасады.

Халықтық педагогика құралдарының арқасында олар халық мәдениетінің тарихи тәжірибесінің тамырын дұрыс түсінеді. Халықтық педагогика мәселелері 50-жылдардың екінші жартысынан бастап арнаулы зерттеу нысанасына айналды.

Бір ескеретін жағдай, баяндаманы оқу алдында оқытушы қарап шығуы керек, талдау және пікір жазуы керек. Баяндаманының маңызды тұстары семинар сабақтарында оқылғаны жөн және оқытушы кейбір мазмұнын, шығармашылық сипаты ретінде, үлгі болып айтылуы қажет.


Курстық жұмыс (ғылыми жұмыс) қалай жазылады?

Көп жылдар бойғы бақылау келесі ойды тудырады: мысалы, жоғарғы оқу орындары арнайы білім береді, музыкадан көптеген хабары бар маман, музыкатану ілімінен де хабар алды, бірақ ғылыми – ізденіс жұмысының техникасын білмейді. Сондықтан жас музыкатанушының алдында «қалай жазамын, неден бастау керек?» деген сияқты көптеген сұрақтары туады. Өзінің ғылыми жұмысын жүргізу барысында тақырыбы дұрыс емес, не тақырып күрделі болып, қол жеткізген нәтижесін жазу кезінде сөз таба алмай, қиыншылықтарға тап болады, ғылыми тұрғыда көрсете алмайды т.с.с. Сондықтан «ғалым болмасаң да, ғылым кандидаты бола аласың» деген сөз пайда болады...

Ғылыми ізденіс жұмысының бастамасы «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәнінде көрінеді. Мектепте музыка сабағын қалай жүргіземіз? Оған мен дайынмын ба? Музыкалық аспапты меңгеру деңгейім қандай? Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы жалпы орта мектебінде қолданып жүрген музыка бағдарламаларын білем бе? Мектепте оқушылар қандай әндер айтып жүр? Оқушылардың музыкалық дүниетанымы қандай? Тәрбие мәселесі т.с.с. сұрақтар туады. Осындай сұрақтар ЖОО музыка маманын дайындау барысында шешіледі және музыкант педагогты кәсіби деңгейде дайындау оқытушылардың міндеті.

Жалпы курстық жұмысының мақсаты:

- «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәні бойынша теориялық білімінің жүйелілігі, бекітуі, тереңдігі, талдауы және теориялық білімін ғылыми, тәжірибе мақсатында шешуі;

- ғылыми-ізденіс жұмысының өзіндік даму дағдысы, тәжірибелік мақсаттарды шешу жолындағы тәжірибелік әдістемесі.

- студенттің пәнді меңгеруі, практикада алған тәжірибесі, жетекшінің кеңес беру жолындағы және білім-тәрбие, алған білімі, шығармашылығы болашақ педагог-музыканттың жұмысқа дайын екенін көрсетеді.


Тақырыпты қалай табу керек, қалай таңдаймыз?

Тақырып – ол ой, соны дәлелденуін талап ету. Пирро, Швейцер, Курт Бах туралы кітаптардың тақырыбы; Перроның – Бах музыкасындағы сурет – бейнелеу «бастау туралы ойы»; Швейцердің – Бахтың музыка тілі емес – «бейне тілі»; Курттың тақырыбы – Бах музыкасы әуенінің негізі - «кинетикалық қуаты».

Жас маман, студент-музыканттың әлі де тақырыбы жоқ, оның ойында жұмысының бағыты. Сондықтан, қандай да болсын ой әлі ізденіс жұмысының тақырыбы емес. Бұл ой, біріншіден: фактілермен бекітіліп, қарама - қайшы болмау керек; ақиқат – бекіту, шындыққа сай; екіншіден, ол жаңа, не жаңаша құрылуы – алғашқы автордан өзгеше, жаңаша дәлелденуі керек; үшіншіден, ой, пікірдің теориялық, практикалық құндылығы қажет; төртіншіден, ол мазмұнына бай әрі материал кітап, мақала жазуына болатындай болуы шарт.

Жұмыста негізінен екі – үш ой болу керек, бірақ оның құндылығы маңызды, мысалы «бір алып – киттің салмағы жүз килькадан көп».

Осы ойдың бастысын қалай табамыз? Қайдан алуға болады, қайдан іздейміз?

Мұны композиторлар, музыка саласы туралы арнайы әдебиеттерден аламыз. Арнайы әдебиет авторды қызықты, жаңа ойға әкелуі мүмкін. Сондықтан жұмысты арнайы әдебиетті оқу, білу, сұраптаудан бастау қажет.

Музыканың өзін зерттеу пайдалы, музыканы бақылау кезінде жемісті ой туады. Біріншіден, өз басының белгілі білім мен ойлауы дайындығы болу қажет. Екіншіден, табиғи «жаныңдағы ғажайыпты» көре білу. Үшіншіден, ойлай білу, салыстыру, өзара ұқсастығы мен байланысын табу. «Ойлайтын көз көре алады» (А.Микулин).

Енді тақырып табылды ма? Жоқ. Жарқ еткен ой әлі де курстық жұмыстың тақырыбы емес, ол дамусыз болмайды, ол жай ғана афоризм болмайды, ол болашақ тақырыптың ұйтқысы. Уақыт өткесін, әлі де ізденіс жұмысы жүргесін, әлі де курстық жұмысты жазу барысында ғана тақырып бола алады...

Сондықтан, «өзек», «ядро» өзіңді тартатындай болса, өз жаныңда күш – қуат жинайтындай болса, онда тақырып табылды, жұмыс жазылады. Енді сол жұмысты құру керек.



Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі заман талабының ағымымен келе жатқан жас ұрпаққа музыка арқылы рухани тәрбие беру, мектепте музыка сабағында оқушылардың музыкалық шығармашылық қабілетін дамытудағы нақты жағдайларда оларды шешу, күнделікті тәжірибеде оларды іске асыру.

Мақсаты: «Мектептегі музыкалық тәрбие және музыканың дамуы» атты тақырыпты ашу, келешекте сауатты, рухани бай және әр түрлі шығармашылықтағы жастарды өсіру үшін не істеу керектігін айқындау.

Міндеті: Халық әндері мен аспаптық музыка (күйлер) арқылы өз халқының салт-дәстүрлеріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Қазақ халқының ой-арманының музыкада бейнеленуі мен оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру.

Зерттеудің объектісі: Балаларды музыкалық шығармашылық қабілет арқылы әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.
Материалды қалай жинап, жүйелеу керек

Енді материалды жинап, жүйелеу керек. Тақырып пен келесі кезең бір бірімен байланысты: бір жағынан материалдар тақырыпты іздегенде кездесті; екінші жағынан, осы тақырыпқа байланысты іздеген материалдар болашақ тақырыптарды тудырады. Сондықтан материалды іздеген кезде, оны осы тақырыпқа келмесе де сырт тастамау керек, келесі жолы керек болады; қандай да қызықты материалдар болса да оны жинап, жеке жазып отыру керек, келесі жаңа жұмысқа керек болады...

Материалды жинай бастауда арнайы әдебиетті зерттеу, тақырыпқа қатысты мәлімет оқу болып табылады. «Ашылған» нәрсені «ашу» болмасын, олар ертеде дәлелденді. Сондықтан, әдебиетті зерттеу кезінде, берілген сұраққа тағы қандай жұмыстар бар, біріншіден керекті кітаптардың, мақалалардың библиографиялық тізімін жасау қажет.

Дәптерге жазбай, карточкаға жазған жөн: әрбір фактіні, байқауды, ойды, салыстыруды жеке карточкаға, қайдан алынды, қайдан алған цитата, анық жазып отырғаны жөн...

Цитатадан гөрі өзіңнің ойыңды, байқауыңды қысқаша жазып отырған жөн, жоба бейнелеуін, қысқартылған белгілер мен таңбалармен және т.с.; осы кезде авторға ғана белгілі таңбалармен, өзі ғана еске түсіретіндей, ал әдебиет түрінде жазуды кейінге қалтыру керек.
Мазмұндаманы қалай құрамыз

Музыка, ғылым не басқадай шығарманы жазушы, ол да әдебиетші: оның жеке қаруы – сөз, сөз арқылы оқырманға әсер етеді, жұмыс істейді... Әрине ол қалам шебері, сөз шебері, әдебиетті мазмұндаудың шебері...

Сондықтан, ғылыми мазмұндау ерекше икемділікті талап етеді, ал жазушы ретінде әдебиеттік шеберлік қажет. Ол икемділік неде? Әрине, біріншіден – нақты, мұқият ойлаудың жоспарын талап етеді. Жақсы ғылыми жұмыс жазылмайды, ол құрылады, ең алғашқысы құрылуда...

Жұмыстың дәлелдемесі барысында бірізділігін анықтау, қысқасы, негізгі қалыпты ойластыру... мазмұн «тақырыбының астарын» (мәтін астарын) құрастыру қажет... (Коган Г.М.)

0В010600 «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша кадрлар дайындау барысында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі оқу-тәрбие процесінде «Музыкалық білім беру» пәні бойынша студенттер курстық жұмысын жазады. Бұл күрделі, қорытынды музыкалық - педагогикалық жұмысының ғылыми - ізденісінің түрі.

Сондықтан жоғарыда аталған пән бойынша жазылатын курстық жұмысқа жалпы талаптар қойылады:



  • курстық жұмыс оқу үрдісінің ғылыми-ізденіс жұмысының жалғасы (алғаш рет мақала жазды, мақалаға пікір жазып үйренді, тіпті қазақша материалдардың жоқтығынан орысшадан қазақшаға аудару – ол да ғылыми жұмыс);

  • «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәні мен «Музыкалық педагогика», «Жалпы педагогика» пәндеріне сәйкес, пәндердің біліктілік нәтижесі ретінде жұмысы;

  • ғылыми жетекшісімен бірлесе жазуы (әрдайым ғылыми жетекшісі – педагог-әдіскер, жоғары аталған пәндерді жүргізуші, мектепте практика-тәжірибені бірге жүргізген оқытушы-әдіскер);

  • өзіндік ғылыми тұрғыдағы материалдарды жинау;

  • мәселенің (тақырыптың) теориялық және тәжірибелік ізденісі,

  • курстық жұмысының жалпы құрылысы, құрылымы;

  • жазып қана қоймай, оны қорғау;

  • жаңашылдығы;

  • курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі, мақсаты, міндеті, объектісі, ғылымилығы т.с.


Курстық жұмысты жазу барысында атқаратын жұмыстар:

- тақырыпты ғылыми жетекшімен белгілегесін кафедра отырысында талқыланып бекітіледі;

- студенттің өзіндік пікірі есептеледі;

- әдістемелік кеңесінде бекітіледі;

- курстық жұмысының барысы кафедра отырысында бақылауда болады;

- студент өзінің ғылыми жетекшісімен тығыз байланыста болады;

- келісіммен жоспар құрып, уақыт мерзімін белгілеп, жазуға кіріседі.
Ғылыми жетекшісінің атқаратын жұмыстары:

- студенттің жоба ретінде жазған курстық жұмысы бағалап, керекті өзгерістер ұсынады, тарау мен бөлімдерге бөледі және бірінші нұсқа ретінде жұмыстың әкелу мерзімін белгілейді;

- студенттің арнайы әдебиетті таңдау барысын тексеріп, оның негізгі керектігін, тақырыпқа байланысты студентті библиографиялық тізімді құрастыруына көмектеседі, ғылыми ізденіс жолдарын белгілеп, тәжірибе жұмысына кіріседі;

- кеңес барысында, басқадай уақытта студентпен әңгіме жүргізу барысында курстық жұмысының жазылу ісі тыс қалмау керек;

- кафедра отырысында ғылыми жетекшісі есеп бере отыра студенттің курстық жұмысының жүргізілу барысын баяндап отырады;

- кей уақытта студенттің өзін шақырып, кеңес береді.


Курстық жұмысын дайындау барысында студент білу қажет:

- тақырып жөнінде арнайы әдебиетті жинау, оқу, оның теориялық және практикалық аспектісін табу;

- тақырып бойынша ғылыми педагогикалық - психологиялық, музыкалық-теориялық әдебиеттерді талдау;

- ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізу кезеңде педагогикалық практика барысында ізденіс жұмысының нәтижесін көрсету;

- алынған мәселеге өзіндік пікірі, ұсынысы, ойы, ғылыми позициясы, көзқарасы, практикасы болу керек;


  • ізденіс жұмысының деңгейін көтеру барысында өзінің, ұжымның пікірін қалыптастыру, ұсынысы, ережелері болу керек т.с.с.


Курстық жұмысының құрылысы және мазмұны:

  • мұқаба парағы;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі теориялық бөлімі (тарауы), оның бөлімдері;

  • екінші тәжірибелік-эксперименттік бөлімі (тарауы);

  • қорытындысы;

  • қолданған әдебиет тізімі;

  • қосымшасы.


