Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»



бет16/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

30. Оқыту процесінің мәні
Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.Оқыту – таным процесі. Танымдық ерекшелігі — оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі. Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп, дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл–ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – оқушыларға білім беру.Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана – сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан –жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады).
31. Оқыту процесінің белгілері:
Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің тізбектері – танымдық іс-әрекетінің кезеңдері кіреді:
- таным міндеттерін жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну – жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау.
Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына дайындалады.
Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың, я құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі. 
Түйсік – сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуі.
Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару.
Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі.
Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау – бұл оқытудың кері байланыс процесі.
Оқыту процесінің звеноларын таным процесінің формуласына сүйеніп, салыстыру ретінде логикалық бірізділікпен былай жазуға болады.
Нақты аңғару – түйсік, қабылдау.
Абстракті ойлау – ұғыну, мәнін түсіну.
Практика – бекіту, білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану, оқу процесінің осы компоненттерін тексеру, бағалау.
Оқыту процесінің тізбектері сабақ үстінде оқушылардың іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Егер олардың іс-әрекеттерінде түрткі болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Түрткі – адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне, ішкі талаптануы. Демек, мотивация негізі мұқтаждық пен ынта болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезуі қажет. Ал мұқтаждық оқуға деген ынтасын көтереді.
Оқыту практикасында оқудың әртүрлі түрткілері болады:
Тікелей талаптандыру түрткілері – бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі.
Перспективті талаптандыру түрткілеріне мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы және келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілі іс-әрекеттеріне қызығушылық жатады.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу деректеріне сәйкес түрткілер екі топқа ажыратылады: танымдық және әлеуметтік түрткілер.
Түрткілер оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъктісі болады. Оқытудың объектілері мен субъектілері арасында әртүрлі байланыстар пайда болады: ақпарат алмасу, бірлескен іс-әрекет т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет