«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет43/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Түсіндіру - оқу материалын оқытушының логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі зандылықтар мен ережелерді түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелілікті қажет етеді.
Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруінде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.
Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері — оқушылардың алдына жаңа мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын түсінікті баяндап шығу. Түсіңдіру әдісінің табысты болуы оқытушының нақтылы деректерді қаншама сәтті қолдана білгендігіне де байланысты.
Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу, қағидаларды түсіндіру, осылардың негізіндс оқушыларға жаңа білімді баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады.
Әңгіме — мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі болады.
Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікпен көркем суреттей отыра, өз сөзін әртүрлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай үйымдастыру оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі.
Бұл әдісті қолдану барысында оқытушы мен окушылар арасында диалог пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданылатын әңгіме.
Әңгімелесу - оқытушы мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етеді.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қабілетін, зейінін (т. б. психикалық процестерін), таным ерекшеліктерін танып біледі, баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды.
Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады. Бұл әдіс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін Мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет