Психологияның ғылым ретіндегі алғашқы бағдарламалары. Психологияның жеке ғылым ретіндегі алғашқы үлгісі В.Вундттың физиологиялық психологиясы болды. Өз зерттеулерін ол Гейдельберг университетінде қабылдау саласында жүргізді. Бұл зерттеулер барысында «Қабылдау теориясының очерктері» деген еңбегін (1862 ж) жарыққа шығарады. Бұл очерктерде В.Вундт психологияның ғылым ретіндегі идеяларын дамытады. 1863 ж. «Адаммен жануарлардың жан дүниесі туралы лекциялар» еңбегінде В.Вундт эксперимент әдісімен қатар адам жан дүниесінің өнімдерін талдау әдісін қолданғанын жазады.
Бұл идеалар кейін халықтар психологиясының дамуына әсер етеді. Сонымен 60 ж.ж бас кезеңіне қарай екі әдісті біріктіретін психологиялық бағдарлама құрылады – эксперименталды және мәдени-тарихи. 1874 ж. «Физиологиялық психология» еңбегінде В.Вундт психологияның жеке ғылым болып қалыптасуының бастауы болды. 1875 ж. бастап В.Вундт Лейпциг университетінде жұмыс істейді. Осында 1879 ж. ол психологиялық лаборатория ашады, осы лаборатория базасында 2 жылдан соң эксперименталды психология институты ашылады. Бұнда атақты Э.Крепелин, Г.Мюнстенберг, О.Кюльпе, Т.Липпс, Ф.Крюгер, Э.Титченер, К.Холл, В.М.Бехтерев, Н.Ланге т.б. білім алады. Сөйтіп жеке ғылым ретіндегі психология тарихы басталатын Вундт мектебі пайда болады.
1896 ж. «Психология очерктері» , 1911 ж. «Психологияға кіріспе», 1900 ж. бастап 10 томдық «Халықтар психологиясы» еңбегінің авторы
В.Вундт 420 еңбекпен мақалаларды жарыққа шығарады. 1920 ж. 31 тамызда дүниеден өтті.
Психологияға В.Вундт ұсынған бағдарламасы масштабты және практикалық психологияның барлық мәселелерін қамтыды – қарапайым түйсіктерден мәдениет мәселелеріне дейін.
В.Вундттың тарихи маңызды әрекеті бұл психологияға экспериментті енгізуі және эксперименталды психология институтын ұйымдастырғандығы болды.
В.Вундтпен қатар Ресейде психологияны құру бағдарламасымен И.М.Сеченов айналысты. И.М.Сеченов Петербургтегі әскери инженерлік училищені аяқтап, кейін Мәскеудегі медицина университетіне түседі. Кейін ол қиын психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған еңбектерін жүзеге асырады. И.М.Сеченов еңбектері нәтижесінде психологияның ғылым ретіндегі міндеттері анықталады және психика туралы жаңа көріністердің пайда болуына әсер етеді. И.М.Сеченовты Кеңес психологиясының негізін салушы деп санауға болады. Оның психология туралы маңызды еңбектері : «Бас ми рефлекстері» (1863), «Кімге және қалай психологияны өңдеу керек» (1873), «Ой элементі» (1878) т.б. Орыс тарихын , этнографиясын, құқығын зерттеу Константин Дмитриевич Кавелинді тұлға мәселесін және қоғаммен өзара қарым –қатынасын зерттеуге әкелді. Бұл мәселелердің шешімін ол психология мен этикадан іздеуге кірісті. Сол кездегі психологияны К.Д.Кавелин қате деп бағалап, «Психологияның міндеттері» деген еңбегінде психологияға өзінің түсінігін ашып айтты. Сонымен И.М.Сеченовтің бағдарламасыжаратылыстық-ғылыми материализмге шоғырланған және оған тарихи шектеулілік тән.