Жалпы курстық жұмысының мақсаты:

- «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәні бойынша теориялық білімінің жүйелілігі, бекітуі, тереңдігі, талдауы және теориялық білімін ғылыми, тәжірибе мақсатында шешуі;

- ғылыми-ізденіс жұмысының өзіндік даму дағдысы, тәжірибелік мақсаттарды шешу жолындағы тәжірибелік әдістемесі.

- студенттің пәнді меңгеруі, практикада алған тәжірибесі, жетекшінің кеңес беру жолындағы және білім-тәрбие, алған білімі, шығармашылығы болашақ педагог-музыканттың жұмысқа дайын екенін көрсетеді.


Курстық жұмысқа жалпы сипаттама

Кіріспеде қысқаша түрде зерттеудің (тақырыптың) өзектілігі, пәні мен ізденіс объектісі, оның мақсаты мен міндеті, әдістемелік арнауы, әдістері мен дерек көздері, зерттеу кезеңдері, жаңалығы, тәжірибелік мәні, педагогикалық сипаттамасы, гипотезасы қамтылады.



Бірінші (теориялық) бөлімі (тарауы) – таңдаған тақырыптың теориялық зерттеу негізі, негізгі түсініктерді қалыптастыру, мәселеге (тақырыпқа) ғалымдардың, философтардың (оның ішінде эстетика, мәдениеттану), педагог-әдіскерлердің түрлі көзқарастарын келтіру, салыстыруы;

- басқадай ғылыми тұрғыда (мысалы: музыкатану, музыкалық психология, музыкалық педагогика, музыкалық орындаушылық, теориясы, музыкалық тәрбие әдістері) әдіснамалық маңыздылығын, зерттеу бағытындағы тақырыпты шешу;

- музыкалық-педагогикалық сипатының ізденісі, берілген тақырыпқа байланысты музыкалық – педагогикалық процесінің сын талдауы;

- бөлімді аяқтау барысында автор жалпы сипаттамалы тұжырым жасайды, ол (теориялық - әдістемелік) келесі тәжірибе - эксперимент жұмысының негізі болады.



Екінші (тәжірибелік) бөлімі (тарауы)

Айырмашылығы ретінде ғылыми ізденіс жұмысының нәтижесі,

педагогикалық – музыкалық білім беру саласындағы теориялық және практикалық жаңашылдықты талап етеді (сұрайды), осы факт ізденіс барысында ғылыми тұрғыда қаралып тексеруден өту қажет (тәжірибе – эксперименталды жұмыс).

Курстық жұмысы мен ғылыми ізденіс жұмысының айырмашылығы – ғылыми ізденіс жұмысы көлемді, проблеманың ғылыми ізденіс талдауы, теориялық және тәжірибе – эксперименттік жұмысының тереңдігіне байланысты болып келеді.

Тәжірибе – эксперименттік жұмысты педагогикалық практика (3, 4 курс) кезінде өткізгені дұрыс болады (музыкалық білім беру әдістемесі пәнінің дәрісі оқылып, тәжірибелік - семинар сабақтарды жасағаннан кейін, лабораториялық практикумы жұмысын атқару). «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәнін оқытудың нәтижесі, кейін осы зерттеу, ізденісі (тақырыбы) қорытынды дипломдық жұмысына ұйтқы болып, студенттің бітіру (дипломдық) жұмысына айналануы мүмкін.

Қорытындысы

Ізденіс жұмысының (курстық жұмыстың) қорытындысында нәтиже және ізденістің нақты ұсыныстары беріледі. Жұмыстың нәтижесі берілген мақсатқа сай келу керек, гипотезаға сәйкес келу шарт. Және де гипотеза жай ғана емес, дәйектеме сипатында, мазмұны «ықшамды» сипатта болуы мүмкін.

Қойылған мақсаттар мен міндеттер шешілді ме? Осы жайында қорытынды жай, еркін түрде жазылады. Сондықтан, танымал жағдайлар мен жалпы фразалардан бас тартып, ізденіс қызықты және көңіл аударатындай болу керек. Бұл барлық тараулар мен жұмыстың бөлімдеріне қатысты. Ал енді шешімдері нақты қалыптаспаса, жай болса, жаңалығы болмаса, онда түйін ретінде емес, жай қорытынды формада жазу болып табылады.

Қолданған әдебиеттер тізімі

Қолданылған әдебиеттер ізденіс жұмыстың бір бөлігі ретінде студенттің өзіндік жұмысының шығармашылығы. Қолданған әдебиет арқылы студенттің ғылыми ізденіс жұмысының мәні мен өзіндік сипаты білінеді. Қолданған әдебиетке жататын: негізгі мәтінінің сілтеме ретінде дерекнамасы, студенттің шығармашылық ойына ықпал тигізетін көрінісі.



Библиографиялық тізім әліппе тәртібі бойынша жазылады. Мысалы:

Соколов А.С. Музыка вокруг нас. – М., 1996.

Н.С.Дүкенбай. Жырлайды жүрек. – П., 2008. т.с.
Бітіруші біліктілік жұмысы (дипломдық жұмысы)

Бұл күрделі, қорытынды музыкалық - педагогикалық жұмысының оқу - ізденісінің түрі.


Жалпы сипаттама

Кіріспеде қысқаша түрінде тақырыптың өзектілігі, пәні мен объект ізденісі, оның мақсаты мен талабы, гипотезасы, әдіснамалық негізі (оқу құралдың ІІ тарауын қараңыз) және ізденістің әдістері (оқу құралдың 4 тарауын қараңыз).

Бірінші теориялық бөлімі (тарауы) – таңдаған тақырыптың ғылымилық негізі, негізгі түсініктерді қалыптастыру, проблемаға ғалымдардың түрлі көзқарастарын салыстыруы:


  • философтардың (оның ішінде эстетика, мәдениеттану, аксиология);

  • басқадай ғылыми тұрғыда, (мысалы, музыкатану, музыкалық психология, музыкалық орындаушылық теориясы) әдіснамалық маңыздылығын, осы проблеманы шешуін;

  • музыкалық-педагогикалық сипатының ізденісі. Берілген тақырыпқа байланысты музыкалық – педагогикалық процесінің сын талдауы.

Бөлімді аяқтау барысында автор жалпы сипаттамалы тұжырым жасайды, ол (теориялық - әдістемелік) келесі тәжірибе-эксперимент жұмысының негізі болады.
Мысал ретінде келесі дипломдық жұмысты талдайық:

«Бастауыш оқушыларының музыкаға мәнерлеушілік жүрісіндегі коммуникативтік қаблетінің дамуы» атты дипломдық жұмысынан үзінді (ғылыми жетекшісі – педагогикалық ғылымдардың кандидаты, доцент А.В.Торопова).
І тарау

Тұлғаның коммуникативтік даму процесіндегі музыканың теориялық негіздерін қолдану
Кіріспе

Баланың жас ерекшелігі мен жасына байланысты қарым – қатынасы әлде де психология – педагогикалық мәселесі зерттелмеген. Кейінгі кездері баланың психикалық дамуының жетілмегені, ол тұлғаның хабарсыздығынан (бала бола ма, мұғалім бола ма). Бұл депривация (психологиялық қажеттіліктің қанағатсыздығы), фрустрация (қарым-қатынас қабылдауындағы қоршау қанағатсыздығы), сепарация (бірлесіп бала мен әлеуметтік жағдайда жұмысының бұзылуы, байланысының бұзылуы), балалық аутизм (байланыс бұзылуының ең шегі, ағат кету, өзінің уайымдау әлеміне мен тиімді падаланушылыққа кету), кекештену (байланыс процесіндегі тәртібі).

Алған пробеманың өзектілігіне байланысты, ізденістің мақсаты музыка арқылы балалардың коммуникативтік қабілетін әдістемелік нұсқау тәсілдерімен дамыту.

Ізденістің объектісі – оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту процесі.

Ізденістің пәні – балалардың қабілетін дамытуындағы педагогикалық жағдайы бейвербалдық коммуникациясы музыка арқылы балалардың мәнерлеу әдісін меңгеру процесі.

Ізденіс мақсатына қарай келесі міндеттер құрылады:

1. Берілген тақырыпқа қатысты әдебиеттерді шолу.

2. Бастауыш оқушылардың коммуникативтік қабілетінің дамуын музыка арқылы мәнерлеу жүрісін әдістемелік жолдарының зерттемесі.

3. Тәжірибе – эксперимент процесс арқылы әдістеменің тиімділігін тексеру.

Ізденістің әдістері: ізденіс мәселенің әдебиеттерін талдауы, теориялық материалдың түйіні (обобшение) мен жүйелілігі, тәжірибе – эксперименталдық жұмысы.

Берілген жұмыстың әдіснамалық базасының концепциялары:


  • конструктивтік түйінін моделдеу, оны қабылдау (А.А.Бодалева);

  • түйін жүйлегіндегі бейвербальді коммуникативтің рөлі мен маңыздылығы (И.Н.Горелова);

  • тұлғаның эмоциялық және коммуникативті дамуындағы музыканың қызметі (В.П.Морозова);

  • жеделдік тәртіпті адамның психологиясы (В.А.Лобунский); тұлғалық қатынасындағы кері байланысының рөлі (О.В.Соловьева);

  • кейбір соматикалық және вегетативтік функцияларының (қызметінің) музыканың физиологиялық әсері (В.Б.Полякова) т.с.с.

Автор өз жұмысында келесі гепотезаны ұсынады:

1) баланың өз қимыл – мәнерлеушілік мүмкіншілік сезінуі коммуникативтік қабілетін дамытуына себеп болады, қатынас процесіндегі басқа адамдардың эмоциялық жағдайын түсінуінің бағыты;

2) тұлғаның қимыл – мәнерлеушілік мүмкіншілігінің кеңею эмоциялық – бейнелеушілік резонансы музыка арқылы қабылданады;

3) сабақтың тиімділігі, оның музыкаға деген қимыл – мәнерлеушілігі, эмпатиялығы, рефлексиясы, спонтандық, қажетсіз, қайта байланыста, бейвербалды негізінің өнімді қатынасы.

Тәжірибе – эксперименталды ізденіс базасы – Павлодар қаласының № 39 орта білімді мектебі.

1 .....



1.1 ..., 1.2 ....

1.3 Невербальсіз коммуникациядағы музыка

1.3.1 Музыканың коммуникативтік қасиеттері

Музыка, өнердің бір қыры мен жалпы адами мәдениеті, бейвербальді коммуникативтік ерекшелігінің негізі және тәрбиенің емес, тұлғаның құлықтылық – идеологиясында қалыптасады. Субъектив, объектив коммуникация музыканың мүмкіншілігі ретінде музыкалық шығармаларда түрлі фазалар (сатылар) арқылы өмірлік эмоциялар пайда болады (В.В.Медушевский). «Өмірлік» эмоция музыкада ашылады, белсене түседі, сол кезде музыканың эмоциялық сипаты деген түсінік пайда болады. «Музыкалық уайымдау бұл кезде құрал ретінде қалыптасады, осы арқылы оқушының тұлғалық өсуі (дамуы) болады» (В.И.Петрушин).

Адамның эмоциясына музыканың ерекше әсер ететіне байланысты психотерапевтер музыканы психикасы бұзылған адамдарды емдеді, басқадай әдістерді қолданды «арттерапия, библиотерапия, имаготерапия, психодрама» т.с.с. Жоғарыда айтылған әдістерге сүйене отырып психологиялық механизм, катарсис (қабылдаған шығармаға қатты уайымдаунан, ренжуден «тазалану» деген сөз) пайда болды.

Адам көркем бейнемен байланыса тұрып, күнделікті өмірде сезбейтін, эмоция мен сезімді сынайды (Е.В.Рубенский). Психотерапияны қолдану нәтижесі, көркемдік бейне екі факторға байланысты – көркем шығарманың құрылысы (материал, форма, мазмұны) және қабылдаушының ерекшелігі. Осы қалыпқа келу, бейнені сезу, қүрделі қарама – қайшылық бейне моделі керек. Осындай моделді өнер шығармасы құрады. Сондықтан, музыка біздің алдымызда «бүктеу» мәтіні арқылы, сөз арқылы емес, ассоциация, эмоция, сезім негізінде.

Н.В.Ветлугина: «Музыка тілі – музыкалық бейнелердің тілі, ол бейвербальды түсінік емес, музыканың ерекшелігі, феномені – «біз түрліше талдауға, әңгімелесуге тырысамыз, уайымдаймыз».

Сондықтан музыка субъективті және объектіивті коммуникация сапалы түрде, адам психикасына ерекше қасиетте байланыса тұра, тұлғаның қарым қатынасының едәуір құралы ретінде әсер етеді.

1.3.2 Адамға музыканың әсері

Адам ағзасына музыканың әсер етуі көптеген ғалымдардың ізденісінде бар. Л.С.Богатова: «Адамға музыканың әсер ету механизмі мидың жұмыс істеу әмбебап заңында, оның доминантында. Доминанта туралы білім – біртұтас әрекет актінің сипаттамасы».

Біздің түсінуімізде музыканы бір мезгілде қабылдау әртүрлі мәнері (татымы) бар адамдар, әртүрлі көңілмен өзінше ерекшеленеді.

Сондықтан, бұлшық еттің тонусының (үні) негізгі факторы (қалпы) авторлар ырғақтық пульс және қабылданған шығарманың екпіні дейді. Дыбыс ырғағы адамның жүрек қағысына әсер етеді, организмнің физиологиялық процестеріне бейімделеді. Жүрек соғысының жиілігі музыканың бояуына да байланысты. Мажор, минор сазы (лады) жүректің жұмысына да әсер етеді. «Композитордың шығармасы берілген тональдікте нақты мәнерлеушілік мүмкіншілігі тудырады». Мысалы:

си және ре минор – қайғы сезімді білдіреді;

Ре мажор – салтанат, қуаныш бейнесі;

ми бемоль минор – күңгірт, трагедиялық әсер;

до минор – жігерлік, қаһармандық;

ми минор – «махаббат» тональдігі т.с.с.

Мысалы, Я.А.Лупьян музыканың екпінді, сазды және ырғағақты сипатына (жанрларына) сүйеніп, емдеу мақсатында музыкалық шағырмаларды екі топқа бөліп қолдануды ұсынады: 1) жұбату, ауыстырмалы әуенді әсері бар; 2) ауыстырмалы және биязы әуенді әсері бар.

Макс Люшер әрбір жеке адамдарға музыканың жанры мен стилине (рок-н-ролл, кантри, қарсылық әндер, барокко, маршты екпініндегі, халықтық) байланысты қолдануды ұсынады және де музыканың екпіні басымды болуы керек.

Ал, В.И.Петрушин адамның психикасына музыканың әсері тиюінің нәтижесін, адамның негізгі эмоциялық сезіміне әсер ететінін келтіреді: екпіннің үйлестіруі (жылдам не баяу), сазы (мажор не минор); адамның мінезімен үйлесуінің музыкалық төрт сипаттамасын келтіреді: сабырлылық (баяу екпін және мажор бояуы), мұң (жай екпін және минор бояуы), қуаныш (жылдам екпін, мажор) және ашу (жылдам екпін, минор)....



1.3.3 Мәнерлеу жүрісінің қалыптасуы – музыкалық ырғақ

Адам өз өмірінің әлем қоршауында көбінесе ырғақ ұйым бастыруына байланысты. Ал музыкада сезім дыбыс және ырғақпен арналанған және боялған (К.Шторк). ... «Музыка мен жүріс... өз-өзіне паралелді жүрген; музыканы жүріс сүйемелдеді?»...


Екінші бөлімде (тарихи бағыты емес) тәжірибе -эксперименталды материал мазмұндалады, жұмысының кезеңдері ашылады; эксперименттің көрсеткіштері жазылып талданады және қорытынды көрсеткіштері қалыптасады да, тәжірибе-эксперименттік жұмысының негізі болып саналады.

Мысалы: Дипломдық жұмыстағы музыкалық – педагогикалық мәселенің тәжірибе – эксперименталдық нұсқаудың үлгісі: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Абілманов Арманның дипломдық жұмысының тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының есту әсерлеушілік болжауының дамуы» (Ғылыми жетекшісі – доцент Н.Дүкенбай)



Дипломдық жұмысының мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының есту - әсерлеушілік болжауын жетілдіру барысындағы педагогикалық әдістер жолдары және бастауыш оқушыларының музыкалық - көркем бейнесінің сурет бағдарламасының ерекшелігі.

Ізденіс объектісі – бастауыш оқушылардың музыканы қабылдау процесінің дамуы.

Ізденістің пәні – есту - әсерлеушілік болжауын жетілдіру барысындағы көркем бейнесінің сурет бағдарламасын педагогикалық басшылық жасау.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Философия, жалпығылыми және жеке ғылыми сипатының

әдебиеті негізінде: а) есту - әсерлеушілік арқылы музыкалық сурет бағдарламасының үлгілері ерекшелігін бастауыш оқушылардың есту - әсерлеушілік пәні ретінде табу; ә) бастауыш оқушылардың есту- әсерлеушілік процесс ерекшелітерін сипаттау арқылы сурет – бейнелеушілік музыканың үлгілерін көрсету.

  1. Бастауыш оқушылар жасының есту - әсерлеушілік дамуының әдістері сурет-бейнелеушілік музыка арқылы тәжірибе – экспериметтік жұмыс барысында дәлеледеу.

Әсерлеушілік есту білім арқылы ізденіс жұмыстың әдістемелік негізі ғалымдар А.Бинэ, Ч.Майерса; Е.В.Назайкинскийдің музыканы қабылдау теориялық еңбектерінде; В.А.Цукерманның музыкалық жанр теориясы; Л.А.Мазелдің музыкалық тіл теориясы; Л.С.Выготский және Г.С.Тарасовалардың бастауыш оқушылардың психолого – педагогикалық ізденіс жұмыстарына сүйенеді.

Ізденістің гипотезасы: бастауыш оқушылардың есту - әсерлілік процесс дамуы келесі жағдайларда нәтижелі болады:



  • осы қабілет мектептегі бастапқы музыкалық білім беруінен;

  • музыкалық жанрларды айқын сурет – бейнелеушілік арқылы анықтау және бастауыш оқушыларға түсініктілігі;

  • оқушыларға көмек жасайтындай музыкалық – интонациялық кешенін сезінуін берілген бояумен тұрақтау әдісін табу;

Ізденістің әдістері – музыкатанушылық, музыкалық – психологиялық, психологиялық – педагогикалық әдебиеттерді ізденіс мәселесін талдауы; сурет бағдарламалық үлгілерді музыкатанушылық және музыкалық – педагогикалық талдау арқылы; тәжірибе – эксперименталдық жұмыста.

Тәжірибе – эксперименталдық жұмысы Павлодар қаласы № 39 орта білім беру метебінің 1 сынып оқушыларымен жүргізілді.

Мазмұны

Кіріспе


І Тарау. Әсерлеушілік есту мәселесі философиялық, музыкатанушылық, психологиялық және музыкалық – педагогикалық әдебиетте.

1.1 19 ғ. мәдениет қайраткерлерінің түрлі-түсті дыбыстылық ассоциясылар көрінісінде.

1.2 19 ғ. бояушылық есту мәселесі психологиялық ғылымда. Есту бояушылық ассоциясының ерекшелігі музыкалық бояушылық есту бар адамдарда (композиторларда) (19 ғ. аяғы – 20 ғ. басы):

а) Н.А.Римский – Корсаковтың түрлі-түсті естуі;

ә) А.Н.Скрябиннің түрлі-түсті естуі;

б) Б.В.Асафьевтің түрлі-түсті естуі;

в) К.Дебюссм мен М.Равелдің есту түрлі-түсті ассоциясының болуы;

г) О.Мессиннің есту түрлі-түсті ассоциясының ерекшелігі;

д) В.Кадинскийдің тембірлік есту сезімі.

1.3 20 ғасырдың психологиялық ғылымдағы түрлі-түсті есту мәселесі.



ІІ Тарау. Жалпы тыңдаушыларда сурет – бейнелеушілік музыка өзектілік есту бояушылық қалпының құралы.

    1. Сурет бағдарлама бар музыкалық жанрлардағы дыбыс – бояушылық

бейнелердің болуы:

а) пастораль жанрында;

ә) ноктюрн жанрында;

б) баркарола жанрында.

2.2 Жалпы тыңдаушылардың сурет – бейнелеушілік музыканы қабылдау ерекшелігі.

ІІІ Тарау. Бастауыш оқушылардың есту бояушылық көрінісінің даму ерекшелігі.

3.1 Қазіргі әдістемелік әдебиеттерді талдау.

3.2 Тәжірибе – эксперименталдық жұмысы.

Қорытынды

Қолданған әдебиет тізімі

Қосымша

Ізденіс жұмысының қорытындысының нәтиже қалпы және ізденістің нақты ұсыныстары берілді ме? Жұмысының нәтижесі мақсатқа сай келе ме? Көңіл аударып, зейін қою – гипотезаға сәйкес келе ме? Және де гипотеза жай ғана емес, дәйектеме сипатында. Қойылған мақсаттар мен міндеттер шешілді ме? Мысалы: ... ізденіс гипотезаның құқықтылығын көрсетті... Сондықтан, танымал жағдайлар мен жалпы фразалардан бас тарту, ізденіс қызықты және көңіл аударатындай болсын. Бұл барлық тараулар мен жұмыстың бөлімдеріне жатады. Ал енді шешімдері нақты қалыптаспаса, жай болса, жаңалығы болмаса, онда түю ретінде емес, қорытынды формада жазу қажет. Қорытынды еркін формада жазылады.

Ал ғылыми ізденіс жұмысы мен дипломдық жұмысының айырмашылығы бар ма? Әрине. Олар бірнешеу:

1 Айырмашылығы ретінде ғылыми ізденіс жұмысының нәтижесі педагогикалық – музыкалық білім беру саласындағы теориялық және практикалық жаңашылдықты талап етеді, осы факт ізденіс барысында ғылыми тұрғыда қаралып тексеруден өту қажет (тәжірибе – эксперименталды ізденіс). Ал дипломдық жұмыста осындай талаптар қойылмайды, бірақта студенттер ізденіс кезінде ғылыми деңгейіне жетуі мүмкін.

2 Дипломдық жұмыста гипотезаның мазмұны «ықшамды» сипатта болуы мүмкін: мысалы шектеулі жағдайы т.с.с

3 Дипломдық жұмысы мен ғылыми ізденіс жұмысының айырмашылығы – ғылыми ізденіс жұмысы көлемді, мәселенің ғылыми ізденіс талдауы теориялық және тәжірибе – эксперименттік жұмысының тереңдігі.

Дипломдық жұмысты қорғау кезінде қысқа кіріспе сөзінен басталады. Онда тақырыптың актуалдығы және ізденіс жұмысының әдіснамалық негізі көрсетіледі. Бірінші бөлімін баяндай отыра оның теориялық позициясына сипаттама беру. Ең құндылығы басқадай ғалымдардың көзқарастары мен өзінің көзқарасы. Тәжірибелік - эксперименттік бөлімінде гипотеза мен пәндік көңілге тоқталу және дәлелдеу механизмін ашу. Жалпы жұмыстың қорытындысы қалыптасады да, жұмыстың жалпы дәйектемесі мәлімделеді.
Өздік жұмысына сұрақтар мен тапсырмалар


  • О.А.Апраксинаның мұғалім – музыканттың ізденіс әрекетіндегі маңыздылығына сипаттама.

  • Талдау негізінің қайнар көзі деген ұғымға түсінік беріңдер.

  • Пікір, аударма, баяндаманы ғылыми – педагогикалық ізденіс ретінде сипаттаңыз.

  • Курстық жұмысы

  • Ғалымдардың әдіснамалық педагогиканың маңызын қарастыру барысындағы айырмашылығы мен жалпылығы.

  • Музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалық негізін ашыңдар.

  • Педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениетінің мазмұны қандай?

  • Пікірдің мазмұнын ғылыми – педагогикалық ізденіс жұмысы ретінде ашыңыздар және де өздеріңіздің пікірлеріңізді дайындаңыз.

  • Дипломдық жұмыстың мазмұнын, құрылысын, талаптарын ашыңыз.

  • Дипломдық жұмыстағы әдіснамалық ерекшілікті музыкалық – педагогикалық проблеманы теориялық нұсқауда ашыңыз.

  • Тәжірибе – эксперименталды жұмысқа әдіснамалық тұрғыда сипаттама беріңіз.


Ұсынатын әдебиет

Негізгі

1. Апраксина О.А. О праве учителя – музыканта на эксперимент. Музыкальное воспитание в школе. – Вып. 13. – М., 1978. – С. 66-76.

2. О методологии педагогики: Краткий обзор общепедагогических позиций (қос-ша)

3. Пример теоретической разработки музыкально-педагогической проблемы в выпускной квалификационной работе (қос-ша).

4. Пример опытно-экспериментальной разработки музыкально-педагогической проблемы в выпускной квалификационной работе (қос-ша).
Қосымша


  1. Абдуллин Э.Б. Методологическая подготовка учителя музыки. М., 1991.

  2. Дипломные работы: Методическое пособие / Отв.ред. С.А.Козлова. – М., 1996.

  3. Методология музыкального образования: проблемы, направления, концепции / Отв. Ред. Э. Б. Абдуллин. – М., 2001.

  4. Методология // Музыкальное образование в школе: Учебное пособие / Под ред. Л. В. Школяр. – М., 2001.

  5. Сысоева М.Е. Организация научно-исследовательской работы студентов. – М., 2000.


ІІ тарау

Музыкалық - педагогикалық ізденісінің әдіснамалық сипаттамасы
2.1 Музыкалық-педагогикалық ізденістің әдіснамалық

сипаттамасының негізі

Алғашқы дәйектеме тақырыптың екі түйіні бар: бірінші – алынған мәселеге ғылыми тұрғыда сипаттама беру және оның аз зерттелген сұрақтарына анықтама; екіншіден – практика сұранысы, тақырыптың ғалымдар арасындағы байланыстың анағаттанғысыздығы жөнінде.

Сипаттама келесі элементтерді қарастырады:

- ізденістің мәселесі;

- ізденістің тақырыбы;

- ізденістің объектісі және пәні;

- ізденістің мақсаты мен талабы,

- ғылыми ізденістің гипотезасы

- ізденістің әдіснамалық негізі;

- ізденістің ғылымилығы, теориялығы және тәжірибелік жаңашылдығы.

Барлық аталған кезеңдер логикалық байланыста болуы қажет. Тақырыпты дәйектеуі ізденіс жұмысының жоспар мазмұнын құрайды.
2.1.1 Ізденістің мәселесі

Толғаныс, пікір, оқу және қайшылық табу арқылы ізденуші мәселені анықтайды. Арнайы ізденісті анықтау, нені мақсаттау керек жаңа позициядан көрінісі т.с. тәжірибе мен теория сұранысында туатын қарама-қарсылығы, қайшылығы. Ізденістен шығатын тұжырымдамалар (қарастыратын мәселелері) мен ізденіс идеясы (автордың қолынан туындайтын жұмыстар).

Қандай қайшылық туралы анықтауға болады? Сол әрекетін жүзеге асыру үшін кәсіби деңгейінің педагогикалық талабы және психологиялық - педагогикалық дайындығының кемшілігі, аздығы болар. Ол ізденістің жолдары, жағдайы және ізденіс әрекетінің бағыты.

Мысалы мынандай мәселе туады: «Интуиция жетістігінің дамуы музыка мұғалімінің кәсіби дайындау үрдісіне қандай психлогиялық-педагогикалық жағдай жасалуы керек?».

Ол үшін:


  • тәжірибелі мақсаттар мен ғылыми мәселені айыра білу;

  • ғылыми білімділігінің кемшілігінің сәулеленуі. (отражение)

Мысалы: «Оқушылардың музыкалық дамуындағы әділ бағалаудың әдістемелік нұсқаулары». Дипломдық жұмыста ізденіс мәселесі жаңалық ретінде талдау сипатта бола алады, онда нақты ғылыми нәтижесі төмен түседі. Мысалы: «Музыка қабылдау үрдісіндегі интуиция мен сана - сезім әдісінің байланысын табу».
2.1.2 Ізденістің тақырыбы

Іденістің тақырыбын анықтау үшін, ізденістің нақты категориясын белгілеу, тақырыптың өзектілігі, мәселенің халыққа тиетін талабы, ғылыми әдебиетінде әлі де төселмеген, ЖОО мен мектептегі жағдайы.

Мысалы: «Жасөспірімнің джаз музыкасының дамуына қызығушылық тудыратын әдісі». Бұл жағдайда бірнеше категория анықталады: «джаз», «қызығушылық», «жасөспірім», «даму әдісі». Педагог музыкантта зейінінің мақсаты болып – «даму әдісі» табылады. Ізденістің тақырыбы басқаша да бола алады: «Алтыншы сыныптағы музыка сабақтарында музыкадағы әйел адамның бейнесі». Студент тақырыпты анықтай отыра, өз кіріспесінде: осы тақырыпта не қызықтырды? Қысқасы, ізденіс тақырыптың өзектілігін ашады.
2.1.3 Ізденіс жұмысының объектісі және пәні

Объект – ол музыкалық білім берудің өзі және музыкалық-педагогикалық іс-әрекеті болып табылады. Объект – ол оқушы, студент (субъект) емес, ол оқу-тәрбиелік үрдіс: теория мен әдістемесі, мазмұны мен принциптері, оқушы мен мұғалім әрекетінің әдісі мен пәні. Біріншіден, ізденістің пәні анықталады, ал ол нені ашады: ізденістің қандай қатынасы, ерекшелігі, зерттеу объектісінің бір аспектісі, педагогикалық бөлімінің болмысы, яғни зерттеу кезінде басқа бір педагогикалық саласының ғылымилығы, функциясының бары.

Тақырып, объект, пән - ізденіс жұмыста біртұтас балуы қажет.



Ізденістің тақырыбы: «Бастауыш оқушыларының музыка өнеріндегі түрлі кешендері арқылы эмоционалды - құндылық қалыптасуының дамуы»

Ізденістің объектісі: «Музыкалық - тәрбие үрдісіндегі бастауыш сынып оқушыларының музыкаға деген эмоциялық - құндылық қатынасының дамуы».

Ізденістің пәні: «Өнер түрлерінің кешенді тұрғыдағы бастауыш оқушыларының музыкаға деген эмоциялық - құндылықтың дамуы».

2.1.4 Ізденістің мақсаты мен (міндеттері) талабы

Мақсат субъекті-танымалы сипатта болуы қажет. Ізденістің мақсаты - атқарылған жұмыстың нәтижесі. Ізденіс жұмысының мақсатын анықтау кезіндегі бірінші міндет зерттелу көрінісі (құрылысы, элементтері, бір көріністің басқадай көріністің қалыптасуы мен дамуы, формасы, педагогикалық жетекшілігінің әдісі, дамуына жол беру, ашу).

Қойылған сұрақтарға ғылыми тұрғыда жауап беру – тәрбие және білім беру ғылымилығы, ізденіс тақырыбына ғылыми ақпараттық жаңалығы, озық тәжірибе нәтижесінің жинақтауы, тәрбие, білім беру жолдары мен құралдары және т.б.

Ізденістің міндеті гипотезаны дәлелдеу барысындағы бірізділік нақтылығы, оның зерттеу жағдайы, оның практикалық қажеттілігі.

Мысалы: «Бастауыш сынып оқушылырдың бейнелі қабылдау дамуының әдістемелік нұсқауы», не «Оқушылардың музыкалық дамуына бағалау критериінің нұсқауы», осы мақсатты басқа мақсатпен салыстыру «Оқушылардың музыкалық қабылдауының дамуы», не «Оқушылардың музыкалық қабылдау дамуының бағалауы».

Ал талабы, қойылған мақсатты ашылуында. Мында қалыптасқан үштаған (триада) пайда болады:

1) ізденіс мәселенің әдебиеттерін талдауы, білуі;

2) тәжірибелік жұмысты ұштастыру;

3) теориялық - әдістемелік қалпының тәжірибе- эксперимент арқылы тексеру.

Ал дипломдық жұмыста мақсаттар мен міндеттер нақтыланады, мақсаттық бағыттылығын анықтауды сұрайды. Мысалы: «Жасөспірімнің джаз музыкасына даму - қызығушылық әдісі» келесі мақсаттар бола алады:



  • джаз музыкасының сипаттамасы, басқа жанрлардан айырмашылығы және оның басты музыкалық ерекшеліктерін анықтау;

  • қазіргі жас өспірімдердің ерекшелігі, психологиялық сипатының қызығушылық категориясы;

- жасөспірімнің джаз музыкасына қызығушылық гипотеза-модель құруы және тәжірибе - эксперимент ізденісінің құқықтылығын дәлелдеу.
2.1.5 Ғылыми ізденістің гипотезасы

Гипотеза – дәлелдеуді қажет ететін ғылыми ұйғарым. Гипотеза - қалыптастыруының жаңалығы, оның ізденісі, дәйектемесі. Гипотезаны дәлеледеу барысындағы бірізділігі, жоба жауабы, процестің жүрісі, сапалылығы. Гипотеза – зерттеу алдындағы өзінше ойлау ізденісі.

Гипотезада: біріншіден, ізденіс жұмысындағы басты мақсаттың мазмұндылығының маңыздылығын ашу; екіншіден – теориялық ізденістегі жалпығылымилық және философиялық қалпының құқықтылығы мен тиімділігі; үшіншіден – гипотезаның ізденіс әдістемелігі, оның болашағы және негізгісі.

Гипотезаның қалыптасуы жеңіл болу үшін, мақсат пен міндетті объект - жандандыру сипатында емес, оқу-ізденісінің сипатында жазылуы керек. Оқу - ізденіс жұмысында гипотезаның бірнеше нұсқасы болады. Алдағы ізденіс жұмыста бір нұсқасы тиімді болуы мүмкін.

Тағы бір жағдай, ізденіс жұмысын жүргізген кезінде алғашқы алынған гипотезаны өзгертуге болады (кіріспеде).
2.1.6 Ізденістің әдіснамалық негізі

Ізденіс жұмыста әдіснамалық негізі анықталады – философиялық, жалпығымилығы (музыканың тууы, музыкалық - психологиялық т.б.) және жеке өзіндік ғылымилығы (музыкалық - педагогикалық).



Зертеу әдісі мен рәсімі. Ізденіс жұмысын шешу барысындағы тәсілдердің көптілігі, ғылыми гипотезаның болмысы, ғылыми фактілерінің нақтылығы, ғылыми - әдістемелік ұсыныстары, ғылыми фактілерді алу, жинақтау мен негіздеуі, ізденістің логикасы, тәжірибесі мен эксперименті, қандай мақсаттар шешілді, эксперименттің мазмұны, болатын нәтиже, зерттеушінің жоспары мен жұмыс барысы.

... «ізденістің әдіснамалық негізі философияның танулық теориясына сүйендім, музыкалық өнердің мазмұнының музыкатанулығына және жеке тұлғаның рөлі мен іс-әрекетінің психологиялық концепциясына» ...

Бұл дұрыс емес ...

Ізденістің принциптері мен әдістері

Қасиетінің келесі арнайы құралдары – принципі, танулықтың әдісі және музыкалық - педагогикалық шыны (растығы). Нақты ғылыми - әдістемелік кепілдеменің өңделуі, әдістемелік құралдарды құру, насихат жүргізу, педагогикалық ізденіс идеяны жалпы қолдану болып табылады.

Ізденістегі терминологиялық нақтылығы (маңыздылығы)

Дипломдық жұмысты жазу барысында терминологиялардың нақтылығын анықтауы, оның басты ұғымының мазмұнын анықтауы болады. Бір берілген түсінікті ... ол принцип, ол әдіс, ол мақсаты, ол міндеті деуге болмайды. Парапар қабылдауы дипломдық жұмысының аяғына дейін жүреді.


2.1.7 Ізденістің ғылымилығы, теориялығы және тәжірибелік - эксперименттік жаңашылдығы

Ізденіс деген ұғым диссертациялық жұмысқа қатысы бар, дипломдық жұмысқа жоқ. Ғылымилық, теориялық және тәжірибелік – эксперименттік жаңашылдық ізденіс жұмыстың нәтижесі, қорытындысы. Автор өзінің ізденіс жұмысында жаңа оқу - теориялық сипаттағы білімді көрсетуі – оқушыларға музыкалық білім, тәрбие беру барысындағы музыкалық дамуының жаңа тұжырымдамасы.

Ғылыми негіздеуі мен ұсынысы, ізденіс жұмысы барысындағы басты мәселенің нәтижесі, теориялық идеясы, жалпы педагогикалық ізденіс жаңалығы және зерттеу қорытындысын практикада жүзеге асыру жұмыс қорытындысының кезеңі.

Тәжірибелік салымының нәтижесі бір сыныптан ғана байқауға болады. Ал дипломдық жұмыстың әдістемелік сипатының нұсқасы ғылыми жетекшісімен бірге жазылады.


2.2 Дипломдық жұмыстың рәсімдеуі

Жұмыс А-4 форматында, шрифт – 14, интервал – 1.0 сайын, бір бетте.

Бет парақтың көлемі: сол жағы – 3 см., оң жағы – 1,5 см., үсті- 2, асты – 2,5 см.

Әрбір жаңа таралымы жаңа парақтан басталады. Таралымның атауынан (жол ортасында) кейін нүкте қойылдмайды.

Жоспардың барлық бөлімдері (тараудың аталуы, тұжырым, қорытынды, әдебиет тізімі, әрбір қосымшасы) жаңа парақтан басталады.

Тақырып атаулары бір шрифпен жазуын ұсынады.

Ізденістің парақтары мұқаба бетінен басталады, бет сандары 2-ден бастайды. Кіріспе – 3 бет.

Дипломдық жұмыс компьютермен теріліп, электронды нұсқасы болуы керек.

Аяқталған жұмыс түптеледі.


Мысалы:
Мазмұны

Кіріспе 3

І Тарау

Атауы 5


1.1 Атауы 6

1.2 Атауы 18

ІІ Тарау

Атауы 30


2.1 Атауы 30

2.2 Атауы 42

Қорытынды 54

Әдебиет тізімі 60

Қосымша 70

Дипломдық жұмысының мұқаба беті (үлгі)


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет