Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



бет15/24
Дата22.01.2017
өлшемі3,76 Mb.
#7595
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

Жұмыс тәртібі: Зерттелу жекелей зерттелгендей топтада жүргізіледі. Экспериментатор сыналушыға нұсқаумен келісе отырып, сауалнамада орналасқан сұрақтар тізіміне жауап беруді, ұсынады және сыналушының жекелей жұмысталуын еске түсіруі керек. Әрбір сұрақта қарқындылық деңгейі бойынша 4 варианты болуы мүмкін.
Нәтижені өңдеу:

  1. Ситуативті және тұлғалық үрейленушілікті кілт көмегімен көрсеткішін анықтау.

  2. Үрейлену деңгейін бағалау негізінде сыналушының мінез – құлқын коррекциялауға кепілдеме құру.

  3. СҮ және ТҮ орташа топтың көрсеткішін және олардың салыстырмалы тәуелділік анализін, мысалға, сыналушының жынысына тислілігі бойынша бөлеміз.

Өзін бағалау нәтижесін анализдеуде жалпы қорытынды көрсеткіші әрбір шкала асты бойынша 20 – дан 80 ұпайға дейін диапазонды болуы мүмкін. Осыдан келіп жоғары қорытынды көрсеткіш жоғары үрейленгіш деңгейін (ситуативті және тұлғалық) көрсетеді. Көрсеткішті интерпретациялауда мынадай үрейленушілік бағалау ұсынылады: 30 баллға дейін – төмен, 31 – 44 балл-қалыпты, 45 және одан көп-жоғары.
Әрбір сыналушының үрейлену деңгейі бағасы және оны корреляциялау кепілдемесінің қажеттілігі бойынша қорытынды жазу ұсынылаы. Сонымен, үрейленушіліктің жоғары көрсеткіші бар адамның жетістікке сенімділік сезімін қалыптастыру ұсынылады. Оларға сыртқы мәселені қоюда қызметтің мазмұнды ойлау және әрбір міндет бойынша нақты жоспарлауда талапшылдық, үзілді – кесілділін және жоғары маңыздылын акцентімен араластыру қажет.Төмен үрейленушілік адамдарға керісінше, блсенділікті ояту, әрекеттердің мотивациялық компоненттерін нақтылау, қызығушылықты қоздыру, оң немесе сол тапсырмаларды орындауда жауапкершілік сезімін анықтау. Топтық зерттеу нәтижесі бойынша, ситуативті және тұлғалық үрейленушілік деңгейі бойынша топты бағалауды тұтастай қорытынды жазылып, сонымен бірге жоғары және төмен үрейленушілік адамдар
ажыратылады.

Бақылау сұрақтары



  1. “Тұлғаның үрейленгіштік” және “ситуативті үрейленгіштік” түсінігінің мазмұны қандай?

  2. Үрейленгіштікке қандай факторлар әсер етеді.

  3. Қандай жағдайда жоғары үрейленушілікті төмендетуге болады?

  4. Оптимальды үрейленушілік деңгейі дегеніміз не?



Пікір нөмері

Иә

(әрқашан)



Жоққа қарағанда иә басым

(жиі)


Иәға қарағанда жоқ жылдам
(сирек)

Жоқ
(ешқашан)

1
2
...
25














Эмпатияны диагностикалау

Кірістірілген ескерту. Эмпатия (грек тілінен аударғанда empatheia – “көңіл – күйге ортақтасу”) – басқа адамдарға көңіл – күйіне ортақтасу және алушылық түріндегі эмоциональды жағдайдың көрінуі. Эмпатия адам мен адамдардың, жануарлардың өзара әрекетіне әсер етуге, өнер туындыларын қабылдауда туындайтын әлеуметік – психологиялық шығу феномені. Жекелей – психологиялық қасиет ретінде эмпатия адамның көңіл – күйге ортақтасу, алушылық қабілетін сипаттайды.

Эмпатия қарым – қатынастың ядросын құрайды. Қарым – қатынас әрекетінде ол тұлғааралық қатынаста тепе – теңдікке қабілеті, адамның мінез – құлқын әлеуметтік себепші етеді. Эмпатияны дамытуқатынаста жолдастың жан дүниесіне ене білуді қажет ететін психология, педагогика, өнер, медицина, журналистика және т.б. әрекет түрлеріне басты маңызды фактор болып табылады.

Сабақ протоколы

Фамилия, аты, әкесінің аты .............................................................................


Күні ......................... Жасы ................................. Білімі ...................................
Жауап парағы

Эмпатия қасиетін бағалауда алғашқы сауалнамасы А.Меграбян және Н.Эпштейн ұсынды. Орысша сұрақтар мәтінінде оқу – құралы “Советы психолога менеджеру” бойынша алынды. Алдыңғы вариантпен салыстырғанда жауаптар шкаласы өзгертілген, қорытынды ұпайды түзетуге келмейтін сұрақтар алынып тасталған, “дүлдәмал” ұпайды стандартты бағалауды қайта есептеудің таблицалары жасалынған.


Сабақ мақсаты: Түрлендірілген А.Меграбян және Н.Эпштейн сауалнамасы көмегімен эмпатияны диагностикалау әдісін игеру.
Жабдықтандыру: А.Меграбян және Н.Эпштейн сауалнамасы (қараңыз қосымша 10.7.1). Сауалнамада 25 пікір, әрбіреуімен зерттелуші келісе отыра, деңгейін бағалау қажет.
Жұмыс тәртібі: Сыналушыға жауап беру парағы беріледі (форма 39).

Инструкция есептелінеді: “Берілген пікірлерді оқыңыз, сіз оған бағдар жасай отыра, осы жағдайда сіз өзіңізді қалай алып жүрер едіңіз, әрбіреуін өзіңіздің келісім немесе келіспеу деңгейін білдіріңіз. Осыған орай графада берілген жауап парағына сәйкесті белгі қойып отырыңыз”.

Таблица 10.7.1




Қабырғадағы “дүлдамал” ұпайларды қайта есептеу кестесі


Қабырғалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Стандартты
процент

2,28

4,40

9,19

14,98

19,15

19,15

14,98

9,19

4,40

2,28

Ер адамдар

≤45

46 – 51

52 – 56

57 – 60

61 – 65

66 – 69

70 – 74

75 – 77

79 – 83

≥ 84

Әйел адамдар

≥57

58 – 63

64 – 67

68 – 71

72 - 75

76 - 79

80 - 83

84 – 86

87 – 90

≥ 91


Нәтижелі және берілген анализді өңдеу . Өңдеу кілтке сәйкесті жүргізіледі (қосымша 10.7.2). Әрбір жауап 1,2,3 немесе 4 ұпай мен белгіленеді, содан кейін бағалау жолымен эмпатия қасиеті бойынша жалпы ұпайын есептейміз. Эмпатияның көріну деңгейі “дүлдәмал” ұпайларды стандартты бағалау шкаласына қайта есептеу кестесімен анықталынады. Стандарттау студенттердің ЖОО – на таңдауда 16 дан 25 жасқа дейінгі (орташа жас 19 жас) 399 қыз және 209 ұл балаларға жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары



  1. Эмпатия дегеніміз не?

  2. Адам қатынас бойынша қандай объектілермен бірге эмпатияны бастан кешіреді?

  3. Қандай әрекет түрінен эмпатия кәсіби маңызды сапа болып табылады және неге?

Қосымша 10.7.1

Сауалнама

  1. Мені таныс емес адамның басқа адамдар ортасында жалғыз екекнін сезінуін көрсем, қапаландырады.

  2. Маған адамдардың сезімдерін ұстай алмай және ашық көрсетіп жатса, ұнамайды.

  3. Егер менің қасымда біреу күйгелектенсе, менде күйгелектене бастаймын.

  4. Мен бақыттан жылағаңды ақымақтық деп есептеймін.

  5. Мен достарымның қиындықтарын жүрегіме жақын аламын.

  6. Кейде махаббат жайлы әндер менде көптеген сезімдерді шақырады.

  7. Мен қатты алаңдаймын, егер маған басқа адамға оған жағымсыз жаңалық хабарлауым керек болса.

  8. Менің көңіл – күйіме қоршаған адамдар қатты әсер етеді.

  9. Мен адамдармен қарым – қатынаста болатын мамандық алғашқы қалар едім.

  10. Мен адамдардың сыйлық алғанын бақылағанды қатты ұнатамын.

  11. Мен жылап тұрған адамды көрсем, онда менде бұзыламын.

  12. Кей әндерді ести отыра, мен өзімді бақытты сезінемін.

  13. Мен кітап оқығанда (роман, повесть т.б.) шындығында болып жатқандай, қатты алаңдаймын.

  14. Егер басқа біреуге нашар қатынас жасап жатса, мен әрқашан ренжимін.

  15. Егер айналам қиналып жатса да, мен салмақты болып қала аламын.

  16. Маған адамдардың кино көріп отырғанда күрсінуі және жылап отырғандары жағымсыз.

  17. Мен шешім қабылдаған кезде басқа адамдардың пікіріес мен үшін маңызды емес.

  18. Егер айналамдағылар бірнәрсеге алаңдаулы болса, менің рухани тыныштығым бұзылады.

  19. Егер адамдардың тез болмашы нәрсеге ренжитінін көрсем мен қатты уайымдаймын.

  20. Мен жануарлардыңқайғырғанын көрсем, өте бұзыламын.

  21. Кинодан көрген немесе кітапта оқыған нәрселерге уайымдауды ақымақтық деп санаймын.

  22. Мен қамқорсыз қарт адамдарды көргенде өте бұзыламын.

  23. Мен кино көріп отырып, өте уайымдаймын.

  24. Мен кез – келген айналадағыларды толқуларға көңіл аудармаймын.

  25. Кішкентай балалар еш себепсіз жылайды.

Монада” психодиагностикалық жүйесі бойынша компьютер арқылы психологиялық мінездеме құрастыру.



Кірістірілген ескерту. “Монада” психодиагностикалық компьютерлік жүйесі ұзақ жылдар бойы психодиагностика, кеңес беру аймағындағы кадрларды таңдау және іріктеу негізінде құрылады. Психологиялық тесттер компьютерлік бағдарламаларда ұйымдастыру түрінде, бұл жүйе көптеген қызметтерді орындйды.

  • экран мониторында компьютерлік тесттерді сұрақтар мен жауаптарын көрсету арқылы жүргізу;

  • бланкімен тесттілеудің алғашқы нәтижелерін енгізу;

  • бағалау шкаласы және олардың графикалық анализін есептеу;

  • бағалау шкаласы енгізу;

  • тексеру жайлы ақпаратты және көрсеткіштер базасындағы олардың тестілік нәтижелерін сақтау;

  • мінездемегі психологиялық блоктардың бірізділігі және интерпретацияның шкалалар тізімін құру;

  • үш түрдегі толық және қарама – қайшы емес мінездеменің генерациясы (психолог – диагностқа, зерттелушіге, үшінші адам);

  • белгілі биоәлеуметтік белгілері бойынша көрсетілген базадағы адамдарды таңдау;

  • берілген қанағаттанарлық психологиялық белгілерімен көрсетілген адамдар базасын іріктеу;

  • тестілеу нәтижесін интерпретациялау мәтінін басып және экранға беру;

  • жаңа тестілеу әдісі жүйесіне мүмкіндіктер қосу, сұрақтар, жауаптар, кіліті және ұпайларын енгізу.

  • мәтін интерпретациясын, нормасын және қарама – қарсы мәтін интерпретация тізімін енгізу, редакциялау және сақтау.

Кадрлармен жұмыстануда бос орындарға кандидаттарды іріктеу қажеті жиі болып тұрады. Бұл кезде болашақ жұмысшылар қандай психологиялық мінез – құлықты игеру қажеттігі жөнінде талап ету міндетін білу қажет.

Кандидатты бірнеше әдістемелік тестілеу және олардың бағалау шкаласын есептегеннен кейін, барлық кандидаттар ішінен берілген психологиялық қасиетімен бірнеше адамды алуға болады.

Бағдарламаның графикалық құрылымы мынадай түрде болуы мүмкін. (сурет 10.13.1)

Бастапқы мәзір:


  1. Тексеру жайлы көрсеткіш

  2. Әдістемелер құру

  3. Әдістемелік жұмыс

  4. Мінез – құлық генерациясы

Бастапқы мәзірдің режимдер мәзірі:

  1. Тексеру жайлы көрсеткіш:

    1. Биоәлеуметтік белгі бойынша іріктеу және іздеу.

    2. Тексеру жайлы көрсеткішті енгізу және ауыстыру.

    3. Психологиялық бегілері бойынша іріктеу және іздеу.

    4. Тексеру тізімін және көрсеткішін енгізу.

2. Әдістемелерді құру:

2.1. Жауаптар, сұрақтар және кілтін енгізу.

2.2.Әдістеме каталогын редакциялау.

2.3.Нәтижелер интерпретация мәтінін енгізу.

2.4.Интерпретацияда қайшылықты фиксациялау.



  1. Әдістемемен жұмыс:

    1. Тестілік әдістемесін таңдау.

    2. Көрсеткішітерді бланкісімен енгізу.

    3. Дисплейде тестілеу.

    4. Нәтиже анализі.

  1. Мінез – құлық генерациясы:

    1. Генерацияның психологиялық мінез – құлық жоспарын таңдау.

    2. Генерацияның жаңа жоспарын құру.

    3. Қайшы емес сипаттағы генерация.

    4. Толық мінез – құлқын қалыптастыру.









Сурет 10.13.1. Бағдарламаның графикалық құрылымы, 1,2,3,4 – режим бағадарламадағы басты мәзір пункттері; а 1.1, 1.2, ..., 4.3, 4.4 – мәзірге сәйкесті пунктттер.


Диалог ерекшелігі

  1. Ақпараттың экранда көрінуі.
    Экранның жоғары терезесінде үнемі мынадай баптаулар шығып отырады.

    • бағдарлама жұмыс жасап отырған зерттелушінің Ф.И.О. – сы;

    • жұмысқа құрылған жүйенің әдістемелік атауы;

    • психологиялық мінез – құлық генерациясының ағымдағы жоспары.
      Экранның төменгі бөлігінде мыналар шығатын терезе орналасады:

    • «белсенді» терезе немесе операцияны тағайындау;

    • клавиатурамен информацияның енуі бойынша нұсқау;

    • жұмыс жүйесінің барысы жөнінде хабарлама.

Экранның оң жақ бөлігінде олар орындайтын қысқа ғана операцясы білдіретін терезе – клавиша көрсетілген.

  1. Ақпаратты енгізу.
    Диалог таңдау мәзіріне негізделеді: Мәзір иерархиясының екі деңгейіне ие. Бастапқыда сіз мәзірдің 4 негізгі жұмыс режиміне тап боласыз. Кез – келгенін таңдай отыра, сіз келесі сондай 4 режимнен тұратын мәзірге кіресіз. Олардың біреуіне сіз кіре отыра, сіз енді өзіңіздің тапсырмаңыз бойынша белгілі әрекет етесіз. Курсордың (бағыттаманың) басқаруымен клавишаны қолдана отыра, сіз бір терезеден басқасына жылжуыңызға болады. Терезені «белсенді» ету үшін сізге «Enter» клавишасын басу арқылы оған «кіруіңіз» қажет. Толықтай жұмыс жөнінде дәл экранның төменгі бөлігінде «нұсқау» терезесін табасыз.

Сабақ мақсаты. «Монада» психодиагностикалық жүйе арқылы таныса

отыра, психологиялық сипаттама алу.


Материалдар (жабдықтандыру). Компьютер, «Монада» психодиагностикалық жүйе.
Жұмыс тәртібі

  1. «Монада» психодиагностикалық жүйені жіберу (MONADA каталогында жіберілген файл ps.bat).

  2. Биоәлеуметтік белгілерді жүргізу (Ф.И.О. жынысы, туған күні, жылы, айы, білімі, т.б.) Ол үшін:

  • басты мәзірдегі «Тексеру жайлы көрсеткіш» пунктін таңдау;

  • келесі мәзірде «Тексеру жайлы көрсеткішті енгізу және редакциялау» пунктін таңдау;

  • «Жаңа» белсенді операцияны жүргізу және тексерушінің био - әлеуметтік белгілері жөнінде бос жол ақпаратты жүргізу;

  • «Жазу» операциясын таңдау;

  • «Шығу» операциясын орындай отыра, басты мәзірге қайта келу.

  1. Бес әдістеме бойынша экран мониторын тестілеу турынан өтеді (16 факторлы Кеттел сауалнамасы, ОСТ, РОI, бақылау локусы, Тейлордың үрейлену шкаласы). Ол үшін:

  • басты мәзірден «Әдістемемен жұмыс» пунктін таңдау;

  • келесі мәзірде «Тестілік әдістемені таңдау» пунктін таңдау;

  • каталог пен бірге терезеге «еніп», «Толық тізімді таңдау»көрші терезеден көрсетілген каталогтардың қосылуымен әдістемелер тізімі шығады;

  • әдістемені таңдау;

  • ол режимнен шығу үшін «Шығу» операциясын қолдану;

  • мәзірде «Дисплейді тестілеу» пунктін таңдау және таңдалған әдістеме бойынша тестілеуден өту;

  • операцияны жалғастыра отыра, қалған 3 әдістеме бойынша жүргізу.

  1. Мінездеме алу. Ол үшін:

  • басты мәзірден «Генерация мінездемесін таңдау»;

  • келесі мәзірде «Генерациялық мінездеме жоспарын таңдау» пунктін таңдау;

  • мінездемеде қалыптасқан генрация жоспарын таңдау (шкала тізімін және таңдалған жспардағы психологиялық блок салдарын келесі сәйкесті терезеден көруге болады), содан кейін режимнен шығу қажет;

  • «Генерацияның толық мінездемесі» пунктін мәзірден таңду;

  • сіз қандай мінездеме түрін қамтитындығыңызды көрсете отыра, (толықтай экранның төменгі бөлігінен ала аласыз) «Enter» клавишасын баса отыра, таңдалған мінездеме генерация басталады.

  • мінездемені ішкі файлға сақтауға «қорытынды» операциясын таңдау және мінездеме жазылған файлға атау жүргізу. Файл каталог ішіндегі ТХТ каталогына сақталады.

  1. Кез – келген мәтінді редакторда алынған мінездеме мәтінін жазу үшін дайындау және жабдықтау.


Тартылу деңгейін бағалау
(В.К.Гербачевский)

Кірістірілген ескерту. Адамның тартылу деңгейі деп, оның алдына қоятын мақсаттарының қиын деңгейіне қарй көрінетін қажеттіліктері, мотиві және бағыттары ретінде түсініледі. Тартылу деңгейі әдетте мынадай схема эксперимент көмегімен бағаланады: бір тестті тапсырмалардың қиындық дәрежесіне қарай бөлінеді және сыналушыға кез – келген қиындық деңгейіндегі тапсырмалардың белгілі бір санын орындау үшін біртіндеп таңдау ұсынылады. Мұнда эксперимент әдетте интеллектіні сынау ретінде көрінеді. Адамның тартылу деңгейі туралы олардың таңдаған тапсырмаларын орташа қиындық деңгейімен бағаланады. Эксперименталды схеманы пайдалану мүмкіндігі тартылудың жалпыланған деңгейіне жорамалға негізделіп, оның ерекшелігіне тәуелсіз әрбір адамды өзіне тән тартылу деңгейі қалыптасады. Бірақта тартылу деңгейінің шын мәніндегі жалпыланған мәліметтерімен қатар, оған қарама – қарсы сипаттағы фактілерде кездеседі. Мысалға: эксперименталды тапсырмада адамда қалыптасқан тартылыс деңгейі, оның әдеттегі кәсіби қызметіндегі тартылыс деңгейімен өзгешеленеді. Бұл мінездеме оның құрылуы мен дамуының нақты тарихының ықпалын көрсетеді және тек ішкі емес, сонымен бірге сыртқы жағдайларға байланысты.
Сабақ мақсаты: Мотивация сауалнамасымен танысу.
Жабдықтау: Мотивациялық құрылымның компоненттерін диагностикалауға арналған тартылыс деңгейімен байланысты тікелей қызмет үстіндегі сауалнама бланкісі.

Жұмыс барысы: Сауалнама, мысалы, оқу тапсырмасын орындау үстінде толтырылады. Экспериментатор барлық білім алушыларға ортақ, оның орындалуында қандай да бір кезеңін бектеді және осы кезеңді аяқтау кезінде сауалнаманың сұрақтарына жауап беруді ұсынады. Оқу тапсырмасын орындау басында экспериментатор мәтіні бар бланкіні таратады және мынадай нұсқаумен сауалнамамен жұмыс жасаудың тәртібін түсіндіреді: «сізге ұсынылған тапсырманың бекітілім кезеңін аяқтағаннан кейін, сіз сауалнама мәтіні бар бланкіні алып, нұсқауды мұқият оқып, жауап беруге кірісіңіз. Есіңізде болсын сұрақтар тапсырманың орындалған бөлігіне келген кезде байланысты, бірақта бөлімнің қалған бөлісімен жұмыс жасау керек. Сауалнама тәртібі кезінде бланкіде келтірілгендердің әрқайсысына ретімен оқисыз және сіз онымен қандай дәрежеде келісесіз немесе келіспейтіңізді шешесіз». Осыған байлынысты, сіз бланкінің оң жағындағы мына цифрлардың біреуін дөңгелектейсіз: егер сіз, толығымен келіссеңіз «+3»; егер келіссеңіз «+2»; егер келіспегеннен гөрі келіссеңіз «+1»; егер мүлдем келіспейтін болсаңыз «-3»; келіспесеңіз «-2»; егер келіскеннен гөрі келіспесеңіз «-1», ең соңғысы егер сіз жоғардағымен не келісе алмасаңыз немесе оны жоққа шығара алмасаңыз «0» қоясыз. Бұл айтылғандардың барлығы тапсырмамен жұмыс үзілген кезде не ойнайтыңызға, не сезетіңізге немесе қалауыңызға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет