Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын терендету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар оқытушы студент оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе кабинетінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді.
Оқытудың интерактивті әдістерінің түрлері
және оның оқыту үрдісіндегі маңызы.
Қазіргі кезде жоғары мектеп алдында болашақ мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру міндеті қойылып отыр. Жоғары оқу орнындағы оқу процесі күрделеніп, оған қойылатын міндеттер, қарқындылығы мен мазмұндылығы жағынан оқытушыдан оқу іс-әрекетін, оның принциптерін, оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің заңдылықтарын психологиялық тұрғыдан терең ұғынуды , және ақыл-ой прасаты жамыған, белсенді тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Жоғары білім психологиясының проблемаларын зерттеуші А.А.Вербицкий білім берудегі тенденцияларды төмендегідей бөліп қарастырады.
Бірінші тенденция –білім берудің әрбір деңгейінің үздіксіз білімнің құрамы, ажырамас бөлігі деп ұғыну. Бұл тенденция бойынша, мект еп пен институттың сабақтастығы ғана емес, жоғары оқу орны мен студенттердің болашақ өндірістік іс-әрекеті арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді де көздейді. Ал оның өзі студенттердің оқу әрекетінде өндірістік ситуацияларды моделдеу міндетін қояды, өз кезегінде бұл белгілі -контекстілі оқудың жаңа типін қалыптастырудың негізі.
Екінші тенденция – оқытуды индустрияландыру, яғни компьютерлендіру, қазіргі қоғамның интеллектуалды әрекетін неғұрлым күшейтуге мүмкіндік туғызу.
Үшінші тенденция – оқытудың белсенді әдістері мен формаларына өту.
Төртінші тенденция –А.А.Вербицкий бойынша “қатаң түрде регламенттелген тексерушілік, алгоритмделген оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдері мен сол процесті басқарудан, дамытпалы, белсендендіретін, интенсивтендіретін, ойын түріндегіге көшіретін психологиялық дидактикалық жағдайларды іздестірумен... байланысты.
Бесінші және алтыншы тенденциялар – оқушы мен оқытушы арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыру мен оқытуды, ұжымдық, біріккен әрекет ұйымдастырумен бекітіледі, бұл жағдайда акцент “оқытушының іс-әрекетінен, студенттің танымдық әрекетіне” ауысады.
Студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен, танымдық іс-әрекеттері арқылы қалыптасады. Оқыту әрекетінде студенттердің қызығушылығы, қабілеттері, мотивтері (ниеттері), темпераменті мен мінезі тағы басқа да психикалық қылықтарынан көрінеді. Сондықтан оқытушылар негізгі мақсатқа жету –қандай психикалық процестер, жағдайлар мен қасиеттерге байланысты екенін ажырата білулері керек. Оқу материалын қалай ұтымды пайдалануды, теориялық және практикалық даярлығы бар болашақ мамандарды жан-жақты дамытуға қажетті оқыту жағдайларында білулері қажет.
Оқу материалдарын баяндаудың қисындылығы, олардың мазмұндарының тереңдігі, мақсаттылығы, нақты ғылымның табиғаты мен принциптерін есепке алып отыру –ғылыми әдістеменің аса маңызды шарттары болып табылады. егер де оқытушы оқыту процесінде мұндай психологиялық факторларды ескермесе қажетті нәтижеге жете алмауы.
Оқытудың тиімділігі туралы мәселелерді қарастырғанда педагогтар мен психологтар оқыту процесінің мәні мен заңдылықтары туралы мәліметтерге сүйенеді. Оқу-адамның жеке-дара танымының ерекше формасы. Адамның танымдық іс-әрекеті (нені тануына байланыссыз), объективті түрде танылғаны немесе танылмағаны, бәрі де белгілі бір заңдармен іске асырылады. В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Н.Ф.Талызина зерттеулері көрсеткендей, жоғары мектептегі оқу процесінің мақсаттары, мотивтері қажетті мәліметтерді қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық процестерді іске асырумен аяқталған таным процестері. әртүрлі эмоциялық көріністер сипаттарымен саналы түрде зор күш-жігерді қажет ететін ақыл-ой әрекеті. Студенттердің оқу іс -әрекеті - оларға белгілі білім көлемін ғана мәлімдеу емес, сонымен бірге оқыту процесі үшін де, кейін өз бетімен еңбектенуінде де маңызды қызмет атқаратын, еңбекке деген шығармашылық көзқарасты қалыптастыру.
