«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет44/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Дәрісбаян(лекция) - сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тындаушыларының ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Дәрісбаян әдетте жоғары оқи орындарында көптеп қодданылатын әдістің бірі. Дәрісбаян барысында студенттер жаңа оқу материалын тындайды, қабылдайды, ұғынады, оқытушы сөзіне зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.
Дәрісбаянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі, оқытушыдан жаңа білімді баяндамас бұрын студенттерге оның жоспарымен, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыруын қажет етеді. Студенттердің лекция жоспарымен алдын-ала танысуы, оның мазмұнын баяндауда оқытушының ойын жақсы ұғынуға көмектеседі.
Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берілетін білімнің оқушыларға түсінікті болуы оқытушылар тарапынан үлкен шеберлікті қажет етеді.
Дәрісбаян барысында баяндалған оқу материалының мазмұнын студенттердің қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттілік болып табылады.
Дәрісбаян және әңгіме әдістері оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан тиімді болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пікірін айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасында әңгімелесу әдісінің мүмкіндігі мол.
Оқытушы дәрісбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бірақ, бағдарламада көрсетілген барлық мәселелердің ішінен түйінді мәселелерді айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тәжірибемен байланыстырып, материалдың белгілі бір бөлігін оқушыларға оқулықтан, басқа әдебиеттерден өздігінен оқып алуға тапсырмалар беріп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушының шеберлігі лекцияның тиімділігін арттырудың кепілі.
Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі — оқушылардың өздігінен жаңа білімдерді қабылдау, топта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қалыптасгыруда тиімді әдіс болып табылады.
Кітап - білімнің сарқылмас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың көмегімен студенттер, оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу жұмыстарын орындап, оқытушының басқаруымен топта алған білімдерін толықтырып отырады.
Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптарымен жұмыс істей отырып, белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл больш танылады. Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер арасында кітапты дұрыс оқи алмайтын немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.
Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негізгі ойын, қүнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші идеяларын ашып керсету ңемесе өз сөзімен тиянақты баяңдай алмау мәселелерін ұмытпаған жөн. Ол үшін окушы оқу материалының қүрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып ксйбір маңызды беліктеріне жете мән беру, оған қатысты жаттығу жүмыстарын жасау, сң соңында оқығанын есінде сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.
Кітаппен жүмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар. Кітап оқу оқытушының сөзін тындауға қарағанда оқушының ақыл-ой күші мен ерік-жігерін көбірек керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс-әрекетін жандандырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамга, өмірге, адамдар-арасындағы қарым-қатынасқа басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Яғни, ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет