Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы



бет4/4
Дата25.12.2016
өлшемі0,55 Mb.
#4472
1   2   3   4

Донорларға айтылатын ақпарат

 

Қанды және оның компоненттерін тапсыру (донациялау) алдында донор келесі сұрақтар бойынша ақпараттандырылады:



1. Қанды және оның компоненттерін тапсыру (донациялау) шарасы, сондай-ақ қан компоненттерінің ауруларды емдеудегі қажеттілігі туралы.

2. Донорларды зертханалық зерттеудің, нақтылы анамнез білудің себептері, сонымен қатар қанды және оның компоненттерін өз еркімен тапсырудың (донациялау) маңыздылығы туралы.

3. Қанды және оның компоненттерін тапсыруға (донациялауға) байланысты уақытша жанама реакциялардың болу мүмкіндігі туралы.

4. Донордың қанды және оның компоненттерін тапсыру (донациялау) шарасына дейін немесе қанды және оның компоненттерін тапсыру (донациялау) шарасының қай уақытында болса да бас тарту құқығы туралы, ол донорға ешбір кері әсерін тигізбейді.

5. Донордың өзі туралы мәліметтердің құпия болатыны және тексерудің нәтижелері мен ақпараттануы туралы.

6. АИТВ 1,2 антиденелерін және В және С вирустық гепатиттер маркерлерін және өзге де трансфузиялық инфекцияларды табу донорды донорлықтан тұрақты түрде шеттету, дайындаған қанды және оның компоненттерін жою және осы айтылған ақпараттардың денсаулық саласының тиісті ұйымдарына міндетті түрде берілетіні туралы.

7. Қанды және оның компоненттерін тапсырғаннан (донация) кейін 24 сағат аралығында ауыр және жүйкеге күш түсіретін жұмыстардан шектелуі туралы.

8. Қан және оның компоненттері арқылы берілетін инфекциялар туралы.

9. АИТВ клиникалық белгілері және оның берілу жолдары туралы.

 

Қан мен оның компоненттерін беру



алдында (донация) донорды медициналық

зерттеп-қарау қағидаларына

9-қосымша

 

 



Қан мен оның компоненттерін тапсыру (донация) түрлері арасындағы ең аз

интервалдар

 


Р/с



Бастапқы процедура

Келесі шаралар

Жаңа алынған қанды тапсыру (донация)

Бір реттік плазмаферез

Екі реттік немесе аппараттық плазмаферез

Тромбоцитаферез

Бір реттік эритроцитаферез

Екі реттік эритроцитаферез

1.

Жаңа алынған қанды тапсыру (донация)

60 тәулік

30 тәулік

30 тәулік

30 тәулік

60 тәулік

90 тәулік

2.

Бір реттік плазмаферез

7 тәулік

7 тәулік

7 тәулік

7 тәулік

7 сағат

7 тәулік

3.

Екі реттік немесе аппараттық плазмаферез

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

4.

Тромбацитаферез

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

5.

Бір реттік эритроцитаферез

60 тәулік

30 тәулік

30 тәулік

30 тәулік

60 тәулік

90 тәулік

6.

Екі реттік эритроцитаферез

Ерлер үшін 120 тәулік

Әйелдер үшін 180 тәулік

60 тәулік

60 тәулік

60 тәулік

Ерлер үшін 120 тәулік

Әйелдер үшін 180 тәулік

Ерлер үшін 120 тәулік

Әйелдер үшін 180 тәулік

 

Ескертпе

Плазма (оның ішінде иммундық) доноры үшін - дайындалған плазма антикоагулянт есебімен 1 жылда 20 литрден аспауы тиіс. Плазма немесе тромбоциттерді әр жүйелі 20 тапсырудан (донация) кейін донорға бір айға демалыс беріледі.

Эритроцит доноры үшін - аферез шарасындағы алынған эритроцит пен сол уақыт аралығында жаңа алынған қанды тапсырған (донация) эритроцит көлемі жыл бойы бірдей болуы тиіс;

Ерекше жағдайларда (қажетті қан тобы бар донор болмағанда) шараның аралық интервалы донорға медициналық тексеру жүргізген дәрігердің шешімімен қысқартылуы мүмкін.

Плазмаферез шарасы кезінде донорға эритроцит қайтарылмай қалса, онда қан мен оның компоненттерін тапсыру (донация) түрлерінің аралық интервалы жаңа алынған қан тапсыру (донация) аралығына теңеледі.

Қанды аз мөлшермен дайындау тұтас қанның 10-30 мл көлемімен аптасына 3 реттен аспай жүргізіледі.

Ерлер үшін қан мен оның компоненттерін тапсырудың (донация) барынша жиілігі - жылына 6 стандартты доза, әйел донорлары үшін - жылына 4 стандартты доза.

Перифериялық қанның ГДЖ тапсырудың (донация) жиілігі мен реті перифериялық қанның бір және одан артық микролитрінде 20 жасуша мөлшеріндегі CD+34 бастапқы деңгеймен және қорытынды өнімде реципиент дене салмағының 1 килограммына/2х106 CD+34 жасуша деңгейінде анықталады.

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет