Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»


ТПП теориясының зандылықтары мен принциптері



бет13/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

25.ТПП теориясының зандылықтары мен принциптері

Педагогикалық процестің заңдылықтарыпедагогикалық процесс құбылыстары мен аспектілері арасында объективті өмір сүретін, қайталанып тұратын, тұрақты, мәнді байланыстар. Заңдылықтар: ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары:
1. Тәрбие мен әлеуметтік жүйе байланысы;
2. Оқыту мен тәрбие байланысы;
3. Тәрбие мен іс-әрекет байланысы;
4. Тәрбие мен тұлға белсенділігі байланысы;
5. Тәрбие мен қарым-қатынас байланысы.
Тұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары: 
1. оқу мен тәрбие қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу қоғамның тапсырмасы, қоғам өзіне лайықты ұрпақ дайындайды, өз жағдайымен байланыстырады. 
2. тәрбиенің, оқытудың білім берудің жене дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды. өйткені, адам баласы белгілі заңдылықтарды білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді. 
3. тәрбие мен өзі-өзі тәрбиелеудің бірлігі. 
4. тәрбие мен оқыту - іс-әрекеттің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекет, қарым-қатынас таным процесін дамытады. 
5. педагогикалық үдерісте оқушылардың жас және дара ерекшелерін есепке алу. 
6. педагогикалық үдерістің процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. 
Байланыстар негізінде принциптер анықталады. Педагогикалық принциптер - қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі идеялар, ережелер.
Принциптердің атқаратын қызметтері:
1. Олардың көмегімен мақсат анық, дәл тұжырымдалады;
2. Педагогикалық процестің мазмұнын, әдісін, құралдарын, формаларын анықтау үшін қолданылады;
3. Тәрбиелік қатынастардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді;
4. Педагогикалық процесті дамыту заңдылықтары ретінде қолданылады. Педагогикалық процесс принциптері:
1. Табиғатпен үйлестіру;
2. Ізгілік әрекет ұйымдастыру;
3. Тұтастықты жүзеге асыру;
4. Демократиялық негізде ұйымдастыру;
5. Мәдениетпен үйлестіру;
6. Кәсіптік мақсаттылықты жүзеге асыру;
7. Политехнизм принципі.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет