34. Оқытуды ҧйымдастыру формалары.
Педагогика ғылымында оқуды ұйымдастырудыңәртүрлі формалары, әдіс-тәсілдері туралы мағлұмат берілген. Философия ғылымында «форма» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Демек, оқыту формасы – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың ӛзара әрекеті. Оқыту формасы әдіс пен амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс- әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен байланысты болады. Сабақтың сыртқы кӛрінісі оқу материалының ішкі бӛліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үдерісін ұйымдастырудың сыртқы формасын белгілейді, мұның ӛзі оқушылардың білім сапасының кӛрсеткіші мен ӛтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі т.б. жағдайлармен реттеледі. Педагогика тарихында оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары туралы деректер бар. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқыту формаларын жіктеудің ӛлшемдері тӛмендегідей:
- жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
- жеке-жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы);
- жеке-топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқитын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топтардан тұрады (оқытудың бұл түрлі ортағасырлық мектептерде қолданылған);
- ӛзара бірлесіп оқыту (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, оны «Бел-Ланкастер» жүйесі деп атайды);
- саралап оқыту, оқушылардың қабілетіне қарай оқыту (Мангейм жүйесі);
- бригадалық оқыту, тапсырманы бригадир алады: бір сыпыпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші - бригадир (оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән);
- Оқытудың микротоптық жүйесі (шағын топтар немесе шағын ұжымдық жұмыс т.б.).
Білім беру тарихында алуан түрлі оқыту нысандары пайда болды, нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден кӛптеген деректер жинады. Баланы оқытудың әртүрлі формалары зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді. Мектепте оқитын оқушылардың саны, оқитын орны, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топтық, ұжымдық оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепте, мектептен тыс оқыту формалары анықталды. Оқыту формаларының дамуында баланы жекелеп оқыту ӛте ерте кезден бастау алады. Ол тапсырманы мұғалімнен не ӛзінің үйінде орындайды. Тапсырманы мұғалім оқулығынан береді. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады. Баланы жекелеп оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан. Жекелеп оқытудың тиімділігі:
• мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды;
• оқушының қатесін уақытында түзетеді;
• оқушы ӛзіне ыңғайлы уақытында жұмыс істейді. Кемшіліктері:
• мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай
түсінгенін тексерумен шектеледі;
• оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды;
• бала ұжымда, әлеуметтік ортада жұмыс істеуге қабілеті
Тӛмендейді