47.Тәрбие принциптері тәрбие заңдылықтары тәрбие процесінің нәтижесін суреттейді. Тәрбие заңдылықтарымен қатар, принциптерін де тәрбие процесінде ұстану қажет.Тәрбие принциптері дегеніміз – тәрбие процесін жүзеге асыру барысында ұстануға тиісті талаптар. Бұл талаптар, яғни принциптер төмендегідей:
– тәрбиенің өмірмен, қоғаммен байланыстылығы. Яғни тәрбие қоғам сұранысын есепке алып отыруы тиіс;
– тәрбиенің міндеттілігі. Тәжірибеде іске асырылуы тиіс;
– кешенділік принципі. Тәрбие принциптері тұтастықта жүзеге асырылады;
– барлық принциптердің тепе-теңдігі. Принциптердің маңыздысы, маңызды емесі болмайды. Барлығын тең тұрғыда ұстанады;
– тәрбиенің гумандық принципі. Адамдарды құрметтеу, сыйлау, бір-біріне мейірімді бола отырып, талап қоя білу. Өзін басқаның орнына қоя білу;
– жағымды қасиетке сүйену принципі. Тәрбиеленушінің жағымды қасиетін тауып, соған сүйене отырып тәрбиелеу;
– тұлға дамуына бағытталу принципі. Барлық тәрбиеленушілердің өзіндік ерекшеліктері бар: жынысы, жас, темпераменті, жинақтаған тәжірибесі, мінез-құлқы, даралығы. Сондықтан тәрбиеде мұндай ерекшеліктер міндетті түрде ескерілуі қажет.Сонымен, аталған принциптерді тұтас ұстанып, тәрбие процесінде жүзеге асырар болса, тәрбие жұмыстары қажетті нәтиже береді.
Қоғамдық өмір тәжірибесіне қатысуы арқылы балалардың бойында адамгершілік, ізгілік қасиеттері мен еңбек ету, іс-әрекетті нәтижелі орындау мүддесі қалыптасады.
Сонымен қатар тәрбиенің өмірмен байланыстылығы, өмірдің келеңсіз құбылыстарымен-өзімшілдік, құлқын құмарлык, сұғанақтық, қатыгездік, қайырымсыздық, жалқаулық, жауапсыздық, тәртіпсіздік әміршілдік, әкімшілдік сияқты басқа да жағымсыз жақтарымен күресе білуге де шынықтырады. Сонымен тәрбиенің өмірмен байланысы жөніндегі принцип тәрбие жұмысының мазмұнын және оның ұйымдастырылуын үнемі жаңартып, жетілдіріп отыруды қажет етеді.Жеке адамға талап қоюшылық пен қүрметтей білудің бірлікте болуы принципі.
Бұл принцип советтік қоғамның гуманистік сипатына негізделген.А.С.Макаренко:"Менің негізгі принципім ал бұл принцип тек қанаменікі емес, сондай-ақ бүкіл советтік педагогтердің де принципі деп санаймын әрқашан адамға барынша көп талап қою, сонымен қатар оны мейлінше қатты сыйлау болып табылады"- деп өзінің педагогикалық тәжиребесін қорытындылайды.Балаларға орынды талап қою мен оларға парасатты сүйіспеншілік пен қүрмет көрсете білу бірлігі- тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың ең қажетті шарты.