Естің негізгі механизмдері. Көптеген адамдар естің жұмысын «шаң-шаң» фактілер сақталатын жер деп ойлайды. Ал, шындығында ес – бұл ақпаратты алып, оны сақтап, жүйелеп ең алдымен кодтап отыратын жер.
Естің жұмысы компьютер жұмысына ұқсас болып келеді. Алынған ақпарат ең алдымен кодталады немесе қолданбалы түрге айналады. Бұл қадам компьтерге мәлімет енгізгенге ұқсас болып келеді. Бұдан кейін ақпарат сақталады. Сақталған ақпаратты керек уақытта біз қайта жаңғырта аламыз. Егер 9856 психологиялық терминді жаттап алғымыз келсе, оны ең алдымен кодтау керекпіз содан кейін ғана қайта жаңғырта аламыз.
Механизмдері :
Келген Сенсорлы таңдаулы қысқа мерзімді ұзақ мерзімді
ақпарат ес зейін ес ес
Сенсорлы ес – мысалы, сіздің досыңыз бір нәрсе сатып алып келуді сұрайды. Келген ақпарат алғашында сенсорлы есте болып, бірнеше секундтан кейін мұнда естіген немесе көргеннің дәл көшірмесі сақталады. Мысалы, гүлге қарасақ, көрген сурет біздің көз жұмғанда көз алдымызда тұрады. Дәл осылай біз естіген ақпарат сенсорлы есте жаңғырық түрінде екі секундтай сақталады. (жаңғырық – бұл есту жүйесінің қысқа мерзімді қозу периоды). Бірақ ақпарат ұзақ сақталмай 2- ші жүйеге өтеді.