Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Тақырып: Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің дамуы



бет32/87
Дата06.02.2022
өлшемі1,69 Mb.
#35799
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87
Тақырып: Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің дамуы.
Мақсаты: Қазақ ғалымдарының психологиялық ой-пікірлерімен танысу, Қазақстандағы психология ғылымының даму жағдайын қарастыру.
Мазмұны:

  1. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің қалыптасып дамуы.

2. Психологияның ғылым ретіндегі алғашқы бағдарламалары.
3. Қазіргі заман психологиясының құрылымы.(салалары)
Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің қалыптасып дамуы.
Заманымыздың ұлы ғалымы, аса көрнекті қайраткері Альберт Энштейн (1879 – 1955) швейцариялық психолог Жан Пиажеге (1896 – 1980) жазған бір хатында: «Менің физикама қарағанда сіздің психологияңыз әлдеқайда күрделірек сияқты, адам аралық қарым-қатынастардың өркениеті болған ХХІ ғасыр психология ғасыры болуы тиіс» деген екен. Жаңа, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан адамзат ғылым-білімді, адамның қоршаған ортамен, табиғат үндестігін танып отырған бүгінгі таңда психология ғылымының ерекше маңызға ие болатыны даусыз. Яғни, психология ғылымынсыз өркениеттің өріне еркін қол соза алмайтынымыз да шындық.
Қырықтан астам саласы бар, адамның жан дүниесінің сан алуан қыры мен сырының заңдылықтарын қарастыратын психология ғылымы адам баласы араласқан тіршіліктің барлық саласына еніп, барша жұрттың қажетті білімінің біріне айналып отыр. Осынау рухани қажетіліктің әсерінен ТМД елдерінде ғылымның бұл саласы түрлі сатыдағы оқу орындарында (жалпы білім беретін орта мектеп, лицей, колледж, гимназия т.б.) оқытыла бастады.
Көрші Ресей елінде психология пәні орта мектептердің барлық сыныптарында оқытылатын негізгі пән болып отыр.
Әрине, әлі де оқу бағдарламасына енбеген аталмыш пәнді Қазақстанда оқытудың қазіргі кезде өзіндік қиындықтары да баршылық. Бұларға ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып жазылған төл оқу құралдарының жоқтығын, осы пәнді оқытатын арнаулы мамандардың тапшылығын, оқыту әдістемесінің әлі толық жасалмай жатқандығын айтып өтуге болады.
Ал, біздің тақырыбымыз, психология ғылымының Қазақстанда даму жолына келетін болсақ, елімізде іргелі ғылыми зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Әрине, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының жаюына бірсыпыра алғышарттар сонау ерте замандардан (Әл-Фараби, Абай, Шәкәрімнің психологилық ілімдері) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20-жылдарда (М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектері) біршама жасалған болатын. Мысалы, Бөкей Ордасында шыққан «Мұғалім» журналында (1919) Ғ.Қарашевтің бірнеше пәлсапалық, психологиялық сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың «Мектепке дейінгі тәрбие» (1923), «Ана мен бала» деген кітаптарында да адамның жан қуаттары жөнінде сөз қозғалған еді. Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда кейіне сол кездегі КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі болған профессор В.Я.Струмскийдің «Психология» кітабының жарық көруі айтақаларлықтай оқиға болды. Осы кезде П.Н.Архангельскийдің «Жұма оқулары» («Мектептегі психологиялық зерттеулер») дейтін шағын еңбегі қазақ тіліне ықшамдалып аударылды. Сол жылдары қазақтың біртуар ғалымдары, қайраткерлері А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытав, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов т.б. педагогика және психология саласында төлтума еңбектер жазды.
Отызыншы жылдары қазақ психология ғылымының жекелеген мәселелері Ә.Сыдықовтың (1898-1983), С.Қожахметовтың (1910-1945), С.Балаубаевтің (1902-1972) педагогикамен астарласа жазылған біршама кітапшалар мен мақалалары жарық көрді.
Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейін психологиялық мәні терең іргелі, қомақты еңбектер жарияланған жоқ. Өйткені бізде осы ғылымның теориялық жақтарын насихаттайтын ғалымдар ол кезде саусақпен санарлық еді. 1938 жылы Т.Тәжібаев Ленинградтан диссертация қорғап, Алматыға оралған кездент бастап психологиялық тақырыпқа жазылған төл еңбектер жиі көріне бастайды.
Қазақстанда 1935-1948 жылдар арасында аты бүкіл әлемге әйгілі, Ресейдегі педагогикалық психалогияның негізін салушылардың бірі, профессор А.П.Нечаев елу жылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен, аты айдай әлемге белгілі ғалым еді. Ол елуден асқан кітаптың, жүзден асқан ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы» (1908), «Кітапхана ісінің психологиялық мәселелелері» (1922), «Дене тәрбиесінің психологиясы» (1927), «Шахмат ойынының психологиясы» (1928), «Техникалық өнертапқыштарының психологиясы» (1928), «Ес және оны тәрбиелеу» (1930) т.б.
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған басқа факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканыңкейбір облыс орталықтарында Ресей, Украйна т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткен. Психология ғылымының өкілдері ҚазПИ-де профессор психолог М.П.Рубинштейн, Қызылордада – украин психологы, академик Г.С.Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник т.б. жұмыс істеді. Республикада психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдарда қарқынды дамыды. Мысалы, 1947 жылы ҚазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1947-1953 жылдары Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. Психолог кадрларды даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. Осыкезде ҚазПИ мен ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.
Республикада психология саласында алғаш диссертация қорғаған ұлт кадрлары – Е.Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқановтар болды. 1952 жылы Қазақ университетінің ғылыми кеңесінде Е.Суфиев «Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» атты тақырыпта диссертация қорғады. Ол еңбегінде И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негізделген, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын (қабылдау, зейін, ойлау) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныстар береді.
Осы жылдары республиканың психология ғылымы саласындағы орайлас басқа да диссертациялар қорғалды, жеке еңбектер жарық көрді. Қазақтың Абай атындағы пединститутының ғалымдары халқымыздың интеллект, ақыл-ой ерекшеліктерін этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан зерттей бастады. Мысалы, «Хат танымайтын адамдардың затты топтастыруының ерекшеліктері» (В.В.Ставкин), «Жұмбақты шешудің психологиясы»(Қ.Нұрғалиев), «Айтыс өнері мен мақал-мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшелігінің көрінісі»(М.Мұқанов) зерттелді. Кейін жазылған еңбектер қатарына Ш.Бәймішеваның «Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары», М.Мұқановтың «Қабылдау мен есті микроструктуралық талдау», Б.Есенғазиеваның «Силлогизм және ойды психологиялық талдау», Қ.Шернияздаеваның «Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері» т.б. зерттеулерді жатқызуға болады. Психологияның жекелеген салалары бойынша бірнеше монографиялар жарық көрді. Олардың кейбірі: М.Мұқанов «Педагогика психология очерктері» мен «Ақыл-ой өрісі»,Н.Нажділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты», Ө.Жөкебаевтің «Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досболовтың «Алдын-ала тергеудің психологиясы», Н.Фелифоровтың «Басқарудың әлеуметтік-психологиялық негіздері», В.Яковлевтің «Діндардың жан дүниесі», Ә.Алдамұратовтың «Қызықты психология», Р.И.Илешованың «Медициналық психология» т.б. Осы жылдары профессор Қ.Жарықбаев психологиялық еңбектер жариялауда өндіре әрекет етті. Оның қаламынан 1960-1990 жылдар арасында «Психология» (1962), «Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі туралы» (1968), «Әл-Фараби» (1978), «Аталар сөзі – ақылдың көзі» (1980), «Ұстаздық еткен жалықпас» (1987), «Ақылдың кені» (1991) т.б. Соңғы жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму жолдарын көрсететін диссертациялар қорғалып, бірнеше төлтума еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына В.Чистовтың «Әбу Насыр әл-Фарабидің психологиялық мұрасы» (М;1989), К.Шәймерденованың «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» (А; 1991), К.Ыбыраеваның «Мұхтар Әуезовтің педагогикалық көзқарастары» ( А; 1991), А.Ақажанованың «Қазақстанда жас және педагогикалық психологияның дамып, қалыптасу» атты диссертацияларын жатқызуға болады. Қазірде Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың тәлім-тәрбиелік мұралары зерттелуде, бұлардың психологиялық көзқарастары жайлы бірнеше еңбектер жарияланды. 1988 жылдан бастап


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет