Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы



бет1/4
Дата25.12.2016
өлшемі0,55 Mb.
#4472
  1   2   3   4
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz, дата последнего изменения документа: 2012.09.21
Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 680 Бұйрығы

(2012.02.08. берілген өзгерістермен)

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру Ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. 2005 жылғы 22 қыркүйектің № 464 «Донорды қан мен оның құрамын тапсырар алдындағы медициналық тексеру ережесін бекіту туралы» бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 тіркелген және «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 24 қарашада № 154) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 



Министірдің

міндетін атқарушы

 

Б. Садықов

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012.02.08. № 524 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрдің

міндетін атқарушы

2009 жылғы 10 қарашадағы

680 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қан мен оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық зерттеп-қарау



қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы қан мен оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық зерттеп-қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген, қан мен оның компоненттерін дайындайтын медициналық ұйымдарда (бұдан әрі - қан қызметі ұйымдары) донорды қан мен оның компоненттерін беру алдында мынадай кезеңдерді қамтитын медициналық зерттеп-қараудың тәртібін белгілейді:

1) донорды қабылдау және есепке алу;

2) донорды медициналық зерттеп-қарау.

2. Осы Ережеге сәйкес міндетті ақысыз медициналық тексеруден өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар үшін ерікті түрде тапсыруға ниет білдірген, он сегіз жастан жоғары жеке тұлға қан мен оның компоненттерінің доноры бола алады.

3. Қанды алғаш рет тапсыратын жасы 60-тан асқан тұлғалар, сондай-ақ жасы 65-тен асқан тұлғалар қан мен оның компоненттерін тапсыруға (донацияға) медициналық тексеруді жүргізетін дәрігердің ұйғарымы бойынша жіберіледі.

4. Қан мен оның компоненттерін тапсырудың (донация) жиілігі мен реті бойынша донорлар мынадай санаттарға бөлінеді:



алғашқы донор - қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донация) алғаш рет іске асырған тұлға;

қайталама донор - қан мен оның компоненттерін бұрын тапсырған (донация) тұлға;

тұрақты донор - қан мен оның компоненттерін тұрақты түрде тапсыратын (донация) тұлға. Тұрақтылық деп қан тапсыруды (донация) жылына 3 рет және одан да артық, плазма мен қан жасушаларын жылына 12 және де одан да көп рет тапсыру тұрақтылығы ұғымы айтылады. Эритроферез әдісімен эритроциттер донорлығы ерекшелік болып табылады, осындай жағдайда жылына 2 рет және одан да артық тапсыру (донация) тұрақты донорлық болып түсініледі.

5. Қан мен оның компоненттерін тапсыру (донация) мынадай түрлерге бөлінеді:



1) тапсыру (донация) түрі бойынша:

қан донорлығы;

плазма, оның ішінде иммундық плазма донорлығы;

қан жасушалары донорлығы;

2) уәждеме бойынша тапсыру (донация):

өтеусіз (өтеусіз ерікті тапсыру (донация), мақсатты тапсыру (донация) және аутологиялық тапсыру (донация));

қанды ақылы негізде тапсыру (донация).

Қан мен оның компоненттерін өтеусіз ерікті тапсыру (донация) - аллогендік қан мен оның компоненттерін Кодекстің 167-бабына сәйкес донорға берілетін кепілдіктерден басқа, ақысыз іске асырылатын тапсыру (донация).

Қан мен оның компоненттерін мақсатты тапсыру (донация) - аллогендік қан мен оның компоненттерін нақты пациенттер үшін тапсыру және Кодекстің 167-бабына сәйкес донорға берілетін кепілдіктерден басқа, ақысыз іске асырылатын тапсыру (донация).

Қан мен оның компоненттерін аутологиялық тапсыру (донация) - бір тұлғадан алынған және келесіде осы тұлғаға аутологиялық қайта құюға ғана арналған қан мен оның компоненттерін тапсыру (донация).

 

 



2. Донорларды қабылдау және есепке алу тәртібі

 

6. Донорларды қабылдау қан қызметі ұйымдарында жеке басын куәландыратын құжаттар немесе әскери қызметшілер үшін әскери билет немесе жүргізуші куәлігі негізінде жүргізіледі.

7. Осы Ереженің 6-тармағында қарастырылған құжаттарды көрсеткеннен кейін перифериялық және плаценталық қанның гемопоэздік дің жасушалары (бұдан әрі - ГДЖ) донорын қоспағанда, қан және оның компоненттерінің донорына өз бетінше немесе медициналық тіркеушінің қатысуымен, толтырылатын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, сауалнама, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ақпараттандыру парағы беріледі.

Плаценталық қанның ГДЖ тапсыру (донация) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша плаценталық қан донорының сауалнаманы толтырумен ресімделеді.

8. Медициналық тіркеуші перифериялық және плаценталық қанның ГДЖ донорларын қоспағанда, донордың төлқұжатын донорлар және донорлыққа жатпайтын тұлғалар туралы электрондық дерекқор мәліметтерімен салыстырып тексереді, бұдан кейін донордың электрондық немесе қағаз картасының төлқұжаттық бөлігіне донор жөнінде ақпараттың тексерілгені жөнінде белгі соғып, толтырады.

9. Перифериялық қанның ГДЖ донорын қоспағанда, донорды есепке алу бастапқы медициналық құжаттар бойынша жүзеге асырылады, оның негізінде донорлар туралы электрондық дерекқор құрылады.

10. Перифериялық және плаценталық қанның ГДЖ донорын қоспағанда, алғашқы донорларға қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан (донациядан) кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша донор куәлігі беріледі. Жоғалған донор куәлігінің дубликаты донордың жазбаша өтінішінің негізінде беріледі.

11. Перифериялық қанның ГДЖ донорларын қоспағанда донорлықтан шеттетілген донорға «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша анықтама беріледі.

Донорлықтан шеттету үшін мынадай мәліметтер негіз болады:

1) электрондық база;

2) қан және оның компоненттері донорының сауалнамасы;

3) алдын-ала зертханалық тексеру;

4) дәрігерлік қарау.

12. Донорлыққа жатпайтын тұлғалар туралы электрондық дерекқор мәліметтері ЖИТС-ке қарсы күрес және профилактикалау орталығынан (бұдан әрі - ЖИТС орталығы) алынатын ақпарат және қан және оның компоненттерін тапсыру (донация) үшін қан қызметі ұйымдарына жүгінген тұлғаларды трансфузиялық инфекцияларға тексеру нәтижесі бойынша әзірленеді.

13. Қан қызметі ұйымдарын жаңадан анықталған тұлғалар туралы ақпаратты одан әрі жаңартумен, АИТВ инфекциясын жұқтырған тұлғалар туралы деректермен қамтамасыз ету облыстардың және тиісінше Астана және Алматы қалаларының ЖИТС орталықтары жүзеге асырады.

 

 



3. Донорды медициналық зерттеп-қарау тәртібі

 

14. Донорларға әрбір қан мен оның компоненттерін тапсырар (донация) алдында А, В, D, Kell иммуногематологиялық зерттеу, гемоглобин (гематокрит) деңгейін, перифериялық қанның ГДЖ донорына перифериялық қанның құрамын (гемоглобин, (гематокрит), эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) анықтау жүргізіледі.



Перифериялық қанның ГДЖ доноры адамның 1,2 типті иммундық тапшылық вирусы (бұдан әрі - АИТВ 1,2), В вирустық гепатиті (бұдан әрі - ВВГ), С вирустық гепатиті (бұдан әрі - СВГ), мерез, цитомегаловирустық инфекция, токсоплазмоз, І, ІІ типті Т-лимфотропты вирусының бар болу инфекциялық маркерлеріне бастапқы зерттеп-қарауды оны қан тапсыруға (донация) жолдап отырған медициналық ұйымда өтеді.

15. Донор қанына зертханалық зерттеу жүргізу қан мен оның компоненттерін тапсыру (донация) күні жүргізіледі.

16. Донорды медициналық тексеріп-қарауды, шеттету немесе жіберу және қан мен оның компоненттерін тапсырудың (донация) түрін трансфузиолог-дәрігері немесе қан қызметі ұйымының терапевті (бұдан әрі - дәрігер), ал плаценталық қанның ГДЖ донорына - Плаценталық қанды жинақтау жүзеге асатыг босандыру мекемесінің дайындалған акушериялық-гинекологиялық персоналы жүргізеді.

17. Донорды медициналық зерттеп-қарау мыналарды қамтиды:



1) алдын-ала зертханалық зерттеу мәліметтерінің талдауы;

2) қан және оның компоненттері донорынының сауалнамасын талдау, анамнезді жинау және донорлармен тәуекел факторларын анықтау мақсатында құпия әңгіме жүргізу (сауалнама ақпараты сұхбаттасу процесінде берілген жауаптармен толықтырылуы мүмкін);

3) ағымдағы хал-жағдайын әңгіме жүргізу және физикалық бақылаудың белгілі әдістерін (дене қызуын, бойын және салмағын, қан қысымын, тамыр соғу ырғағы мен жиілігін өлшеу) пайдалану арқылы бағалау;

4) плаценталық қанның ГДЖ донорында айырбастау картасының және жүктіліктің қазіргі ағымы мен босануын плаценталық қанның ГДЖ тапсырудан (донация) шеттету критерийлерін анықтау үшін қосымша талдау жүргізу.

18. Қауіп-қатер факторларының болуына күдік болғанда немесе анықталған кезде және клиникалық көрсетілімдер бойынша медициналық тексерудің көлемі физикалық бақылаудың (терінің сыртқы қабын және көзге көрінетін шырышты қабықтарды қарау, аускультация, перкуссия, пальпация) зертханалық зерттеудің қосымша әдістерін немесе маманның консультациясын пайдаланумен қан мен оның компоненттерін тапсыруға (донация) жіберуді, жүзеге асыратын дәрігердің шешімімен ұлғайтылуы мүмкін.

19. Медициналық тексеруді жүргізу кезінде дәрігер осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес зертханалық зерттеулердің көрсеткіш нормаларын және осы Қағидалардың 6 және 7-қосымшаларына сәйкес қан мен оның компоненттерінің донорлығынан тұрақты және уақытша бас тарту критерийлерін басшылыққа алады.

20. Зертханалық зерттеулер көрсеткіштерінің нормалардан ауытқулары болғанда донор қан мен оның компоненттерін тапсырудан (донация) бір ай мерзіміне шеттеледі.

21. Қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, дәрігер қан мен оның компоненттерін тапсырудан (донация) бас тартудың себебін түсіндіреді және тиісті медициналық ұйымдарда қосымша тексерілуден өтуді ұсынады.

22. Перифериялық және плаценталық қанның ГДЖ донорларын қоспағанда, шеттету себебі қан донорлығына жатпайтын донорлар және тұлғалардың электрондық мәліметтер дерекқорында және донор картасында тіркеледі.

23. Қанды және оның компоненттерін тапсырар (донация) алдында, тексеру жүргізетін дәрігер-трасфузиолог осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес донорға берілген ақпаратпен донорды таныстырады.

24. Перифериялық және плаценталық қанның ГДЖ донорларын қоспағанда, донорлыққа қарсы көрсетілімдер анықталмаса, дәрігер қан мен оның компоненттерін тапсыру (донация) түрі мен көлемін белгілейді, бұл ретте мынадай критерийлерді басшылыққа алады:



1) осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген қан мен оның компоненттерін тапсыру (донация) түрлері арасындағы ең аз интервалдарын;

2) қан мен оның компоненттерін тапсырудың (донацияның) барынша мүмкін мөлшерін:

450 мл +10% қан үшін, бұл ретте 30-35 мл қан зертханалық зерттеулер мен қан тапсыру (донация) үлгісі ретінде сақтау үшін қосымша жинақталады. Салмағы 50 кг кем және бойы 150 см төмен донорлардан қанның көлемін (1 кг салмаққа 4-6 мл) алу ұсынылады, бірақ дене салмағының нормасы 6,5-7% құрайтын таралатын қанның жалпы көлемінен (бұдан әрі - ТҚК) 13% артық емес;

600-800 мл плазма үшін, ТҚК 16% артық емес;

3) медициналық ұйымдардың қан компоненттеріне мұқтаждығы;

4) донордың қан мен оның компоненттерін тапсыруға (донацияға) ерікті түрдегі келісімі.

25. Барлық тұрақты донорларды (жылына 1 рет) медициналық тексеруге, перифериялық қанның ГДЖ донорларына тапсыруға (донация) дайындалу барысында қойылатын қосымша талаптар:



1) перифериялық қанның құрамын анықтау (гемоглобин (гемтокрит), эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, эритроциттердің шөгу жылдамдығы және лейкоциттік формула);

2) жалпы ақуызды және ақуыз фракцияларын анықтау;

3) жалпы несеп талдауы;

4) көкрек қуысын флюорографиялық тексеру;

5) электрокардиограмма (40 жастан асқан донорлар үшін);

26. 29-тармақта көрсетілген тексеруден басқа қан мен оның компоненттерін тапсыру (донация) түрлеріне байланысты зертханалық зерттеулердің қосымша түрлері белгіленеді.

27. Донор плазманы тапсырған (донация) сайын эритроциттердің шөгу жылдамдығы (ЭШЖ) және қан сарысуындағы жалпы ақуыздың бар болуы қосымша анықталады.

28. Донор тромбоциттерді әр тапсырудың (донация) алдында тромбоциттер деңгейі қосымша анықталады.

29. Қан мен плазманы бірнеше рет тапсыру (донация) үдерісінде плазма және қан жасушаларын тапсырушы тұрақты донорды бақылауыш зертханалық зерттеу 4 айда кемінде 1 рет, қан донорларында жылына кемінде бір рет жүргізіледі және мыналарды қамтиды:

1) перифериялық қаннның құрамы (гемоглобин (гемтокрит), эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, эритроциттердің шөгу жылдамдығы және лейкоциттік формула);

2) жалпы ақуыз және ақуыз фракциялары.

Бұдан басқа, тұрақты донорлар үшін жылына бір рет жалпы несеп талдауы жүргізіледі.

30. Қан компоненттерін автоматтандырылған сепараторларын пайдаланана отырып, дайындау жоспарланатын болса, донорда қанның ұю уақыты қосымша анықталады.

 

Қан мен оның компоненттерін беру



алдында (донация) донорды медициналық

зерттеп-қарау қағидаларына

1-қосымша

 

 



Нысан

 

Қан және оның компоненттері донорының сауалнамасы

 

Донор қанына мұқтаж пациенттерге көмектесуге ниет білдіргеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

Сізге қойылған сұрақтарға («иә» немесе «жоқ» деп жауап беру) шынайы жауап беруіңізді өтінеміз, мархабат.

Осы сұрақтарға шынайы жауаптарыңыз Сіздің донор ретінде қауіпсіздігіңіз бен қаныңыз құйылатын пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Донордың тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________________________________________________________

Туған күні _________ Жынысы _________ электронды мекенжайы _________________________________________________________

Мекенжайы (нақты және тіркелуі бойынша) _____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

Үй телефоны ___________________ Ұялы телефоны _____________________________________________________________________

Қызмет телефоны ________________ Жұмыс орны ______________________________________________________________________

 


Р/с



Сұрақтар

Жауаптары

 

1. Денсаулығының жалпы жай-күйі және эпидемиологиялық орта

 

1.

Өзіңізді жақсы сезініп тұрсыз ба?

 

2.

Бүгін түнде демалдыңыз ба?

 

3.

Соңғы 14 күн бұрын тісіңізді жұлдырдыңыз ба?

 

4.

Соңғы 48 сағат ішінде алкогольдің ішімдік іштіңіз бе?

 

5.

Соңғы 12 ай ішінде Сізге екпе жасалды ма? Егер де «иә» дейтін болсаңыз, қандай екенін көрсетіңіз:

 

6.

Сіз соңғы 6 айда медициналық көмекке жүгіндіңіз бе?

 

7.

Сізгі соңғы 4 айда донор қаны мен оның компоненттерін (плазманы карантиндік сақтаудың ең аз мерзімі 4 ай болса, мақсатты болады) құйды ма?

 

8.

Сізге соңғы 4 айда хирургиялық операция (соның ішінде косметологиялық) жасалды ма?

 

9.

Сіз соңғы 2 аптада аспирин немесе антибиотик, және де өсіру гармондары сияқты дәрілік препараттар қабылдадыңыз ба?

 

10.

Сізге соңғы 4 айда тамырішілік немесе бұлшық етішілік инъекция жасалды ма?

 

11.

Соңғы 4 айда ине шаншу, татуировака пирсинг жасалды ма?

 

12.

Сізде кенеттен қызудың көтерілуі, салмақ жоғалту, естен тану, түнгі терішеңдік, бас ауруы болды ма?

 

13.

Сіз безгекпен, туберкулезбен, бруцеллезбен, мерезбен (сифилис) ауырған жоқсыз ба?

 

14.

Сіздің жұмысыңыз немесе әуестігіңіз өз өміріңізге немесе қоршаған ортаға қауіпі бар ма (транспорттық құралды басқаруда, биікте немесе су асты жағдайында болу, жоғары қуаты электрожүйемен жұмыс және тағы басқалары)?

 

15.

ЖИТС (АИТВ инфекциясы) және вирусты гепатиттер туралы ақпаратпен таныссыз ба?

 

16.

Тегіңізді өзгерттіңіз бе? Егер «иә» деп жауап берсеңіз - алғашқысын көрсетіңіз?

 

2. Сіз.... сияқты қандай да бір қатерлі аурумен ауырдыңыз ба?

17.

Жүрек ауруы, артериялық жоғары және төменгі қысым?

 

18.

Ауыр аллергия, астма?

 

19.

Құрысу немесе жүйке жүйесінің ауруы?

 

20.

Қант диабеті немесе онкологиялық созылмалы аурулар?

 

3. Сіз жақында немесе бұрын...?

21.

Соңғы 3 жылда шетелге шықтыңыз ба? Елді атаңыз

 

22.

Бұрын-соңды донор ретінде қан тапсырдыңыз ба?

 

23.

Қан тапсырудан бас тарттыңыз ба?

 

4. Әйелдер үшін қосымша

24.

Қазір жүктісіз бе немесе соңғы алты айда жүктілік болды ма?

 

25.

Емізулісіз бе?

 

5. Өзін-өзі бағалау үшін қосымша

26.

Өзіңізге қандай да бір дәрілік немесе есірткі құралдарының инъекциясын жүргіздіңіз бе?

Сіз бұрын сексуалдық сипаттағы қызмет үшін төлемақы алдыңыз ба?

Соңғы 12 айда мына адамдармен жыныстық қатынаста болдыңыз ба?

- АИТВ инфекциясы бар немесе вирусты гепатиті бар;

- тамыр арқылы есірткі заттарын қолданатын;

- сексуалдық сипаттағы қызмет үшін төлем ақы алатын немесе алғандар;

- басқа еркектермен? (ерлер үшін)

Жыныстық жолмен берілетін ауруға шалдықтыңыз ба?

Гепатитпен ауыратын адаммен қатынаста болдыңыз ба (отбасында немесе жұмыста)?

Сіздің шырышты қабатыңызға басқа адам қанының тамып кетуі немесе инъекциялық инемен тесіп алу болды ма?

 

Егер Сізде 26-тармақтың бір немесе одан да көп сұрақтарына соңғы 6 айда «иә» деп жауап берудің себебі болса құс қанаты белгісін қойыңыз

 

 

Мен, осы ақпараттың мен және пациент үшін маңызды екенін сезіне отырып, сауалнамадағы барлық сұрақтарға түсініп, шынайы жауап бергенімді мәлімдеймін.

Мен, менің қаным мен оның компоненттері медициналық мақсатқа үшін қолданылуы мүмкін болғандықтан, қан және оның компоненттерін ерікті, ешқандай мәжбүрлеусіз тапсыратынымды растаймын.

Мен, менің қанымды АИТВ, мерезге, В және С гепатитіне және басқа да инфекцияларға тексерілетіндігіне келісімімді беремін. Осы инфекция маркерлеріне тестілеуде оң нәтижені алған жағдайда мәліметтер диагнозды нақтылау және ем туралы шешім қабылдау үшін тиісті медициналық ұйымдарға беріледі.

Мен, менің қаныма зертханалық тексерулер тек пациенттің қауіпсіздігі үшін ғана жүргізілетінін түсінемін.

Мен, менің дербес ақпаратым Қан орталығының дерекқорына енгізілетіні туралы ескерілгенмін.

Мен, донорлыққа қатысу үшін жіберілетін ақпаратты алуға келісімімді беремін (иә/жоқ).

Маған жалған мәліметтер берген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылуым мүмкін екендігі ескертілді.

Мен ____________ тілінде дәрігер ____________ түсіндіруімен жоғарыда аталған барлық сұрақтарға түсінгенімді растаймын.

 

Донордың қолы ___________________ Дәрігердің қолы ___________________



Күні ____________________________

 

Қан мен оның компоненттерін беру



алдында (донация) донорды медициналық

зерттеп-қарау қағидаларына

2-қосымша

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет