Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»



бет31/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

50.Тәрбие жұмысын жоспарлау


Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады. 
1. Оқушыға тікелей ықпал жасау:
- оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу;
- тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
- жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
- тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.
2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру:
- оқушылар ұжымын қальптастыру;
- онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;
- оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
- оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.
3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әртүрлі субъектілерге көмектесу, бақылаужасау:
- отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
- мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық,әрекетіне қолдау көрсету;
- бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;
Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие жұмысының принципінмазмұны мен формалары және әдістерін анықтайды.
Мақсатты қоюда емес, мақсатты анықтауда. Мұндай жағдайда,
а) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;
ә) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;
б) қол жеткізетін нәтижені алдын-ала жобалауды бірінші кезекте ескерілуі қажет. 
​Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі негізінен 4 кезеңнен тұрады:
1. Педагогикалық процесті алдын-ала болжау.
2. Өткен оқу жылы қортындысының нәтижесіне талдау жасау.
3. Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау.
4. Мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналардың өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыру.
Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу жұмысына тікелей қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зердедеп, дұрыс көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттеріне саналы түрде қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Мұндай
жағдай сынып жетекшісіне педагогикалық құралдарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.
Тәрбие жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық міндеттері де айқындалады. Оны жобалау негізіней мынындай кезең арқылы жүзеге асады:
1. Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай боп белгіленді.
2. Сынып ұжымы мен мектеп және тұрғылықты жердің қандай өзіндік ерекшеліктері бар.
3. Мектеп немесе сынып жағдайында өткен оқу жылында қандай міндеттер қарастырылды және олардың нәтижесі қалай болды.
4. Сынып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап берді
5. Қойылып отырған мақсатгы жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктері қандай.
6. Сынып ұжымының жақын қашықтықтағы міндеттерді шешуге даярлык дәрежесі қандай.
Нәтижесінде тәрбие жұмысын жоспарлауды өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет