Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»


Оқытудың инновациялық технологиялары



бет24/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

42. Оқытудың инновациялық технологиялары.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
43. Педагогикалық процес жүйесіндегі тәрбие 
Тәрбие, білім беру, оқыту – ішкі жан дүниеге түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы жағдайлар. Сон-дықтан да философтар, психологтар адамның жан дүниесін тәрбиелеудің қозғаушы күші бар екенін көрсетеді. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу арақатынасынан тәрбиелік қарым-қатынас өр-биді. Тәрбиелік қатынас – өзара қарым-қатынастың бір түрі, ол адамды тәрбие, білім беру, оқыту арқылы дамытуға бағыттайды.1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынас дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру», – деп анықтама берілген, ал қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатынасуымен даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі», – деген анықтама береді.Қазіргі заманда жастармен жұмыс жасаудың жаңа әдістерін, цептуалдық жолдарын және формаларын іздестіру керектігі қоғам талабы. Қазіргі тәрбие туралы тұжырымдамалар жалпы адами құндылықтар мен барлық салалардағы әрекеттің өркениетті формаларына сүйенгенімен, өзіндік тұрғыдан ерекшеленеді. Барлық тұжырымдамаларда
– Тәрбиені мәдени контексте жүзеге асыруды;
– Ашық тәрбиелік жүйелерді құруды;
– Тәрбиені отбасында қайта қарауды
– Индивидуалдылықты дамытуды және қолдауды;
– Тәрбие әдістерін және оны ұйымдастыру формаларының икемділігі мен альтернативаларын есепке ала отырып, жүзеге асыру қажеттілігі туындауда.
Педагогикалық процесс тәрбие процесінің негізгі құрылымдық бірлігі, оның ерекшелігі сол – ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие процесі ұғымы тұлғаны қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік өзара іс-әрекеттерді бейнелейді.
Педагогикалық процесс қоғам мен жеке тұлғаның өзінің дамуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған әртүрлі педагогикалық құралдарды пайдалана отырып, білім мен тәрбие мазмұнын ескере отырып, мұғалім мен оқушының арнайы ұйымдастырылған өзара әрекеті болып табылады. және өзін-өзі дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет