51.Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен қызметтерінің ерекшелігі Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты– мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері.
1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие процесінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағыттақарастыруға болады
Сынып жетекшісінің қызметінің бағыттары • Ұйымдастырушылық қызметі
• Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық
• Оқушылардың жалпы әрекетін басқару
бағыттары
1.Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани-адамгершілік және рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады. Нақтамалық қызметісыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардьщ тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісі дегеніміз - жалпы білім берегін мектепте сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырумен, үйлестірумен және жүргізумен айналысатын педагог.