Қазіргі педагогикалық сана мен үрдістердің талабы бойынша оқытушының орны мен әлеуметтік жағдайында мазмұнды өзгерістері бар. Дегенмен, оқушыны бағалауда, қазіргі мұғалімдердің ісіндегі өлшем оның оқу пәніне бағыттылығы, баланың жеке басы мен тұлғалық қасиеті емес, оның оқу пәніне деген қатынасы арқылы бағалау. Келешекте психолог болатын мұғалімге мұндай көзқарасты өзгерту керек. Оқушыны бағалау әрбір адамның бойындағы даралық қасиеттерін ескере отырып бағалай білу педагог-психологтың кәсіби міндетіне айналуы керек. Ал оқыту мен тәрбие процесі де баланың бойындағы ұнамды қасиеттерді дамытуға мүмкіндік туғызатындай етіп құрылуы тиіс. Адамның өзге адамға деген көзқарасы оның негізгі, мәнін құрайтын сипаттамасы болып табылады. “...адамның өмір сүру жағдайының ең алғашқысы - ол басқа адам. Басқа адам мен адамдарға көзқарасы оның өмірінің негізін құрайды...”.
Мұндай талапты жүзеге асыруда неғұрлым нәтижелі болатын оқытудың белсенді формалары қолданылады. Олар ең алдымен оқушыны өзіндік өзгеруі мен өзіндік даму субъектісі етеді. Оларға оқу ойындары, жаттығулар, топтық әрекет-істерді орындау, пікірсайыстары мен зерттеу жұмыстары жатады.
Оқыту ісінің белсенді формасы-тренингтер. Қазіргі кезде ғылымда психологиялық білімдер мен іскерліктерді осы, ерекше ұйымдастырылған сабақтар барысында іс жүзінде ұғынудың маңыздылығын жалпы жұрт мойындаған. Топпен жұмыс істеудің бұл жағдайында пайдаланылатын негізгі әдіс, ашық топтық пікірсайыс, оның мәні, жеке тұлға үшін қатерлі болатын өзінің сырын білдіруді қолдану. Дәріс жүргізуші өзін-өзі зерттеу мен өзін-өзі қабылдау тәжірибесіне бүкіл топ мүшелерін қарастырады. Тренингтің сабақтың ерекше түрі ретінде пайдалы болуы, біріншіден, әрбір қатысушының “ішкі МЕН-і” басқалардың “ішкі МЕН-імен” үндесуінде, сөйтіп сыртқы өзара қарым-қатынастар жүйесінің құрылуы. Екіншіден, адамның өзінің “ішкі МЕН-імен” сырласуы, ол ішкі қарым-қатынасты құрайды. Топтық үрдісте пікірлесіп сөйлесуде адамның “өзіндік МЕН-інінің” басқа адамдардың “МЕН-іне” ауысуы көрініс береді. Тап осы ауысуы жолығу нәтижесінде тәжірибенің жаңа мазмұны құрылады, ол адамның ішкі өмірінің бір бөлігі ретінде, ерте ме, кеш пе әйтеуір мінез-құлық бағдарларындағы және өмір тіршілігіндегі белгілі өзгерістерге ұшыратады.
Үшіншіден, тренингте рефлексивтік ойлау мәдениетін дамытудың міндеті шешіледі. Топтық іс-әрекет оқу процесінде жобалар жасағанда да қолданылады (мысалы, жас ерекшелігі психологиясы пәнінде жеткіншектік мектеп жобасын жасау). Топтық идеяларды тудыру генерация әдісі деп аталады. Мұны “ми шабуылы” деп атайды. Мұнда психологиялық проблемаларды шешуде тапқырлықты, батыл болжамдар мен жаңашылықты пайдалану арқылы топтардың ізденімпаздық іс-әрекетін жандандырады. Мұндай жағдайда іс-әрекет субъектісі ретінде жеке қатысушылар емес, сол нәрселерді жасайтын ұжымның бірге атқаратын іс-әрекеті үйретуге қатысқан тобы болып табылады. топтың шығармашылық туындыларында бірегейлік ұқсастықтар қияли жасалған бейнелер де болуы мүмкін. Топтың тиісті шараларды ұйымдастырып іске асыруында метафораларды пайдаланып өздерінің ойлары мен идеяларымен жобамен жұмыс істеуі олардың дамытпалы-интеллектілі әрекеттерінде және жеке тұлғалық істерінде де эффект тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |