Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»


Оқушылардың тәрбиелеудің маңыздылығы мазмұны және тәрбие түрлері



бет30/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

49.Оқушылардың тәрбиелеудің маңыздылығы мазмұны және тәрбие түрлері 
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау , ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.Мақсат дегеніміз бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру.Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттік саясаты мен экономикасына тәуелді.Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болады. Тәрбие қоғамдыққұбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Оқушылардың жеке ерекшелігі-денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы,т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулері керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан — бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Тәртібі қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор.
Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздері ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім. Олардың құнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр.Қазақтың ғұламаларының ішінде әл–Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім.
• Әл–Фарабидің айтуынша, «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек.Онсыз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі » -деді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады» — деп ескертеді . Ғұламаның бұл пікірінен ұғатынымыз – адамның санасы мен мінез — құлқы оның адамгершілік сапаларын қалыптастырудың негізі болатындығы.
Ж.Баласағұни «Құтты білік» дастанында адамгершілік тәрбиесін адамның бойында кісілік, парасаттылық, имандылық, тектілік және ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен байланыстырады. Оның «Адамшылық жаса адамға адам бол, Адам атын мақтаныш қып адал бол» деген ой-пікірлері әл-Фарабидің идеяларымен үндесіп жатыр
Осы ой-пікірлер қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу- бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың шығармаларынан да орын тауып, кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына болып отыр.

• 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет