«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет37/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Кестелер. Кестелердің дидактикалық мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін.
Көбінде кестелер көлемі үлкен материалды жалпылау үшін, маңыздысын анықтап, кейін қайта жаңғыртуға тіркеу үшін құрылады.
Ондай кестелердің құрастырылуы материал мағыналанып, есте жақсы сақталалынатын ақыл-ой іс-әрекеті болып табылады.
Әдетте, кестенің бірнеше бағаны мен тармағы болады. Онда ақпараттың негізгі құрылымдық бірліктері белгіленеді. Сондықтан бағандар мен тармақтарға атау беріледі.
Кестенің толтырылуы ақпараттың жинақталуын, ыңғайлы жазуды болжайды. Кесте барлық ақпаратты тұтастай қамтуға мүмкіндік береді.
Ақпарат элементтерінің (баған мен тармаққа) жақындастырылуы оны талдауына, салыстыруға және тереңірек ұғынуға ықпал етеді. Ондай кестелер алғашында оқытушылар мен студенттердің біріккен іс-әрекетінде, кейін студенттердің емтихан-сынақтарға өз бетінше дайындалу барысында құрылады.
«Жалпы психология» курсында таным процестерін оқығанда оны кестеге енгізіп, түсіндірген ыңғайлы.
Кестелер авторлардың ақпаратты жалпылауының нәтижесі ретінде дайын түрінде пайдаланылуы мүмкін. Ондай кестелерді психология бойынша кез келген оқулықтардан немесе оқу құралдарынан табуға болады.
Ондай кестелердің қатарына Д.Б.Элькониннің «тұлғаның даму кезеңдері» атты кестесін (Э.Эриксон бойынша), сезімталдық табалдырығының кестесін (Р.С.Немов), «Реактивті және жедел міндеттеуді салыстыру» кестесін (Ж.Годфруа, 314 б.) т.б. жатқызуға болады.
Алайда ең жақсы кестенің жай көрсетілуі қажет әсер бермейді. Мұнда оқытушының кестені сөзбен бекітіп отыруы, ақпаратты түсіндіруі, кестедегі кейбір бөліктерді тәжірибе түріндегі мысалдармен суреттеуі қажет.
Кестелер зерттеудің нәтижелерін баяндау тәсілі ретінде психологтың іздену және зерттеу жұмыстарында орын алады. Психологтарды дайындау барысында диагностикалық тексеру нәтижелерін көрсетудің бара-бар формаларын іздеуге, оның ең көрнекі әрі қарапайым формасын іріктеу іскерлігіне назар аударған жөн. Кейде көрсету формасы жаңа байланыстар мен заңдылықтардың анықталуына ықпал етсе, сәттіз көрсетілім алынған нәтижелерді түсінуге, талдауға кедергі келтіруі мүмкін.
Кестелерді оқу тапсырмасының бір түрі ретінде пайдалануға болады.
Ондай тапсырмалар көп уақытты қажет етпейді, студенттердің өткен материалды жақсы түсінулеріне, ал оқытушының студенттердің танымдық іс-әрекетін жедел басқаруына мүмкіндік береді.
Кестені толтыру үлгісі:

1 Кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет