«Педагогика, дефектология» кафедрасы


семинардың сұрақ-жауап формасы



бет28/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

семинардың сұрақ-жауап формасы өткен материалды жалпылау үшін пайдаланылады. Мұнда қарапайым процедура қолданылады. Оқытушы тыңдаушыларға сұрақ қойғанда, ниет білдіргендер жауап береді, ал оқытушы өз пікірін айтып отырады. Осылайша, материал студенттермен өзектеліп, оқытушымен бақыланып отырады;

  • жоспардың негізінде өріс алған әңгімелесу. Әңгімелесу күрделі материалды меңгеруде қолданылады. Мұндағы бастамашылдық оқытушының үлесінде. Әңгімелесу барысында студенттердің көзделген жоспардан ауытқымай өз пікірін айту, дайындаған хабарларды баяндау құқығы беріледі;

  • кинофильмдерді, тәжірибелерді, эксперименттерді талдау, мәтін түріндегі материалды кестеге айналдыру және т.с.с.;

  • оқу-рөлдік ойындар. Ойынды жүргізу үшін талқыланатын сұрақтар (шамамен екі-үш), сөйлеу бағасының өлшемдері алдын ала дайындалады. Кейін топ материалдың сипатына қарай 2 немесе 3 топшаға бөлінеді. Әрбір топшада: ұйымдастырушының, негізгі баяндамашының (теоретик), қосымша баяндамашының (практик), сыншылдың (екеу болса да болады), деофинистің (сөздерді түсндіруші), көркемдеушінің (көрнекілікті, демонстрацияларды ұйымдастырушы) рөлдері белгіленеді. Әділ қазылар алқасы (3 адам) сайланады.

  • келесі сабақта семинар жүргізіледі. Әділ қазылар алқасы топтар көрсетілімдерін бағалау өлшемдерін жариялайды (әрбір рөл бойынша), түсіндірілетін мәселелерді ортаға салады. Кейін әр топша рет-ретімен ортаға шығып сөйлейді. Әділ қазылар әрбір топша немесе баяндамашылар сөйлеп болған соң ұпай жүйесіндегі (5,А, 100...) бағаларды хабарлайды. Топшаның ұйымшылдығы мен көрсетілімдердің көркемдігі де бағаланады. Осы тұста ақпараттың сапасына, ғылымилығы мен мәніне, жеңілдігі мен қызықтылығына басты назар аударылады. Семинар қорытынды шығарумен аяқталады. Оқытушы сөз алып, ақпараттарды жалпылайды, ал студенттер сәйкес жазбаларын тіркейді.

    Семинардың мүмкіндіктері лекциядан жоғарырақ.
    Семинарда:

    • студенттердің психологиялық кедергілері жойылады (ұялшақтық, қысылу, оқытушымен тікелей сөйлескендегі сенімсіздік);

    • студенттер белсендірек бола түседі. Олар білімдерін бекітеді, ойын тыңдаушыларға жеткізу іскерлігін, пікірталасу және көпшілік алдында сөйлеу, іскер араласу дағдыларын қалыптастырады және материалды жақсырақ есте сақтайды;

    • оқытушы оқу материалын студенттерге тереңірек, бөлшектеп жеткізу, оны жаңа ақпаратпен толықтыру мүмкіндігіне ие болады;

    • оқытушы оқылған курсқа өз мезгілінде өзгерістерді енгізу үшін студенттерді, оларға тән қателіктерді байқай алады.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет