Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»


Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары мен бағдарламалары



бет25/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

44.Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары мен бағдарламалары
 Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары мен бағдарламалары. 
Тәрбие мәселесіне байланысты тәрбие тұжырымдамасы үш рет қабылданғаны белгілі. Алғаш рет 1995 жылы ұлттық тәрбиеге негізделген тәрбие тұжырымдамасы қабылданып, аталған құжатқа негізделген үздіксіз білім беру жүйесіне тәрбие жұмысы құрылды. 2009жылы 12 бағыттан тұратын «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы», 2015 жылғы «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» 8 бағыттан тұратын тәрбие тұжырымдамасы оқу тәрбие жүйесін жандандырды. Ұлттық негіздегі төл оқулықтар, оқу құралдары енгізіле бастады. Оқу-тәрбие жүйесіне ерекше даму үдерісі басталды.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1995 жылы қабылдаған «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» отбасы, мектепке дейінгі, мектептегі тәрбиенің сындарлы жүйесі жасалды. Тұжырымдамада жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, патриоттық, ерлік, эстетикалық тәрбие беру мәселелері жан-жақты қамтылған. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында қазақ халқының жауынгерлік және ерлік тарихын, ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру; өз жерін, елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі азаматтар тәрбиелеу, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән берілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015 жылы ұсынған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» болашақ қазақстандық жастар патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі, кәсіби құзыретті болады деп атап көрсетеді. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында және Қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік-мәдени трансформацияны ескере отырып әзірленген.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдылықтарын, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуын, патриотизмге, еңбексүйгіштікке, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында мемлекеттік саясат, қоғамдық талаптар, отбасылық тәрбие құндылықтары және тұлғаның жеке мүдделері мен мақсаттарының теңгерімі негізінде, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кіріктірілуі арқылы тәрбиенің әдіснамасын, мазмұнын жаңартуға, білім беру жүйесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға бағдарланған.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасын» негізге ала отырып мектептегі, балабақшадағы тәрбие жұмысын жетілдіруге арналған республика ғалымдарының бірнеше бағдарламалары жарыққа шықты. Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова, Ә.Әмірова т.б. басшылығымен мектепке дейінгі тәрбиеге арналған «Балбөбек» бағдарламасы тұңғыш дүниеге келді. Сондай-ақ, Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. «Ұлттық мәдениет тарихы», «Қазақ мәдениетінің тарихы», «Қазақ этнопедагогикасы» т.б., Оразаев М., Смаилова М.Ж. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», С.Қ.Қалиев, С.Т.Иманбаева, С.М.Төрениязованың «Болашақ» оқушылар ұйымының ережесі, М.Құрсабаевтың «Атамекен», З.Ахметованың «Кәусар бұлақ», М.Х.Балтабаевтың «Елім-ай» т.б. бағдарламалары жоғары, орта оқу орындарындағы және мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұлттық бейнеде ұйымдастыруға үлкен ықпалын тигізді.
С.А.Ұзақбаеваның тәрбие тұжырымдамасында жеткіншек ұрпақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу, халықтық педагогика идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін, тәрбие құралдарын, жан-жақты зерттеп, оны эстетикалық тәрбие беру бағытында пайдалану жолдарын ашып береді. Халықтық педагогика тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан ұрпаққа халық шығармашылығы поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолданбалы өнер арқылы беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан халықтық педагогиканың мақсатын ашып көрсетеді.
Г.Қ.Нұрғалиеваның тұжырымдамасында еркін және рухани, ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу ұстанымдары негізінде әр жеке тұлғаның өзіндік менін көрсету, оған дағдыландыру, қоғам алдындағы жауапкершілік, қоғамдық тәжірибені игеру, мейірімділік, ізгілік қасиетті құру және дамыту, адамдарды табиғи қалпында қабылдау, адамдардың бойындағы жақсы рефлекстік қасиеттерді қалыптастыруға мән берілді.
Ұстаз Күләш Тынысбекованың тәрбиелік тұжырымдамасы ұлттық тәрбиенің негізге ала отырып, халықтық дәстүрлерді пайдалану арқылы ер бала тәрбиесін дұрыс бағытқа қою, себебі, ер балалар тәрбиесін отбасында, балабақшада, мектепте әйелдер атқаратыны, ер баланың психологиясы әкеден гөрі анасына жақын келетіні ескере отырып өз тұжырымдамасын ұсынды. Мектептегі ер мұғалім санының аздығын да бұған ықпалын тигізіп отыр дей келе, оқу тәрбие үрдісінде ер бала тәрбиесіне байланысты жүргізілетін тәжірибесін ұсынды: әкелер өсиеті, «әкеге қарап ұл өсер» дегендей ер-азаматқа тән қасиетті бала бойына сіңіру; ерлерге тән салт-дәстүрлер, ер баланың отбасындағы қоғамдағы рөлін ашып көрсетеді.Ер баланың сол әулеттің мұрагері, қара шаңырақ иесі болып саналатынын, қартайған әке-шешені бағып-қағу ер балаға аманат екенін түсіндіреді. Бұл - қазақ халқының атадан балаға жалғасқан озық дәстүрлері; «ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - ата-бабаларымыздың ерлік пен батырлығын бағыттайтын бағыт; сөз өнері, шешендік өмірдің тәлімдерімен тәрбиелей отырып, әр оқушының өзіндік ерекшеліктерін ашу; ұлттық ойындарды ұсына отырып азамат тұлғасын қалыптастыру көзделеді.
А.Миразованың тәрбиелік тұжырымдамасы. Тәрбие жаңа мазмұнға ие, мектептегі пән сабақтары негізінде іске асыру, бүгінгі заман талабына сай тәрбие мазмұны тәрбиенің өмірімен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік қоғамның даму ерекшелігімен бірге ұлттық ерекшеліктер өзара бірлікте дамуы, жетілдіріліп отыру көзделген. 
Т. Б тұжырымдамалар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет