«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет15/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Баяндаушы лекция – хабарлаушы лекция болып табылады. Материалдың қабылдануы, жазылып алынуы және есте сақталынуы тыңдаушылар үшін басым танымдық процесс болып табылады.
Түсіндірмелі лекция оқу материалын сипаттап қана қоймай, баяндалған құбылыстардың, заңдар мен түсініктердің себеп-салдарлы байланысын ашады, яғни тыңдаушылар қабылдау және есте сақтау процестерімен қатар хабарланған білімдерді ойластырып, түсіну мүмкіндігіне ие болады.
Проблемді лекцияда – проблемді жағдайлардың жүйесі қолданылады. Олардың шешімін табуда топтық пікірталаста шешілетін болжамдар ұсынылады.
Проблемді лекция студенттерге ойдың іздеу мақсатының маңызы артқан сайын болжамның бір түрінен екіншісіне, шешімнің бір тәсілінен келесіне қарай жылжу үрдісін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл білімнің тиімді меңгерілуін және шығармашылық қабілеттер мен ғылыми ойлаудың қалыптасуын қамтамасыз ететін лекцияның тиімді түрі. Оқытуды жетілдіру міндеттері әртүрлі белсенді әдістерді, соның ішінде проблемді әдісті дүниеге әкелді. Проблемді оқыту идеясы көптеген танымал педагогтар мен психологтардың ойынан орын алды (Дж.Брунер, Лернер Н.Я., Матюшкин М.И., Оконь В. т.б.).
Ең алдымен проблемді оқытудың кейбір түсініктерін өзектендірейік.
Проблемді жағдай, бұл – субьектінің қаісібір әрекетті орындауға білімі немесе әрекет жасауға шарасы жетпегенде орын алатын психикалық күйі, яғни білім мен әрекеттің арасындағы қарама-қарсылық. Мұндай қарама-қарсылық субъект үшін өзіне немесе басқаға арналған қайсібір сұрақ түрінде анықталады. Алайда субьектінің сол сұрақ жөнінде білімі болғандықтан, оның ойланып, ізденсе, бір орайы болар деген сезімі пайда болады.
Осылайша проблемді жағдайдың екі қыры анықталады:

  1. қарама-қарсылық;

  2. ынталану (қарама-қарсылықты жоюға бағытталған мотивация).

Проблемді жағдайды шешуде оның шарттары мен ізделінгендері белгіленіп, шешімін белгілі тәсілдермен анықтауға болғанда ол проблемді міндетке айналады.
Соған орай, проблемді міндетті - өткен шақтағы проблемді жағдайдың белгілерден құралған моделі деп есептеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет