«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет38/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Үрдіс

Анықтамасы



Қызметтері

Меха-низмдері

Түр-
лері



Қасиет-тері



Заңды-лықтары

Диагнос-тика

Түйсіну






















Қабылдау






















Зейін






















Ес






















Ойлау






















Қиял






















2.Кесте
Темпераменттің негізгі психикалық қасиеттері

Психикалық қасиеттер

Сангвиник

Флегматик

холерик

Меланхолик

1. Психикалық реакцияның жылдамдығы



++






+++




2. Психикалық реакциясының күші




++




+

3. Экстраверт-интроверт

Э

И







4. Икемділік - ригидтілік







П

Р

5. Эмоциялы қозғыштығы

+




++




6. Эмоцияларының күші




-




++

7. Экспрессиясы

+







++

8.Энергетикалық тұрақтылығы




+++

-




9. Энергетикалық белсенділігі

+







-

10. Реактивтілігі

-

-

-




Кестені:
әлсіз байқалғанын– «-»;
өте төмен байқалғанын - «- - »;
орташасын - «+»;
қуаттысын - «++»;
өте күшті байқалғанын - «+++»
белгілерімен белгілеп толтыруға болады.

Ақпараттың кесте түрінде ұсынылуы:



  • пайдалану мақсаты түсініксіз болса немесе сол мақсатқа сәйкес келмесе;

  • кесте элементтерінің белгілері болмаса немесе белгілер (түсініктемелер) мазмұнға сәйкес келмесе;

  • кестеде сөздік ақпарат шамадан тыс көп болғанда т.б. білімдерді меңгеруде қиындықтар туғызуы мүмкін.



Сызбалар. Кестелерге қарағанда сызбалар оқу ақпараттарын ұсыну мен қайта өңдеуге өте қолайлы. Онда ақпарат жалпыланған түрде ұсынылып қоймай, элементтердің арасындағы барлық байланыстар бейнеленген жеңіл формада беріледі. Сызба объект жайлы абстрактілі, «мәні жоқ ақпараттардан тазартылған» түрдегі тұтас ойды береді.
Психология бойынша оқу құралдары оқытушылармен жақсы қолданылатын әртүрлі сызбаларды қамтиды. Тіптен «Сызба мен оған қатысты түсініктемелерден тұратын жалпы психология» атты (В.Г.Крысько, 1996) арнайы оқу құралы да бар.
Алайда, сызбалардың барлығы дерлік көрнекі әрі материалды мағыналау мен есте сақтауға пайдалы бола бермейді. Егер сызба өте үлкен болса, онда ол ақпараттың көптеген элементтерінің мәнін жойып жіберуі мүмкін. Ал кей сәттері сызба білімнің тұтас құрылымын емес, оның жай бөлшектерін көрсетіп қана қояды.

Студенттердің ақыл-ой іс-әрекетінің талдауы сызбаны пайдалану барысында кейбір әсер ететін жағдайларға қатысты сызбаның өзінің дидактикалық қызметін атқармайтыны анықталып қалады.


Олар:

Қай сызбаның болмасын өз алдына дидактикалық құндылығы жоқ. Оқушыларға оқытушы сөздер арқылы сызбаның мағынасын жеткізе білуі керек. Өйтпеген жағдайда сызбаның бағытты сызықтары, сияқты элементтері байланыс ретінде қарастырылмайды да ақпарат элементтерінің байланысы меңгерілмей қалады.
Оқу материалының барлығы бірдей сызба түрде ұсынуға келе бермейді. Әртүрлі топтауларда (классификация) оқу барысында сызба сондай қолайлы келеді (танымдық үрдістер, қабілеттер мен эмоциялар түрі).
Мәселен, түйсінулер түріне қатысты сызба құрастыра отырып, уақытты үнемдеп, түйсінулердің жеке сипаттамасына көбірек тоқталуға болады. Әсіресе, психологиялық құбылыстар механизмін бейнелейтін сызбалар аса құнды келеді (рефлекторлы шеңбер, ырықтық әрекет).
Графиктер. Процестің, механизмнің және құбылыстың координаталар (графиктер) жүйесінде бейнеленуі – зерттелінген феномендердің визуалды көрсетілуі емес, ең алдымен жаңа білімдерді және өзгерістерді алдын ала болжау мүмкіндігін беретін модель.
Ондай графиктердің мысалы ретінде Г.Эббингауздың (6-сурет) бір рет көрсетілген соң бірінші сағатта ұмытудың екпінділігі әрі оның кейінгі сағаттардағы мәнсіздігін түсінуге мүмкіндік беретін ұмыту графигін сондай-ақ, субъект іс-әрекетінің эмоцияларының күшіне тәуелділігін көрсететін Д.О. Хеббтің графигін (7-сурет) және Иоркс-Додсонның заңдылықтар (Ж.Годфруа, 1996. 138-бет) графигін келтіруге болады.
Графиктердің көмегімен танымал эксперименттердің нәтижелерін көрсеткен пайдалы (А.Н.Леонтьевтің зейіннің «параллелограммадарыр» Вебер-Фехнер заңы т.б.).
Кез келген график те кесте, сызба сияқты ауызша түсініктемені талап етеді (6-7-сурет).

6-сурет. Ұмытудың пайыздық көрсеткіштері(Г.Эббингауз).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет