«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар



бет32/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар.

1. Лабораториялық сабақтардың қай түрі оқыту


үрдісінде көбірек қолданылады? Себебін
түсіндіріңіздер.
2.Күрделі психологиялық тестермен жұмыс жасауға
дағдыландырыңыздар (MMPI тесті, Кеттелдің 16 факторлы
сұрақнамасы т.б.).
3.Тәжірибе жүргізу мен демонстрацияларды
ұйымдастыруға қойылатын талаптардың
ерекшелігін анықтап, солардың негізінде
құрылған жоспарларға салыстырмалы талдау
жасау.


VІІІ. Психологияны оқыту процесінде техникалық
құралдарды пайдалану


Оқытудың техникалық құралдары, бұл – адамның қолымен жасалған және оның іс-әрекетін, соның ішінде оқу іс-әрекетін жанамалайтын заттар.
Оқытудың техникалық құралдарын дидактикалық қызметіне қарай:

      1. ақпараттық (информационные);

      2. бақылаушы деп екі топқа бөлуге болады.

Ақпараттық техникалық құралдар оқу ақпаратын енгізу үшін, оның бара-бар және ыңғайлы таныстыру үшін қызмет етеді. Мұндай құралдар вербалды және бейнелі ойлаудың байланысын, зерттелінген объектіні шынайы көрсетуге болмайтын жағдайда оқу материалының едәуір терең меңгерілуін қамтамасыз етеді.
Ондай құралдарға:
а) бейнеаппаратураны (теледидарды, бейнекамераны, бейне магнитофонды) жатқызуға болады. Оны:

  • оқу фильмдерін немесе оның кейбір көріністерін;

  • кеңес беру үрдісін (танымал психотерапевтерді, студенттердің әрекеттерін, кеңес берудің әртүрлі тәсілдерін);

  • лабораториялық типтегі ғылыми зерттеулерді,

  • психикалық құбылыстардың көріністерін (темперамент типтерін, мінез акцентуацияларын, эмоциялы күйлерді) көрсету үшін қолдануға болады.

Бейнеаппаратураны пайдалануда, бейне тренингтерді жүргізуге, кәсіби мінез-құлықты талдауға, студенттер тыңдаған байқау лекцияларының әдістемелік талдауын ұйымдастыруға болады, сондай-ақ, ара қашықтықта оқуды қамтамасыз етуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет